Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма Жағдаятты оқып, ҚР Еңбек кодексіне сүйене отырып, еңбек дауларын шешу жолдарын көрсетіңіз.
Тапсырма
Жағдаятты оқып, ҚР Еңбек кодексіне сүйене отырып, еңбек дауларын шешу жолдарын көрсетіңіз.
А. қалалық сотында Б-ның «Ф»-ке қарсы еңбек ақыны және өсімпұлды өндіру туралы азаматтық ісі қаралған. Талапкер сотқа арызбен жүгініп, еңбек шарты негізінде 2013 жылдың тамыз айынан бастап «Ф»-те жаттықтырушы қызметін атқаратындығын көрсеткен. Талапкерге атқаратын жұмысы үшін 200 000 теңге көлемінде еңбек ақы бекітілген.Талапкердің айтуынша талапкер өз еңбек міндеттерін орындаған, ал жауапкер оған уақытылы еңбек ақысын төлемеген, осы жағдай еңбек ақысы бойынша 800 000 тенге көлеміндегі қарызға әкеп соққан.
Жоғары айтылғандардың негізінде талапкер жауапкерден еңбек ақы бойынша қарызды өндіруді сұрайды
Шешу жолы:
|