Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет115/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

ЕКІНШІ БОЛМА
ГЕОРГИЙ ЦУРЦУМИЯНЫҢ
ОЛИМПИАД АД АҒ Ы ФИНАЛЫ:
БАРЬЕР VS АДЫРАСПАН
^ К е ң іс жолында жүріп, үйренуді үйрендік, тырыспай- 
тын болдық, жасаймыз, қабілетімізді анықтадық делік. Бұ- 
ның барлығын бизнес жолында жүргендер кәсібін дамыту 
үшін, мамандар біліктілігін арттырып, мансабын жоғары- 
лату үшін істейді. Бірақ, мен адыраспандар мен барьерлерді 
(кедергілерді) ерекше атап өткен себебім, адамдар қанша- 
ма жерден білікті маман, немесе мықты кәсіпкер бола тұра, 
өздерінің адыраспандары мен барьерлерінен жеңіліп қала- 
ды, демек, өз жеңісінен алыстайды.
Менің командамда керемет мамандар жүмыс жасады, 
бірақ олардың қырсық мінезі мен эгосының салдарынан 
оларды қызметтен босатуға тура келді. Өз ісінің нағыз ма- 
манын командаңнан шығару маған да оңайға соқпайтын. 
Біз жеңіс жолында жүріп, көптеген құрбандыққа барамыз, 
білім жинаймыз, шыңдаламыз, өзгереміз. Бірақ, аяғымыз 
адырсапандарға келгенде шалынады.
Спортта да дэл солай, осыған қатысты мысалым да бар. 
Еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Григорий Цурцумия 
2004 жылы Афинада грек-рим күресі бойынша финалға 
шығып, ресейлік палуанмен күреседі. Күрес екі раундтан, 
эр раунд үш минуттан түрады, жалпы алты минут жүреді.

--------------------- 
145
_________
002-10


Екі де нөл есебімен жеңіп келген Григорий Цурцумия 
жекпе-жектің аяқталуына бір минут қалғанда, күрестің ең 
қарапайым «подсечка» деген эдісіне түсіп қалып, ұтыла- 
ды. Әрдайым күрестің ең қиын эдістерін үйренген, соларға 
қарсы эрекеттенуге дайындалған ол, қарапайым әдіске 
үсталып, жеңіліс тапқан.
Өмірде де бұндай жағдайлар орын алады. Өзіміздің қар- 
сыласымыз ретінде өмір жолымызды көрсек, оны жеңу 
үшін мықты эдіс-тэсілдерді үйреніп, оларды пайдалана- 
мыз. Алайда, өкініштісі, 90%-ымыз «подсечкадан» жеңіліс 
табамыз. Бүл дегенім, адыраспандардан арыла алмаймыз.
Адыраспандармен күресу оңай емес, бірақ күн сайын 
өзіңмен жұмыс жасау арқылы, сенің оларға төтеп беруге 
мүмкіндігің бар, эрине ол үлкен күшті талап етеді. Әрдай- 
ым олармен алысасың. Негізінде, бізді екінші қылатын, 
біздің идеалды нұсқамыздан алыстататын - осы адырас- 
пандарымыз. Кей кезде қырсықтығың ұстап, эгоң ойнап 
жатса, әрдайым ойыңда ұста: «Сен қазір не екінші бола- 
сың, немесе бірінші боласың». Сондықтан да, екінші бол- 
май, адыраспандарымызды жеңуге аса мэн берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет