Шығарма Күз Айналаға алтын күз келді. Қанаттарын қағып, құстар кетті. Егіндер пісіп, адамдар астықтарын жинап алды.
Күз өте ерекше мезгіл. Күздің үш айы бар: қыркүйек, қазан, қараша. Оқушылар күзде бір-бір шоқ гүлдерін алып мектепке барады.
Күз өте ерекше мезгіл. Өткені жапырақтар сап-сары болып кетеді. Мен күз мезгілін өте қатты жақсы көремін.
Құрал Аяжан 4 «г» сыныбы
Сүйікті Отаным Мен өскенде Отаныма қамқор боламын. Бұрынғы ата-бабаларымыз Отанымыз үшін өз өмірлерін қиды. Ол кезде жауапкершілік жиі болып тұратын ал қазір бізде жоқ. Ал ол кезде немістер біздің жерімізді тартып алғысы келді. Бірақ біздің батыр аға-әпкелеріміз Отанымыз үшін жанын қиюға әзір болды. Мен де өскенде өз Отаныма қызмет еткім келеді. Батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы Отанымыз үшін немістердің азабына төзді. Отан үшін отқа түс, - деген Бауыржан атамыздың мақалын барлық қазақ баласы біледі. Немістер біздің жерімізге қанша рет соққы берді. Бірақ аға-әпкелеріміз төзді. Немістер біздің жерімізді тартып ала алған жоқ. Бұның бәрі батыр аға-әпкелеріміздің арқасы. Немістермен шайқасып өз Отанымызды қорғап сақтап қалды. Мен де өскенде өз Отанымды аман алып қаламын. Ал қазір мен кішкентаймын.