Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген медиана 8 см-ге тең. Гипотенузаны табыңыз.
Жауабы: 16 см
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 18 см-ге тең. Гипотенузаға жүргізілген медиананы табыңыз.
Жауабы: 9 см
Бұрыштардың біреуі 200-қа тең болатын үшбұрыштың басқа екі бұрышының биссектрисаларының арасындағы сүйір бұрышын табыңыз.
Жауабы: 800 Егер үшбұрыштың бұрыштарының біреуі 480-қа тең болса, онда басқа екі бұрыштың биссектрисаларының арасындағы сүйір бұрышын табыңыз.
Жауабы: 660 Тең бүйірлі үшбұрышта табанына жүргізілген биіктік пен және бүйір қабырға арасындағы бұрыш табанындағы бұрыштан 180-қа кем. Үшбұрыштың табанындағы бұрышын табыңыз.
Жауабы: 540 Тең бүйірлі үшбұрышта табанына жүргізілген биіктік пен бүйір қабырға арасындағы бұрыш α, табанындағы бұрышынан 360-қа кем. Α бұрышын табыңыз.
Жауабы: 270 Бұрыштарының біреуі 180-қа тең болатын үшбұрыштың басқа екі бұрыштарының биссектрисаларының арасындағы сүйір бұрышын табыңыз.
Жауабы: 810 Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны а-ға тең де, ал бүйір қабырғасы b-ға тең. Үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасын табыңдар.
Жауабы:
Қабырғасы а болатын тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігін табыңдар.
Жауабы:
С бұрышы тік болатын тік бұрышыты АВС үшбұрышының АС катеті 2-ге тең, В төбесінен жүргізілген медиана ВД=2. Үшбұрыштың гипотенузасын табыңдар.
Жауабы:
Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышынан жүргізілген биіктігі гипотенузаны 15 см және 20 см кесінділерге бөледі. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.