Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет40/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-80- 


басталды. Бауыржан оқтын
-
оқтын Қаламқастың дәптеріне үңіліп қарап қояды. Қаламқас бәрін 
үлгеріп жазып отыр. Байқап қалыпты, Рахима апай:

Бауыржан, не, сен үлгере алмай отырсың ба? Мен жылдам айтып жатырмын ба? —
деді.

Жоқ, апай, үлгеріп отырмын.

Онда Қаламқастың дәптеріне қарай берме. Біреуден көшіру 

жаман әдет. Өзің жаз.
Қаламқастың
жаңағы сөзі ғой мынау, ойбай
-
ау! Мына Қаламқас пәле екен
-
ей! Бауыржан 
Қаламқастың дәптеріне енді қайтып қараған жоқ. Қайта диктантты өте жақсы жазуға тырысып 
бақты.
 
 
ӘНШІ
 
 
Бауыржап әнге бейім екенін күтпеген жерден байқатты. Алдыңғы күні Бауыржан, Раушан, 
Ләйлә үшеуі ерекше ұзақ ойнады. Сабақ жайына қалған.

Бауыржан, ойынды қой, сабағынды оқы, —
деді апасы оған.

І
-
і, —
деді Бауыржан жақтырмай. 
Апасы ұрыспақ болған.
Бауыржан өз қатесін түсіне
қойды. Дереу «і
-
і»
-
сін созып, «Анаға сәлем» әніне айналдырып 
жіберіп, ыңылдап барып, жазу үстеліне отырды.
Апасы не
десін енді, қайта Бауыржанның мына тапқырлығына
жымиып қойды. Кеше кешкілік 
Бауыржан кітап оқып отырған.

Бауыржан, теледидарды қоса салшы, —
деді әкесі.

І
-
і, —
деді Бауыржан кітаптан бас алғысы келмей.
Әкесі
Бауыржанға ала көзімен ата қараған. 
Бауыржан кешегіден тәжірибе алып қалған «і
-
і»
-
сін
созып кеп жіберіп еді, «Әкеме» әні болып 
шыға келді. Бауыржан енді жалма
-
жан «Әкемені» ыңылдап барып, теледидарды токқа жалғады.
Әкесі
енді болмаса ашу шақырып келе жатыр еді, шарасыз болып қалды. Бауыржанның аяқ 
астынан таба қойған
мына амалына разы болып, теледидарға ден қойды.
Бағана Бауыржан мектептен келген беті есіктен ішке енді ене берген.
 
-81- 



Бауыржан, жүгір, дүкен жабылып қалар, нан әкеле ғой, —
дегені әжесі оған.

І
-
і, 

деді Бауыржан ат
-
тонын ала қашып.
Әжесі
реніш білдірмек болып, оқтала берген Бауыржан машықтанып алған «і
-
і»
-
сін созып 
ыңылдап, «Әже туралы әнге» басты.
Әжесінің
жүзіне мейірім үйірілді. Немересінің өзіне ән 
арнағанына ағынан жарыла қуанып, Бауыржанға себет, тиын ұстата
берді.
Міне, өстіп, Бауыржан бас
-
аяғы екі
-
үш күн ішіңде небір қиын әңді білетінін байқатып отыр. 
Бауыржанды осылай жұмсай берсе, ол әншілігін дамыта түсетін түрі бар. Сөйтіп жүріп, үлкен әнші 
болып кетпесе не қылсын?
Несі бар, әңдеткен жақсы. Шын пейілімен айтса екен, әйтеуір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет