Әбілқасым Жанайдар
2 «в» сыныбы
Жайлауда
Жайлауда менің атам тұрады. Жайлайда менің атым және күшігім бар. Атымның аты Ерлан, күшігімнің аты Көксерек. Мен Ерланмен бәйгеге қатыстым. Ерлан жеңді. Ерлан мен Көксерек үшеуіміз қасқыр аулауға бардық. Сиырдың сүтінен айран, құрт, ірімшік жасайды. Біз әжемізге құрт жасауға көмектестік. Жайлауда болсаң көп нәрсе білесің.
Тұрсынәлі Маржан
2 «в» сыныбы
Көктем келді
Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Маған осының ішінде көктем мезгілі ұнайды. Ұзаққа созылған қыс мезгілі өтіп, көктем келеді. Көктемде қар еріп, ағаштар бүршік атып, бізді қоршаған табиғатқа жан біткендей болады. Құстар сайрап, аулада ойнап жүрген балалардың күлкісі, ауласын жинастырып, гүлдендіріп жатқан адамдар, маған сондай қуаныш әсерін сыйлайды. Көктем айларында аталып өтетін мерекелерді де ұнатамын. Көктем мезгілі адамға көтеріңкі көңіл күй, қуаныш сыйлайды. Сол үшін де, мен көктем мезгілін жақсы көремін!
Достарыңызбен бөлісу: |