Әлеуметтік-педагогикалық жобалар. Әлеуметтік-педагогикалық жобалау дегенде педагогикалық құралдар арқылы әлеуметтік үдерістерді, құбылыстарды, жағдайларды өзгерту мүмкіндігі түсіндіріледі. Әрбір әлеуметтік-педагогикалық жоба өзіндік қоғамдық миссияға (мағынаға) ие. Ол қоршаған әлеуметтік ортаны өзгертуге және жоба қатысушыларының ортақ сапасына қатысты өзіндік анықтауды қажет ететін әлеуметтік болжау мен алдын ала көру негізінде пайда болады. Оның мақсаты әлеуметтік ортада позитивті өзгеріске әкеле алатын педагогикалық ұйымдасқан әрекеттер жүйесі көмегімен иницииррование болып табылады әлеуметтік-педагогикалық жобаның өзіндік контексі әлеуметтік серіктестік қатынасын қалыптастырады. Бұл жағдайда әлеуметтік серіктестік әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік күштердің, әр түрлі жастағы және әлеуметтік деңгейдегі адамдардың жобалық іс әрекетте еркін және тең құқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.
Бұл түрдегі жобалардың педагогикалық әлеуеті қатысушыларды әлеуметтендіруге, жағдайларға саналы бейімделуге; қоршаған әлеуметтік кеңістікпен өнімді өзара әрекеттесу білігін қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың дамуына қарай субьектілердің жаңа түрлері мен әлеуметтік белсенділіктің инновациялық формалары пайда болады, ол демократизацияның көрсеткіші бола алады. Тек қана білім беру кеңістігі шеңберінен шыға алатын, жоба шеңберіндегі жобалық іс әрекеттің барысы мен нәтижесін презентациялау кең мағынаға ие болуы мүмкін. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарын және әр түрлі әлеуметтік, компютерлік желілік байланыстарды қарату маңызды.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалар қоршаған ортаны педагогикалық элементтермен құнарландыра отырып, ортаға белгілі жағымды әсер етуге қабілетті.
Әлеуметтік-педагогикалық жоба шеңберінде іс-әрекет логикасы жобалаудың ортақ логикасына сай келеді бірақ, мәселелілік, концептуализация, мақсаттылық және тағы басқа жобалық процедуралармен байланысты әрекеттер әлеуметтік ортамен, кең мағынадағы білім беру кеңістігімен өзара әрекеттесуді белсендендіруге бағытталған.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың типтік мысалы ретінде балалар және жастар клубтарымен, өмір сүру орындары орталықтармен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен байланысты жобалар жатады. Олардың өнімдері балалар бірлестіктері іс-әрекетінің бағдарламалары, мектептегі және мектептен тыс ұйымдардың жұмысының жаңа бағыттағы жобалары клубтық жұмыстар жобалары, қоғамдық жұмыс пен қоғамдық акциялардың сцинариі жатады. Осындай жобалардың бірнешеуін қарастырайық.
«Мен жауаптамын...» атты жобаға ірі волгалық қаланың балалық қоғамдық ұйымдарының біреуіне кіретін балалар бірлестігінің мүшелері, бірлестіктің потенциялды мүшелері болып табылатын 7 – 10 жастағы оқушылар, сонымен қатар, ересек халықтың әр түрлі категориядағы өкілдері қатысты. Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің әлеуметтік маңызды іс әрекетін белсендендіру. Жобаның міндеттері – жас өспірімдерде әлеуметтік позетивті түрткілерді қалыптастыру мен, өзіне және қоршаған ортаға жауапты қатынасты тәрбиелеумен; жасөспірімдерді әлеуметтік маңызды іс- әрекетке ендіру жағдайларын жасаумен; жасөспірімдердің ұйымдастырушылық қабілеті мен ұжымдық қасиетін дамытумен байланысты. Балалар бірлестігінің әр қайсысы таңдалған бағытпен (журналистика, рақымшылық, экалогия, ойын, құқық, экономика) өз бетінше іс-әрекет бағдарламасын жасады.
Аталған жобадағы жиналған субьектілердің спецификалық түрлері болып ересектер палатасы (балалар бірлестігін басқарушылар) және балалар палатасынан тұратын екі палаталы парламент; үлкен вожатыйлардың әдістемелік бірігуі, тренинг топтар әлеуметтік жетістік мектебінің секциялары, достар кеңесі, командирлер кеңесі, жобалық орталықтар, психологиялық жұмыс.
