қоймады Бекенге. Содан үй ішінен әрең дегенде босап, төлем беруге келсе, Шаншар атай қолдан
шапқан қоңыр домбырасын шертіп, екі
қабат көрпенің үстінде жантайып
жатыр екен.
Шынтағыңда
жастық, жаныңда дойбы.
-
Ассалаумағалейкум, ата!
-
Ә, әликумассалам. Бекен бе, ей, мынау! Қашан кеп қалғансың? Әй, айналайын
-
ай, атаңды
сыйлап, сәлем беруге келдің ғой. Бәсе
-
бәсе, Бекеннен басқа балалардың бәрі көше таптарлар
демеп пе едім. Ауырып жатқанымда біреуі есіктен сығаламады
-
ау, —
деп Шаншар атай Бекеннің
қолын алып, кеберсіген ернімен маңдайынан сүйді.
Бекен енді байқады, Шаншар атайдың ат жақты үлкен ақ сұр жүзі сарғыш тартып, азып, әлі
күнге жанары сөнбеген қой көздері шүңірейіп қалған екен.
-
Ауырып қалдыңыз ба, ата?
-
Сен кеткен күннің ертеңіне оңбай жығылып едім, шүкір, әйтеуір. Жан қалды бір жолға. Өтіп
бара жатқан заман
-
ай десеңші, соған да, міне, айға жуықтап қалыпты ғой. Е
-
е, айтпақшы, шекең
шертпекті сағынып қалған жоқ па? Бірақ сені қойшы, таза жерде дем алып, асыр салып ойнап
қайттың. Бәрінен де көшедегі шаңға аунап жүрген сумұрындарды айтсаңшы. Бетінен қағатын
пенде жоқ. Сыпыра бір шертпек алып, тәртіпке келтірер ме еді өздерін... Ал қарап отырмалық,
бермен жақында, шертпек тігіп, дойбы ойнап жіберелік. Байқайын сені...
Бекен лагерьде дойбыны жан
-
тәнін сала көп ойнап, әбден үйреніп
қайтқан. Алғаш
кейбіреулерден ұтылып қап жүріп, кейінгі кезде ойыншылдығына жан шақ келмей қойған.
Дегенмен де, Бекеннің ойынша, Шаншар атайдан асқан ойыншы жоқ. «Қазір жеңіліп қап,
шертпек беретін шығармын» деп қорқақтаңқырады. Шаншар атай жастығын
биіктетіп,
көтеріліңкіреп отырды.
Бір рет ойнады. Шаншар атай ұтылды.
-
Шалымыма келмеуші ең. Апырай, не ғып жіберді? Апай
-
топайымды шығарды
-
ау лезде.
Қайта
тікші.
Шаншар атай екінші рет тағы ұтылды.
-
Мынау қайтеді, ей? Жан қоятын түрі жоқ қой өзінің. Еңді бір көрейінші.
Атай бұл жолы да жеңілді.
Достарыңызбен бөлісу: