Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих



Pdf көрінісі
бет13/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

рлескен

 күреске калай 



б ір іктір ге н ін

 көрсетеді.

Қ азақөлкесін экономикалық игерудің маңызЯы жағы көлік байланысын 

дамыту, ең алдымен темір жолдар салу болды.

М. Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі Кдзақ- 

станның экономикасына темір жолдардың жасаған ыкпалы мен оны  Ресей 

империализмнің шикізаттык шылауына айналдыру және сонымен бірге ком- 

муникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. А втортемір 

жолдар салу кезінде казактардың жер алкаптарыныңтартып алынуын және 

сонымен  бірге  жолдардағы  жүк  айналымының  ұлғаюы,  олардың  бойында 

егіншіліктің дамуын, ауыл шаруашылык өнімдерінің өлке шегінен әкетілуін 

дәлелдейтін фактілер келтіреді. Ауылдағы патриархаттык-феодалдык каты- 

настардың ыдырауына және казақтар шаруашылығына тауар-акша катынас- 

тарының енуіне себепші бола отырып, — деп жазады автор, — темір жол же- 

лілері  табыс  іздеп  кетушілік  пен  жалдама  еңбектің өрістеуіне  әкеп  сокты. 

Олар Казакстандағы коныс аударушылык козғалысты, кала халкыныңөсуін, 

өлкеде біршама  ірі елді  мекендердің, темір жол  станцияларының пайда бо- 

луын тездетті, олар экономикалык, саяси ж әне мәдени өмірдің ошақтарына 

айналды,  ақырында,  негізгі  жол тораптары  бойында өндеуші  өнеркәсіптің 

дамуына  ж әне  соның  нәтижесінде  жұмысшы  кадрлардың  қалыптасуына 

себепші болды. М. Асылбеков жергілікті өндірістік маңызы бар Троицк, Екі- 

бастұз,  Спасск-Қарағанды,  Риддер  темір  жолдарының  кұрылысы  туралы 

кұнды ғылыми материал жинаған.

Зерттеулерден Дала өлкесінің бүкіл экономикасы сиякты, революцияға 

дейінгі Қазақстанныңаумағында катынас жолдарыныңда нашар дамып, оның

30



біркелкі болмағаны, кең-байтақ кеңістіктің бір-бірімен байланыс жасалма- 

ғаны  көрінеді.  Мұны мына цифрлардан  көруге болады:  1917 жылы өлкенің 

1000 шаршы  шақырымына  — небәрі  бір  шақырымдай,  бұл  ретте  Сырдария 

облысында —  1127 шақырым, Торғайда — 932, Оралда — 310, Семейде — 236, 

Акмолада — 178 шақырымнан келген, Жетісу облысында бірде-бір шақырым 

теміржол болмаған.

М. Асылбеков XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап,  1913 жылға дейінгі 

теміржолшылар кадрларының қалыптасу тарихын зерттеді.  Кдтынас жолда- 

ры министрлігінің деректері сиякты бағалы да аз зерттелген деректерге жүгіне 

отырып, автор Қазакстандағытемір жол жұмысшылары мен кызметшілерінің 

жалпы санын тұңғыш рет 21700 адамнан астам етіп шығарды. Соғыс жылда- 

рында  Семей  ж әне  Ж етісу  темір  ж олдары ны ң  салы нуына  байланысты 

теміржолшылардың жалпы саны 23 мың адамнан астам болды.

Сонымен катар М. Асылбеков жұмысшылар мен кызметшілер санының 

аракатынасын да карастырып, темір жол жұмысшыларының өнеркәсігі орын- 

дарында жұмыс істеуінің ұзақтығы мен ұлттык кұрамын ашып көрсетті.  Ол 

келтірген кестеден Қазан революциясының карсаңында Казакстанныңтемір 

жолдарында  19,5 мыңжұмысшы, 3,5 мың кызметші еңбек еткені көрінеді. Өз 

кезегінде,  жұмысшылар  тұракты,  уакытша  жұмыс  істеушілер  мен  күндік 

жұмыскерлерсанатына бөлінген. Паровоз машинистері, олардың көмекшілері, 

кочегарлар,  кондукторлар,  жолсеріктер,  стрелочниктер,  жол  күзетшілері, 

колөнер жұмысшыларының бір бөлігі тұракты жүмыс істеушілер санатында 

болды, олар шамамен 55  пайыз болатын.  Орынбор—Таш кент темір жолын- 

дағы казак жүмысшылар — 70 пайызға дейін жетті, баска жолдарда 20% болды, 

олардың жалпы саны  1917 жылы 5000адамға жетті.

Революцияға дейінгі  К азакстанны ң  өнеркәсіп  жүмысшылары  туралы 

соңғы монографиялыкеңбектердің бірі -  С. Игібаевтың кітабы (Игібаев С. 

1861—1917 жылдардағы революцияға дейінгі Кдзакстанныңөнеркәсіп жұмыс- 

шылары. А., 31991). Онда өнеркәсіптіңкүры лы м ы :  пайда болуы, баскары- 

луы, кәсіпкерлер құрамы, өнеркәсіптің егіншілікпен байланысы, өнеркәсіп- 

тің өндеуші, алтын, көмір өндіруші ж әне баска салалары бойынша жұмыс- 

шылардыңсаны, кұрамы және орналастырылуы; жүмысшылардыңжағдайы 

ж әне тап  күресінің нысандары  карастырылған.  Біркатар  мәселелер  жаңа 

тұрғыдан  қойылып,  түсіндіріледі.  Мысалы, автор мыналарды:  XIX ғасыр- 

дың 80-жылдарынан бастап жұмысшылардың рудниктерден кашуын, ұжым- 

дасып  шағым  беруді;  іздестіру  баскармасының  келісімш арт  талаптарын 

орындамауы себепті жұмыс істеуден көрінеу бас тартуын, Зайсан уезіндегі, 

Өскемен, Семей облыстарындағы,  Күршімдегі ж әне Алтайдағы ереуілдер 

мен толкуларды ж әне XX ғасырдың басынан — наразы лы к білдіру нысаны 

ретінде кенінен таралған стачкаларды атап көрсетеді. С.  Игібаевтың еңбегі 

деректемелерді  кең  көлемде  келтіріп  жазылған  ж әне  мазмұны  жағынан 

Кдзакстандағы жұмысшы табы ны ңтарихына ғылыми-зерттеу кезеңін тап- 

тыктұрғыдан караумен аяктайды.

К еңестік  тарихнамада  ж аңа  туып  келе  ж аткан  жұмысш ы  табы ны ң 

әлеуметтік-экономикалы к  тарихы,  әдетте,  оның  саяси  тарихымен  етене 

бірлікте карастырылды. Осы проблема бойынша  1960—70-жылдарда жария- 

ланған еңбектерде социал-демократиялық, ең алдымен, марксистік идеялар- 

ды таратуға зор көңіл бөлінді. Ж ұмысшы козғалысы жаңа ғана пайда болған 

үлттык аудандарда, соның ішінде Казакстанда зерттеушілер өздігінен білім

31



алу үйірмелерін немесе еңтәуір дегенде, студент жастардың социал-демокра- 

тиялықбағыттағы топтары мен үйірмелерін көбінесе марксистік ұйымдар деп 

көрсетгі. Өлкедегі революциялык қозғалыста большевизм пайда болған кез- 

ден бастап-ақ пролетариаттың авангардтық рөлін, большевиктер партиясы- 

ның, оның үйымының басшылық рөлін ашып көрсетуге күш салынды (кара- 

ңыз: Лениндік пролетарлык интернационализм идеяларыныңсалтанаткүруы. 

А.,  1974; Қазақстан Компартиясы тарихы очерктері. А.,  1963 ж әне баска ең- 

бектер).


Отар елдерде шетел  капиталын  өзі үшін ғана тиімді  салаға салып, оның 

жергілікті өндірісті дамытуды тежегені, сол үшін дәстүрлі қатынастарды тоқ- 

татып тастағаны мәлім. XIX—XX ғасырдың басы шебінде ол Қазақстан аума- 

ғына, негізінен алғанда кен өндіру ж әне мұнай өнеркөсібіне белсенді түрде 

ене бастады. Ц. Л . Фридманның еңбектерінде Қазақстандағы шетел капиталы- 

ныңтарихы н зерттеу нысанасы етіп алынды. Автор өлкеге шетел капиталы- 

ның енуін зерделей келіп, оның үлес салмағы жалпы Ресеймен салыстырғанда 

Қазакстанда жоғары болғанын анықтады.  1917 жылғы казан айының карса- 

ңында Казақстан өнеркәсібінде қүрылған акционерлік коғамдардың накты 

капиталының жалпы сомасы  100 млн сомға жуык болды. Автордың деректері 

бойынша, орыс капиталы сол соманың ширегіндей ғана болып, төрттен үшінен 

астамы шетелдіктер үлесіне тиген, оның үстіне ағылшын капиталы үстем жағ- 

дайда болтан. Ол аса бай кен орындарын сатып алуға капиталистердің болма- 

шы шығын жүмсағаны туралы және шетелдік синдикатгардың алыпсатарлык 

сипаты туралы мөліметтер келтірген. Негізгі капитал өсуінеталдау жасау ав- 

тордың Орыс—Азия корпорациясы, Риддер кен-өнеркәсіп қоғамы ж әне ба­

ска да бірлестіктер сиякты  ірі  концессиялардың тойымсыздык максаттары 

мен барынша тонаушылык мәнін көрсетуге, ал ірі акционерлік қоғамдардың 

күжаттарын зерттеу оның комакты кредит алу мақсатымен капиталистер жа- 

саған  біркатар айла-шарғыларды ашып  көрсетуіне мүмкіндік берді.  Патша 

самодержавиесі бастапкы байлыкжинаудыңайуандықәдістерін байкамаған 

сыңай көрсетіп, ол әдістер Қазан революциясына дейін шетел капиталына да 

өзгеріссіз калдырылып келді. Орал—Жем ауданының мұнай байлығын пайда- 

лану кезінде де нак осындай жағдай байкалды. Халыкаралық қаржы топтары 

мен биржаларға өлкенің мұнай байлығы төңірегінде даңғаза жасалғанымен, 

мәселе оларды өндіруге келіп тірелген кезде каржы капиталы тым мардымсыз 

болып  шыкты, каржыгерлер каржы шығаруға асыкпай, дұрысын айтканда, 

өте сакты к білдірді, — деп жазады автор.  Бұл орайда 20-дан астам кен орны 

барланғанымен, мұнай негізінен Доссор мен Макатта өндірілді. Артга калған 

және нашар дамыған елдерге әкелінген ағылшын, француз және басқа да ше­

тел капиталының «өркениеттендіру міндеті» сонымен тынды.

Ц. Л. Фридманның еңбектерінде Қазакстанда шаруашылык дамуыныңта- 

биғи барысының салдарынан, бұл прогрестің етене туындауынан пайда бол- 

май, сырттан келген капитал жасаған кен ж әне кен-зауыт өнеркәсібініңтұтас 

алғанда Қазакстанның бүкіл экономикасымен байланысы өте нашар жекеле- 

ген өнеркәсіп ошактары, жан-жағынан капитализмге дейінгі катынастар үстем 

болған мешеу шаруашылықтар коршаған жекелеген өнеркәсіп «аралшыкта- 

ры»  түрінде  болтаны  атап  көрсетілді.  Ал  егер  солай  болса,  Казакстанның 

әлеуметтік-экономикалық ж әне өзге де қоғамдык даму факторларына бұл 

«аралшықтардың» ыкпалы болды ма? Ц. Л . Фридман мынадай бір факторды 

ғана  атап  өткен:  к ап и тали стердің   деген іне  қарам астан ,  олар  кұрған

32



көсіпорындар жергілікті  фабрика-зауыт пролетариатының өсуіне себепші 

болды.


Ц. Л . Фридман назар аударған экономикалықтарихтың тағы бір тақырыбы 

Қазақстандағы банк капиталының кредит жүйесі мен жұмыс істеу механизмі 

болды. Бұл орайда ол Казақстандағы банк капиталының сауда-өсімкорлықпен 

ұштасуы  және өзара астасып  жатуы,  біріншісінің ұсақ ауыл  шаруашылық 

шикізатын өндірушілерді қанаудыңжергілікті қарапайым ж әне капитализм- 

ге дейінгі нысандарына сіңісуі сияқты ерекшелігін де ескерді. Ол Мемлекеттік 

банктің Оралдағы (1876), Петропавлдағы (1881), Семейдегі (1887), Омбыдағы 

(1895),  Верныйдағы  (1912),  Семей  облысының  Қоянды  кентіндегі  (1894) 

бөлімшелерінің қызметіне сипаттама беріп, біркатар акционерлік ж әне ком- 

мерциялық банктердің,  өсіресе  Сібір  сауда  банкінің жұмыс  істеу  фактісін 

атап өткен. Өлкенің сауда-өнеркәсіптік дамуына талдау жасау оның Қ азақ- 

станда  өнеркәсіп  буржуазиясы  сауда  буржуазиясынан  бөлінбеген  ж әне 

негізінен алғанда мұнда саудаға малмен, мал өнімдерімен және астықпен несие 

беру басым болды деп бұрын айтылған қағиданы растауына мүмкіндік берді. 

Сонымен бірге, — деп көрсетеді автор, — мұнда бирж алық ұйымдар кұрыла 

бастады, солар арқылы жаппай өндірілетін өнімдерді белгілі үлгі, стандарт- 

тар немесе техникалык сипаттамалар бойынша жаппай өткізу жүзеге асыры- 

лған  (Омбы  ж әне  Петропавл  биржалары).  Алайда  өлкенің  экономикалы қ 

өмірінде өсімкорлық әлі де өте маңызды фактор болып кала берді.

Қазақстанныңтарихнамасында Ц. Л. Фридман жергілікті коммерциялық 

банктердің (өзара кредит қоғамының ж әне қалалық қоғамдық банктердің) 

қызметіне, ұсақ кредит пен оныңтүрлеріне, кредит кооперативтеріне, ж инақ 

кассаларына ж әне т.б. тұңғыш рет талдау жасады. Ол келтірген материалдар 

мен есептеулер банктер арқылы әкелінген капиталдар Қазақстанда, негізінен 

алғанда, кызмет көрсету саласында қолданылған деп тұжырымдауға мүмкіндік 

береді. Банк кредиті өсімқорлық несиенің алуан түрлі нысандарын ығысты- 

рып шығаратын деңгейге әлі де жете коймаған-ды. Соғыс алдындағы жылдар- 

да ғана банктердің салымшылары арасында қазақтардан ш ыққан сауда бур- 

жуазиясының өкілдері пайда бола бастады.  Кредит-банк жүйесі патша өкі- 

метінің  отаршылдықсаясатының мүдделеріне қызмет етті, ал Қазақстанның 

еңбекші бұқарасы бұрынғы әскери-феодалдык канаудың бай-феодалдар мен 

сауда-өсімқорлыққанаумен ұштасқан әдістерін ғана емес, сонымен катар мо- 

нополистік капитализмге тән отаршылдық канаудың «жаңа» әдістерін де бас- 

тан кешірді. Солай бола тұрса да, жинақталған материал нарықтық катынас- 

тарға көшу жағдайларында кәсіпкерлік дамуының зандылықтарын, капитал- 

дың бастапкы қорлану үрдісін зерделеуге мүмкіндік береді.

Сауда — қазақтардың көрші халықтармен өзара қатынасының ең ежелгі 

жолы. Ол XVIII—XIX ғасырлар кезінде барынша етек алды. Сауда — экономи- 

када жаңа қатынастар көрінісінің едәуір күшті болып, тауар-ақш а қатынас- 

тарының Қазақстан аумағында да үстемдік алған саласы.

Еңбектердің көбісі проблемалардың жекелеген жақтарын көрсетуге ар- 

налған  мақалалар болғанымен,  казақтардың сауда жасауын зерттеу едәуір 

көп проблемаларды көтерді. Бұлар — В. Шахматов, Б. Сүлейменов, Т. Ш ойын- 

баев, Ж. Қасымбаев, П. Галузо, Т. Литвинова, С. Сүндетов, Ц. Фридмандар- 

дыңеңбектері. Н. Г. Аполлованың монографиясында (Қазақстанның XVIII— 

XIX ғасырдың басындағы Ресеймен экономикалықжәне саяси байланыстары. 



М., 

1960) экономикалық байланыстар шаруашылық сипатымен етенеқарас-

3 -3 6

33



тырылды.  Мысалы, кеден ведомостарын зерттеу негізінде автор XIX ғасыр- 

дың басында-ак казак байларының тауар-акша катынастарына кіріп, делдал- 

дыкәрекеттермен ғана айналыспай, Орынбор, Петропавл, Троицк жэне баска 

да бекіністер аркылы өз бетімен мал сатумен айналысканын атап көрсетеді. 

Автордың айтуынша, Ресейдің Дала жұртымен сауда жасауға мүдделі болға- 

нын каруланған керуендер ұйымдастыру, сондай-ак казак сұлтандарының «ази- 

ялык»  көпестерден  баж  алуына  тыйым  салу  туралы  ережелер  шығаруы 

дәлелдеді. Орыс көпестері әкелетінтауарлардыңтүр-түрін көрсететін кұжат- 

тар да сауданың каншалыкты серпін алғанын байкатады.

Рыноктык байланыстар казак аулына еніп, байлардың ыкпал жасауының 

басымдығы сакталған жағдайда шаруашылыктардың көпшілігін барған сайын 

өзаясынатартаберді. Н. Г. Аполлова XIXғасырдың екінші ширегінде-ак казак 

тауарларының едәуір мөлшері акшамен сатып алынды және акша катынаста- 

рының дамуында дала өңірінде орыс астығымен сауда жасау көп рөл аткарды 

деп пайымдаған. Автордың Қазакстанныңсолтүстік және шығыс аудандары 

үшін бүкіл Дала өлкесі бойынша астык әкелінетін Петропавл, Омбы, Семей 

орталык болтан астык саудасына ден коюы сондыктан. Сөйтіп Н. Г. Аполло- 

ваның мұрағат материалдарына негізделген зерттеуі Ресей меы Қазакстанның 

экономикалы к байланыстары көрінісін жасап берді. Тарихнаманың казіргі 

кезеңінде тарихшылар өз ізденістерін Қазакстанның өз ішіндегі сауданы және 

шектес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалык катынастарды неғұрлым 

терең зерттеуге бағыт алып отыр. Бүған В. 3. Ғалиевтің (Керуендер ізімен.А., 

1994) және Ж. Касымбаевтың (Кдзакстан-Кытай: ХІХ -ХХғасырдыңбасын- 

дағы керуен саудасы. А.,  1996) дәлел болады. В. 3. Ғалиев керуендер мен экспе- 

дицияларға кызмет жасаған адамдарға: казактар арасынан шыккан тілмаштарға, 

аудармашыларға,  жолбасшыларға көп  көңіл  бөледі.  Бұл делдалдар тілді,  іс 

кағаздарын жасауды, жер бағдарын, коғамның әдеТ-ғұрпы мен дәстүрін білуге 

тиіс болды, яғни істің түпкі нәтижесі көп жағынан солардың орнына сай және 

даярлығы мол болуына байланысты еді. Автор казактілмаштары мен жолбас- 

шыларының  оры с-казак,  орыс-орта  азиялык,  орыс-кырғыз  катынастарын 

орнатуда зор рөл аткарғанын көрсеткен.

Ж .  Касымбаев Қ азакстанныңО рта Азиямен, Ш ыңжанмен және Монғо- 

лиямен ішкі керуен саудасы мәселелерін жазған.  Сауда жолдары мен оның 

шекаралык аумактары көрсетіл іп, мал, тұз, астык саудасының ерекшеліктері 

айтылған. «Бажалымын ұйымдастыру, кеден бекеттері мен заставаларын, сон- 

дай-ак редуттарды  нығайту үкімет ойлаған басты  мәселелердің бірі  болды» 

(38-6.). Орыс-кытай сауда-экономикалык(Кұлжа, Айғын, Пекин, Петербург) 

келісімдерінің нәтижесіндегі жандану фактілерін ерекше атап көрсете оты- 

рып,  Ресейдің көршілес мемлекетгермен өзара байланысының экономика­

лы к  міндеттерін  аткарған  негізгі  сауда  орталыктары  туралы  мәліметтер 

келтіріледі. Монғолиямен сауда Зайсан, Семей, Өскемен аркылы жасалған.

Өзара сауда байланыстарын баяндаған кезде автор саяси тұрғыдан да елеулі 

пайда болғанын ашып көрсетуге үнемі ұмтылып отырады. Экономикалык бай­

ланыстар, — деп жазады ол, — «кең-байтак өлкеде Ресей империясының отар- 

лау саясаты терендей түскен күрдел і кездерде сенім және тату көршілік жағ- 

дайын жасауға оң ыкпал» жасады (149-6.).  Казакстанның Батыс  Кытаймен 

тарихи байланыстарына казак, өзбек және ұйғыр халыктарыныңтүркі тілдес 

болуы да, олардың ортак мәдени түп-тамырлары мен дәстүрлері себепші бол­

ды. Сөйтіп Ж. Қасымбаев экономикалык және саяси катынастардың бұрын аз

34



зерттел ген тарихи қырларын айкындады, олар казіргі уакытта мейлінше тез 

дамытылып келеді ж әне болашагы зор болып отыр.

1950 жылдардың аяғында тарихшылар қалалардың К азақстанның әлеу- 

меттік-саяси құрылымындағы атқарған рөлі мен алған орнын зерделеуге ынта- 

ыкылас аударды. К. Туманшин мен Н. Г. Аполлова — Солтүстік Қазакстан мен 

Орынбор өлкесі:  Петропавл, Троицк, Орынбор калаларының; А.  Горячева, 



Э. 

