Әскербек Жансая
3 «а» сыныбы
Мемлекеттік тіл
Әр ұлттың өз тілі болады. Мысалы ағылшын тілінде ағылшынша сөйлейді. Орыстар орысша сөйлейді. Және басқа да тілдер болады. Өз тіліңді мақтан ет. Өз тілін білмеген адам ақылды емес, жаман адам. Қазақ тілін жақсы білген адам ақылды. Және ол өз тілін мақтан етеді. Менің өз тілім - қазақ тілі. Барлық адам өз тілін білуі тиіс.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - дегендей өз тілімізді біліп жүрейік.
Хасенова Аружан
3 «а» сыныбы
Мемлекеттік тіл
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ана тілімізді біз білуіміз керек. Қазақ тілі өте әдемі тіл. Біз қытай, ағылшын, француз тілдерін білсек, те өз қазақ тілімізді ұмытпауымыз керек. Біздің қазақ тіліміз өте әдемі, көрікті, бай тіл. Әр халықтың өз тілі бар.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деген тақпақ бар. Мен ешқашан өз қазақ тілімді ұмытпаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |