Ш 79 ш онбайҚ. Бкінші болма. Жеціске жетудің қазақша жолм. /Қ. Шонбай



Pdf көрінісі
бет52/220
Дата07.03.2022
өлшемі8,29 Mb.
#134598
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   220
Байланысты:
Екінші болма кітап

ЖАЛПЫ
С¥РАҚ С¥РАУ ТУРАЛЫ
К ү н д е л ік т і өмірдегі кез келген қарым-қатынас сұрақ 
қою мен жауап алудан кұралады. Алдыңа келген адам 
саған сұрақты қалай қойса, сен тура солай жауап бересің. 
Содан болар, «Дұрыс сұрақ - жарты жауап» деп бекерден 
айтылмағаны. Егер ол дүрыс сұрақ қоя алатын болса, онда 
ол өзін қанағаттандырарлық дұрыс жауап алып кетеді.
Сүраң қою - ең оңай іс, себебі еш кедергі жоң. Сұраң
қоя салсаң болганы. Ал пайдалы, көмекіиі және тежеуші
емес итермелеуші, жетелеуіиі сұрақ қою
-
ең қиын іс.
Біздің «Versus» академиясына кәсібімді бастаймын деп 
көптеген азаматтар келеді. Олардың қандай қабілеті бар 
екендігін, немен айналысқысы келетіндігін біліп, тұлға 
ретінде алдыма келген адамды ашу үшін, мен оған дұрыс 
сұрақ қоя алмасам, мен оны дамытуға да, оның өзгеруіне 
де, бизнес ашуына да көмектесе алмас едім. Сондықтан да, 
біз дұрыс сұрақ қоюды үйренуіміз керек. Балаң келіп, тағы 
бір ойыншық немесе смартфонның жаңарған түрін алып 
бер десе, «бүл саған расында да керек пе?», «не үшін қол- 
данасың» деп сұрасаң, балаң шын мәнісінде де бұл маған 
қажет пе деп ойлана бастайды. Дұрыс сүрақ қоюды, ол
72


ЕКІНШІ БОЛМА
еұраққа дұрыс жауап беруді кішкентай кезден бастап бала- 
ларға үйрету керек.
Өзіңді, өмірді, айналадағы адамдарды кінэлай бермей, 
мен «табысты болуға лайықтымын ба?», «мен бұл жолда 
не ісгедім?», «не істей аламын?», «қалай дамыдым?» де­
ген сұрақтарды қою арқылы, мәселенің негізгі себебіне же- 
гесің. Бэлкім, дөңгелетіп алып кете алмай отырған ісіңді 
жүргізе беріп, бір орынды таптай бергеннен гөрі, салаң- 
ды ауыстыру керек шығар? Осындай сұрақтардың өздері 
адамның өмірін қатты өзгертеді.
Бір жігіттің оқиғасы есіме түсті. «Жас кезімде ойлан- 
дым, бойым кішкентай, түріме келеек, Аллен Деллон 
емеспін. Әдемі қыздардың барлығы бойы сұңғақ, спортшы 
жігіттерге қарайды. Мен қазір басқалардан ерекшеленбе- 
сем, көштің артында қалып қоямын. Болашақта бәсекеге 
қабілетті бола алмай қаламын» деп ойлайды. «Мен қазір 
өзімді қалай өзгертуім керек?» деген сұрақ қойып, қазіргі 
таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше кэсібі бар.
Келіссөздер кезінде де, үлкен кісілердің дұрыс сұрақ 
қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің 
жасаспағандығын білемін. Оған коса екі тарап бір-біріне 
өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай екенін 
үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл туралы 
жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып берей- 
ін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер жігіт- 
термен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік. Арамы- 
здағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездеспекші еді. 
Сол кездесу барысында қойылатын бірінші үш сұрақты 
анықтадық. Біріншісі, «Сіздің бұған дейін осындай салаға 
ақша салған тәжірибеңіз болды ма?» деген сұрақ болды.
73


Бұл арқылы сенің алдыңда отырған адаммен әрі қарай сұх- 
бат жүргізу, бизнес жасау керек пе, керек емес пе екендігін 
анықтап аласың. Себебі, тэжірибесі жоқ адаммен бизнес 
бастау қиындау болады, ал сен бұны келісімге келіп алған- 
нан кейін емес, келіссөздің бірінші минутында-ақ анықтай 
аласың.
Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шығаруға, 
оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда не 
үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң, ол соған байланысты 
жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпарат алуға, 
көптеген мәселенің шешімін табуға болады. Бар болғаны, 
не керек екендігін түсіну, сұрақты дүрыс құрастыру жэне 
ақпаратты пайдалана білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет