Сезімтал организм


 Биологиялық қауіптерді басқару жүйесін сипаттаңыз



бет10/17
Дата18.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#181360
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
рк ауызша

28. Биологиялық қауіптерді басқару жүйесін сипаттаңыз. 
1. Биологиялық тәуекелдерді басқару қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен теріс салдарлардың туындау ықтималдығын төмендету мақсатында қолданылады. 
2. Биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару элементі болып табылады және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қызметтің әртүрлі салаларында қауіпті биологиялық факторлардың, құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің әсерінен теріс салдарлар туындауының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығын білдіреді. 
3. Биологиялық тәуекелдерді бағалау патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге, ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге, инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулардың эпидемиялық және эпизоотиялық ошақтарына және ықтимал ошақтық аумаққа қатысты жүргізіледі. 
Биологиялық тәуекелдерді бағалау сыртқы және ішкі болып бөлінеді. 
4. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды мемлекеттік органдар белгіленген құзыреті шегінде жүргізеді. 
Биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу үшін мемлекеттік органдар өздерінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын тартуға құқылы. 
5. Биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалауды патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі өз қызметіне қатысты жүргізеді. 
6. Биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесі оның ішінде ғылыми-әдістемелік база ескеріле отырып әзірленеді және онда биологиялық тәуекелдерді деңгейлері бойынша сатылау көзделуге тиіс. 
7. Биологиялық тәуекелдерді олардың деңгейіне қарай бағалау нәтижелері қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен халықты қорғау және табиғи ортаның жекелеген компоненттерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін, биологиялық тәуекелді оның жол берілетін (қолайлы) деңгейіне дейін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін пайдаланылуға тиіс.
8. Биологиялық тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін, сондай-ақ биологиялық тәуекелдерге ішкі бағалауды жүргізу тиімділігін бақылау биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Биологиялық тәуекелдің деңгейіне қарай уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын, орындалуы міндетті талаптарды әзірлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет