ӨЗІҢМЕН БІРГЕ ӨЗГЕЛЕРДІ ДЕ ӨСІР.
Әлемдегі
НӨМІрІ
бірінші нетворкер Кейт Феррацци “Никогда не ешьте в
одиночку и другие правила нетворкинга” (Never Eat Alone:
And Other Secrets to Success, One Relationship at a Time)
кітабында былай дейді: “Мен адамдарга өзін дамыту бой-
ынша кеңес бергенді жақсы көрем. Бұл - менің хоббиім.
Жүздеген жас қыз-жігіттерге білгенімді айттым, Бір ғана
238
ЕКІНШІ БОЛМА
коңыраумен оның жұмысқа тұруына, не стажировкаға қа-
Оылдануына ықпал ете аламын. Маған ешқандай рахмет
ге,
ақша да керек емес, кейін олардың жетістікке жеткенін
есту маған зор қуаныш сыйлайды” дейді. Жэне ол жетістік-
і ің
негізгі өзегі деп мэрттікті айтады. “Бөлісуге дайын
адамдар ғана ұлы жетістіктерге жетеді” дейді. Мен осымен
келісемін. Неғұрлым көп адамға көмектескен сайын, өзің
де соғұрлым көп адамның көмегін сезінесің.
Мысалы,
мен “Rumi’’-дің қызметкерлеріне отбасым
сияқты қараймын. Компания өсуі үшін менің жеке басым
емес, бүкіл қызметкерлер өсіп отыруы маңызды. Сон-
дықтан, өзім ғана кыдырмаймын, өзгелерге де саяхатта-
уға мүмкіндік жасаймын. Мәселен, осыған дейін “Rumi
Group” командасы Әзірбайжан, Грузия, Түркияға барып,
жаңа идеялармен сусындады. Өзім көргенді олар көрсе,
өзім оқығанды олар оқыса, сонда ғана алға қойған мақсат-
ты түсінеді. “Уикенд с Rumi Group” деген жобамен бірнеше
қызметкерлерімізді шетелге жіберіп жатырмыз. Олардың
арасында басқарушы қызметкерлер ғана емес, аспаздар, ет
мамандары, даяшылар да бар. Сондай мүмкіндіктерді ылғи
іздестіріп жүремін. Өйткені “мен” дегеннен гөрі “біз” деп
ойлайтын байлық менталитеті табысқа тезірек жеткізеді.
Репутация. Бауыржан Момышүлын алып қара. Көз ал-
дыңа шыншыл, эділ, кесіп айтатын, кесек сөйлейтін нағыз
батырдың образы келеді. Бұл - оның соғыста көрсеткен
ерлігі ғана емес, соғысқа дейін де, соғыстан кейін де, күн-
делікті өмірде жинаған абыройының көрінісі. “Қасықтап
жинаган абыройды шелектеп төгу оңай” деген түрақты тір-
кес бар. Абыройды жинау қиын, жоғалту оңай, ұстап тұру
маңызды.
239
|