Үздіксіз білім беру жүйесіне қатысты әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мысалы.
«Санкт-Петербургтегі Европа Үйі» қоғамдық ұйымымен жасалған «Ересектерді білімдендіру аптасы» жобасының әлеуметтік миссиясы Ресейдегі адамдардың көп мөлшерін ересектерді білімдендіру тәжірибесіне араластыру болып табылады. Алғашында жобалық топ ғалымдармен бірге әр түрлі Европа елдерінен алынған аналогиялық мерекелерді өткізу тәжірибесін зерттеумен ұзақ уақыт айналысты. Бұл тәжірибе негізінде осындай жобалардың сәттілігін қамтамасыз ететін, барлық елдер үшін ортақ элементтер анықталды. Олардың ішінде:
Қатысушы-ересек пен ұйымды, «Аптаны» өткізудің әлеуетті серіктестерін арнайы мотивациялау қажеттілігі;
Акцияның кең қоғамдық дыбысталуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату;
Әлеуметтік серіктестік жүйесінде әр түрлі деңгейлі және сала аралық байланыс орнату;
Қоғам алдында беделін көтеру үшін білім беру мәселесі бойынша саяси қайраткерлерді дебаттарға араластыру;
Жобаны әр түрлі қаржылық қолдау формаларын біріктіру;
Ересек оқушылардың жетістігін мойындау ситуацияларын мақсатқа бағдарланған түрде құру.
Ресей аудандарының қатарында қалыптасқан, ересектерді білімдендіру ситуацияларын анализдеу мен қорытындылау негізінде «Ресейдегі ересектерді білімдендіру аптасы» жобасы жасалды. Жобаны жүзеге асыру үшін Халықаралық ересектерге білім беру институтының педагогтар мен білім беру мекемелерінің басқарушыларына арналған форманы қолдануға шешім қабылданды. Арнайы поезда ересектерді білімдендіру бағыттары мен әр түрлі формалар өкілдері «Жалпы әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарылату курсын өту ойластырылды. Санкт-Петербург -Владивосток маршруты жоба қатысушылары ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік мұралар нысандары қатарына енген елдің мақтанышын көре отырып, ересектерді оқыту ұйымдарының аймақтық тәжірибесімен пораллелді танысатындай етіп жасалған.
Жоба кең әлеуметтік контекстпен, белсенділіктің тармақталған құрылымымен ерекшеленді, себебі онда әр түрлі аймақтар мен елдімекендер, әлеуметтік серіктестіктер, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, бизнес- құрылымдар қатысты. Ересек халықты оқытудың қазіргі көптеген түрлері мен формалары көрсетілді. Жоба шеңберінде ересектерді білімдендірудің әр түрлі аспектілері мен андрогогика бойынша ғылыми-әдістемелік және арнайы әдебиеттер көрсетілді, «Ресейдегі ересектерді білімдендіру» тақырыптық жиынтық дайындалды. Қорытындыға келген соң, «Апталықты» өткізу салтын жалғастыру шешілді, ол үшін міндеті темір жолдық емес, теңіздік маршруттың жаңа нұсқасын өңдеу болып табылатын жаңа жұмыс тобы қалыптасты.
Бұндай масштабтағы әлеуметтік-педагогикалық жобалар бір жағынан, кең қоғамдық резонансқа, екінші жағынан - оларға қатысу нақтылы адамдар өмірінде естен кетпейтін жағдай болды, әлеуметтік-педагогикалық белсенділіктің жаңа түрлерін меңгеруге импулс беруге есептелген. Бұл жағдайдағы жобалау іс-әрекеті мағынасы бойынша бірнеше әр түрлі бағыттарға бөлінеді: бұл әлеуметтік-педагогикалық зерттеу, менеджмент негізінде құралдарды іздеу, потенциалды әріптестермен өзара әрекеттесу, қоғамдастықпен байланысты ұйымдастыруды қосатын жоба алды зерттеуді ұйымдастыру; педагогикалық мазмұнды өңдеу; алдын ала ұйыммен ғылыми- әдістемелік жұмыс; маршруттағы жұмыс. Бағыттардың әр қайсысы әрекеттерді болжамдық өңдеуді және кеңістікпен уақыттағы нақтылы коорденацияны талап етеді.