Ал қазір Бақтыгүл Қартабайға жалынышпен қарап:
-
Қартабай, мен бүгін үйге берілген есепті шығара алмай қойдым. Соны шығарып бересің бе?
—
деді.
-
Әкел, көрейік.
Қартабай
келіп, дарбазаның түбіндегі орындыққа отырды. Бақтыгүл үйге кітап, дәптеріне
жүгірді.
Қартабай
мен Бақтыгүл есеп шығаруға енді кіріскен. Шешесінің сүйкімді үні дәл
құлағының түбінен естілді. Бақтыгүл жалт қарап еді, шешесі де, әкесі де төне түсіп тұр екен.
-
Қартабай
есебімді шығарып жатыр.
-
Күнім
-
ау, ол болмайды. Есепті біреуге шығартушы ма еді?
Түс мезгілі. Оқудан тараған балалар топ
-
топ болып көше
-
көшені бойлап, шашырап кетіп
жатыр. Бақтыгүл, Серік, Зәуре үшеуі бірге келеді. Бұлар өз көшелеріне түсе бергенде, алдарынан
Қартабай шықты.
-
Балалар,
сендер білесіңдер ме? Мен кеше Бақтыгүлдің есебін шығарып бердім.
«Түу, мақтаншағын
-
ай мынаның. Өзі өтірікші екен ғой» деді іштей Бақтыгүл. Балалар
кідірмей жүре берді.
-
Ертең апайға айтам. Бақтыгүл кеше есебін Қартабайға шығартып алыпты деймін, —
деді
Серік ұзай бере.
-
Өтірік. Ол өтірік айтады.
-
Не қылған өтірік? Жаңа айтты ғой.
-
Иә, соған да...
Бақтыгүл не айтарын білмей кібіртіктеп қалды, «көкем шығарып берген» деп айтуға да
болмайды екен ғой. Серік онда одан сайын жабыса
түседі. Серік үйдің тұсына келгенде:
-
Қайтсең
де
айтам, —
деп қақпасына қарай бұрылды.
Аяғын нығыздап басып, Бақтыгүлді
қорлап барады.
Енді екі
-
үш үй өткен соң, Зәуре де:
-
Есепті өзің шығарған екен десем, біреуге шығартып алған екенсің ғой, —
деп теріс қарап
кете барды.
Бақтыгүл не дерін білмей, ызаға булығып кетті. Артына қарап еді, Қартабай көшенің арғы
бетінде келеді екен.
-
Бақтыгүл, қалай қатырдым ба? Енді есебіңді шығартасың ба?
-
Өтірікші, мақтаншақ! Апама айтам қазір!
Достарыңызбен бөлісу: