да орната аласың. Өйткені оның негізгі принципі визуали
зация. Көз алдында көлбеңдеп жүрсең, сенімен күнде тіл-
десіп жүргендей жақындық сезеді. Ал ең жақын адамда-
рыңмен, достарыңмен, туыстарыңмен әлеуметтік желі
арқылы байланыс ұстау жеткіліксіз ғой?
Жоғарыда айтқан социолог Марк Грановеттер 1974
жылы өзінің “Жұмысқа тұру” (Getting a Job) деген кіта-
бын жазу үшін сауалнама жүргізеді. Нэтиже қандай дейсіз.
Сұралғандардың 56 пайызы жұмысты таныстары арқылы
тапқан, 18,8 пайызы хабарландыру арқылы, 20 пайызы
жүмыс берушілерге тікелей шыққан. Жұмысты таныстар
арқылы тапқандардың 16,7 пайызы бүл танысымен “жиі”
(жақсы дос ретінде) кездесіп тұратынын айтыпты. 55,6
пайызы “ара-тұра” жэне 28 пайызы өте сирек көрісіп тұра-
тынын айтқан. Демек, адамдар көбінде жүмысқа жақын
достары емес, қатардағы таныстары арқылы орналасады
екен. Ал ойланып көрсең, бүл заңды да.
Достарыңызбен бөлісу: