Нұрғман Ақтілек 4«а» сыныбы Шығарма Күз Күз келді. Даладағы жапырақтар сарғайып жерге түсті. Адамдар егіндерін жинап алды. Ал құстар жылы жаққа ұшып кетті. Күзде адамдар жылы киінеді. Күз маған ұнайды және ұнамайды. Ұнайды өйткені күз жақсы, күзде менің әкемнің туған күні. Ал ұнамайтыны күн суытады, жаңбыр жауады. Күзде көп мерекелер бар. Мысалы: Алтын күз және тағы да басқа мен білмейтін мерекелер бар. Мен қыс мезгіліне қарағанда күзді ұнатамын. Мен күзді жақсы көремін. Күзде балалар мектепке барады. Ал күздің ең бірінші күні “Білім күні”. Және екінші айдың ең бірінші жексенбісі “Мұғалімдер күні“. Мен күзді сүйемін!