Данте бұл поэмасындағы алғашқы өлеңінде өзінің ну орманда адасып кетіп,үш аң-
арыстан, қасқыр жəне пантераның қоршауында қалады. Осы қоршаудан Дантенің
Беатриче жіберген Виргилий құтқарып алып шығады. Поэманың алғашқы өлеңі бастан
– аяқ аллегориясы толы.
Моральдық-религиялық негізден өзге “Құдіретті комедияның” көптеген
образдары мен ситуациялары саяси негіз де байқалады. Алайда, моральдық
религиялық жəне саяси мағына аралығындағы қарама-қайшылық екі ұлы тарихи
дəуірдің арақатынасын көрсетеді.
Бұл ұлы поэма “Құдіретті комедияның” халықтығын Дантенің замандастары
мойындайды. Бірақ сол дəуірдің ұлы оқымыстары Дантенің итальян тілінде
жазғандығына қарсы болып, латын тіліне көшуді ұсынады. Өз оқырмандарының кең
көлемде басуы үшін бұл кеңесті мақұлдаған жоқ.
Кан Гранде делла Скалаға жазған хатында Данте итальян тілі туралы “ол- халық
тілі, итальян тілінде тіпті əйелдер де сөйлеседі” – дейді. Итальян оқымыстыларына
қарағанда Дантенің поэмасын итальян халқы жоғары бағалап, аса зор
сүйіспеншілікпен
оқитын
туындыларының
біріне
айналдырды.
“Құдіретті
комедиясындағы” автор образын оның тірі кезінде –ақ ел арасында түрлі аңыздар
тарады. Дантенің өлімінен кейін комментарийлер мен еліктеулер пайда бола бастайды.
XIV ғ. “Комедияның” терциндері алаңдарда жырлана бастайды. Сонымен поэманы
публикалық таңдаулар басталады. Данте туралы алғаш болып публикалық лекция
оұыған комментаторлардың бірі Боккаччо болды. Боккаччо Италияда күні бүгінге
дейін сақталып келе жатқан традицияны ойлап тапты. Дантенің халық құрттай
қабылдап, итальян халқының өзіндік барометріне айналған поэмасы сол халық үшін
жазылған болатын.
Достарыңызбен бөлісу: