ҚР ҚН 3.01-05-2013 16
сақтауға арналған, объекті маңындағы (объектінің немесе объектілердің тобының
қасында), өзге де тұрақтар (жүк, ауысу ж.б.) сияқты түрлерін қарастыру керек.
5.12.21
Автотұрақтарды қалалық жолаушылар көліктерінің аялдамасының
аймағында орналастыруды жобалауға жол берілмейді.
5.12.22 Автотұрақ алаңдарындағы кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті
тізбесіне: жабынның қатты түрлері, беттерді жанастыру элементтері, бөлетін элементтер,
жарықтандыру
жә
не ақпараттық жабдықтары жатады. Автокөліктерді ұзақ сақтайтын
алаңдар аспалармен, бокстардың жеңіл қоршауларымен, қарау эстакадаларымен
жабдықталуы мүмкін.
5.13 Жаяу жүргіншілерге арналған коммуникация 5.13.1 Жаяу қозғалыс коммуникациялары қала төңірегіндегі жаяу қозғалыс пен
коммуникацияны қамтамасыз етеді. Жаяу қозғалыс коммуникацияларына тратуарлар,
аллеялар, жолдар, соқпақтар жатады. Қала төңірегінде жаяу қозғалыс алаңдарын
жобалауда қамтамасыз ету керек: көлік қозғалысы жолдарымен мүмкіндігінше аз
түйісулер жасау, жаяу қозғалыс коммуникациясының үзіліссіз жұмысын, адамдардың
соның ішінде мүгедек
жә
не халықтың қимылы шектеулі тобының қауіпсіз, кедергісіз,
ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету. Жаяу қозғалыс жүйесінде негізгі
жә
не екінші
деңгейлі жаяу қозғалыс желілеріне көңіл бөлу керек.
5.13.2 Негізгі жаяу қозғалыс коммуникациялары тұрғын, қоғамдық, өндірушілік
жә
не басқа да ғимараттардың көлік аялдамасымен, м
ә
дени-тұрмыстық қызмет көрсету,
сондай-ақ объектілер мен қоғамдық аймақтар арасындағы байланысын қамтамасыз етеді.
5.13.3 Барлық жаяу қозғалыс жолы мен көліктік қозғалыс жолының қиылысатын
жерлеріне бордюрлік бағандар орнату керек. Жаяу қозғалыс жолында баспалдақтар,
бағандар, көпірлер болған жағдайда олардың кең көлемді өткізу мүмкіндігін қамтамасыз
ету керек. Жаяу қозғалыс коммуникациясының
жә
не соған жататын газондарды уақытша
көлік тұрағының алаңы ретінде қолдануға болмайды.
5.13.4 Негізгі жаяу қозғалыс коммуникациялары алаңындағы кешенді аббаттандыру
элементтерінің міндетті тізбесі: жабынның қатты түрлерінен, беткі қабаттардың түйісетін
элементтерінен, қоқысқа арналған урналар мен контейнерлерден, жарықтандыру
жабдықтарынан тұрады.
5.13.5 Негізгі жаяу қозғалыс коммуникациялары тұрғын, қоғамдық, өндірушілік
жә
не басқа да ғимараттардың көлік аялдамасымен, м
ә
дени-тұрмыстық қызмет көрсету,
сондай-ақ объектілер мен қоғамдық аймақтар арасындағы байланысын қамтамасыз етеді.
5.13.6 Екінші деңгейлі жаяу қозғалыс коммуникациялары алаңындағы кешенді
аббаттандыру элементтерінің міндетті тізбесі: жабынның
ә
ртүрлі түрлерінен, беткі
қабаттардың жанасқан аумақтармен түйісу элементтерінен тұрады.