Герасимова, Ө. Есмұрзин — Батыс және Оңтүстік Қазакстан қалаларының 

тарихын;  Ж.  Қасымбаев  пен  Н.  Алексеенко  Семей  мен  Өскемен  тарихын 

зерттеді.  Кейініректе Қостанай және баска калалартуралы еңбектер жазыл- 

ды. Оларда бекініс-қалалардың пайда болу мәселелері, калатірлігіндегі сау- 

даныңаткарған рөлі, халыктың 1905—1907 жылдар мен  1916 жылғы көтеріліс 

кезеңіндегі әлеуметтік қүрылымы мен революциялыққызметі карастырыл- 

ған.  1980жылдар қарсаңында Н. Бекмаханова (Қазақстан мен Солтүстік Кыр­

гызстан ның көп ұлтты халкының қалыптасуы. XVIII ғасырдың соңғы  ши- 

peri -ХІХғасырдыңбО-жылдары. М.,  1980) мен Н. Алексеенконың(Револю- 

цияғадейінгі  Казахстан халкы. А.,  1981)алғашкы монографиялары дүниеге 

келді. Бүл еңбектер,  М. Асылбековтің, В. Ғалиевтің зертгеулері, Ж.  Қасым- 

баев, И. Орлянский, Г. Кронгардтжәнебаскаларыныңмакалалары әлеуметтік, 

экономикалык және этнодемографиялык проблемаларды шешуде статисти- 

каның кең мүмкіндіктеріне жол ашатын жаңа ғылыми тұрғыдан көптеген проб­

лемаларды одан әрі арнайы зерттеудің негізін калады. Бұрын коғамда болып 

жаткан үрдістерді талдау үшін демографияның кең мүмкіндіктері  пайдала- 

нылмайтын.  Бүған ішінара ресми статистикалық деректердің, соның ішінде 

кеңестік кезең санақтарының да толық болмауы ж әне бүрмалануы, ішінара 

олардың өкімет орындарының идеология саласындағы нұсқауларына сәйкес 

келмеуі себеп болды.

X V III-X IX  ғасырлардағы  Казақстан тарихының тарихнамасы  көрнекті 

этнограф М. Мұкановтың «XVIII—XX ғасырдың басындағы казақтардың эт- 

никалық аумағы»  деген  еңбегімен  байытылды,  онда  К азақстанның  кейбір 

облыстарынан сепаратистік дәмеленудің негізсіздігі көрсетіліп, казактардың 

тарихи қалыптасқан этникалық аумақ шегіндегі жерді иелену күкығы дәлел- 



Денді.

1995 жылы М. Сыдықовтың «Батыс Казақстанныңхалқы (1897—1989)» де­

ген кітабы шыкты. Автордын, пікірінше, карастырылған кезең Батыс К азак­

стан  тарихында  маңызды  рөл  аткарады.  Бұл  қазакты ң  «артық»  ж атқан 

жерлеріне қоныс аудару үшін жер қорларын құру жөніндегі экспедиция жұмы- 

сы мен казактарды бұл аумактан ығыстырып шығару басталған кез еді. Отар- 

шылдықөкіметорындарының нақосы  әрекеті қазақ халкының демография- 

лык дамуында  күрт өзгерістер туғызып,  ол  туу  мен табиғи  ер жетіп  өсудің 

арасындағы тепе-тендіктің бүзылуынан  көрініс тапты.  Негізгі  себеп  патша 

үкіметінің казактардың өмірлік мүдделерін ескермей, жаңа жерлерді орыс- 

тандыру шеңберінде жүргізілген отаршылдық саясаты болды. Соның салда- 

рынан  100 мыңға жуық адам туған жерінен қуылып, тіршіліктің ауыр жағдай- 

ына ұшыратылды (212-6.). Автор бастапқы саны мен табиғи осу каркынын тек 

81 жылдан кейін ғана калпына келтіре алған халықтың этникалы қ касіретін 

бір  аймактың  мысалымен  көрсеткен.  Еңбекте  проблеманың  тарихнамасы 

едәуір толық берілген. Батыс Казақстанның көп үлтты өлкеге айналдырылу- 

ыныңөз ерекшеліктері болды, автор оларды ашып көрсетіп, негізделген түжы- 

рымдарға келеді.

35



Сонымен  патш алық  империяның  отарлық  шет  аймағына  айналдыру 

кезеңінде Кдзакстанда болған кейбір әлеуметтік-экономикалық және демо- 

графиялықөзгерістердің тарихнамада көрсетілуіне талдау жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет