Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі



бет16/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

15. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі

XV ғ. ортасына қарай біртұтас тұрақты мемлекет қажет екендігі нақты түрде шыңына жетті, ол Қазақстанның қалыптасқан елдігінің этникалық аймағы мен тұрғындарының шаруашылық қызметінің ортақтығын қамтамасыз еткен болар еді.

XIV – XV ғғ. жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде қалаларды, шаруашылықты және егін шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіру негізінде, аймақта билік құрған Шыңғыс хан тұқымының қамқорлығымен болса да, жергілікті этникалық негізде феодалдық қарым-қатынастың дамуы жағдайында жүрді. Көптеген тайпаларды зорлықпен біріктірген монғол ұлыстарынан айырмасы - анағұрлым айқынырақ этникалық базаға негізделген мемлекеттілік орнады [1, с. 108].

Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің құрылуы этникалық-біртекті феодалдық мемлекеттердің кейінгі генезисі үшін олардың - қазақ, ноғай, өзбек, ұйғыр елдігіне біршама тығыз бірігуіне жағдай жасады.

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ аумағында әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.

XIV - XV ғғ. көшпелі мал шаруашылығы, тұрғылықты егін шаруашылығы, қалалық және сауда-кәсіптік бағыттағы шаруашылық сияқты аралас экономикасы бар салалардың табиғи шоғырлануы негізінде біртұтас экономикалық аймақ құру аймақтың барлық жерін бір саяси құрылымға біріктіру жағдайын тудырды.

Көшпенді және тұрғылықты халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, елдіктің құрылуының аяқталуына ықпал етті. Осы жағдайлар шын мәнінде қазақ мемлекеттілігін құрудың нақты себептері мен шарттары болып табылды.

Қазақ халқының жіктік бытыраңқылығын, саяси бірікпеушілігін түрлі мемлекеттік бірлестіктерде игеру Жәнібек пен Керей (Гирей) есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, басқа Шыңғыс тұқымымен дала билігі үшін шайқасы, текті ақсүйектерден, сондай-ақ қатардағы еңбекші-малшылардан, егіншілерден шыққан болса да, халықтың әлеуметтік топтарының мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысын нақты түрде бейнеледі.

Керей мен Жәнібектің ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен-Бұғыны билеп алу мақсатында қоныс аудару кезі Хижра бойынша 864 ж. немесе 1459 (1460) ж. сәйкес келеді [2, 334-б.].

Өзбек Ұлысында бөліну неден туды? Керей мен Жәнібектің қоныс аударған кезі, көшпенді өзбектер басшысы Әбілқайырға мемлекетті қалмақтардың ойранынан қалпына келтіруге тура келген жылдарға сай келеді.

Бұл тәртіп салық төлеуге және ондаған міндеткерлік алуға тиісті қарапайым көшпенділерге үлкен ауыртпалық болып түсті. Осының бәрі құзырындағы азаматтардың негізгі бөлігінің күрт наразылығын тудырды және соңғы нәтижесі көптеген мал шаруашылығы қауымының көрші жерлерге қоныс аудару есебінен мемлекет халқының азаюы болды. Осындай, Өзбек Ұлысы ханының саясатына наразы адамдардан тұратын қоғамның басында Орыс хан ұрпақтары – Керей мен Жәнібек тұрды.

Одан әрі оқиға барысы көрсеткендей, Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның Моғолстан шегіне кетуі, Өзбек Ұлысында соңында билікті тартып алуды ойластыратын өзінше стратегиялық шегіну болды.

Есен-Бұғы Моғолстанның батыс бөлігін, Есен-Бұғы мен оның ағасы Жүніс иеліктері арасындағы Шу алқабында Қозы-Басы облысына икта ретінде берді. Жүніс ағасын Темір тұқымы Әбу-Саид қолдады [3, 48-б.].

1462 ж. Есен-Бұғы қайтыс болады және оның орнына Жүніс хан бекіді, ол өзінің қызын Жәнібектің ұлына беріп, Кереймен және Жәнібекпен қарым-қатынасын нығайтты. Керей мен Жәнібектің жақтаушылары ретінде «өзбек-қазақтар» немесе тек «қазақтар» есімі бекітілді. Орыс хан ұрпақтары мен Моғолстан шағатайлықтары арасындағы дәстүрлі одақтың басы [1, 324-б.].

Орталық және Оңтүстік Қазақстан халқының сансыз ағылып келуіне, сонымен қатар кейбір жергілікті рулар мен тайпаларды қолдауына байланысты Керей мен Жәнібек өз қамқоршысының - моғол ханының қалауын орындаушылар ретінде ұзаққа бармады.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің айқындауы бойынша, «қазақ сұлтандарының билік құра бастауы Хижраның 870 жылынан басталды» [15], бұл 1465/1466 жылдарға сәйкес келеді. Батыс Моғолстан аумағында Шу-Іле алқабында және шектес аудандарда Жәнібек пен Керей тәуелсіз қазақ хандығының негізін құрды.

Қоныс аудару XV ғ. 50-жылдарының ортасынан бастап 60-жылдардың соңына дейін бір жарым он жылдық ішінде жалғасты. Қоныс аудару процесі 1468 ж. Әбілқайыр қайтыс болып, оның мемлекеті күйрегеннен кейін күшейе түсті. Жәнібек пен Керей, Моғолстан аумағы шектерінде өз мемлекетін құрып, айтарлықтай әскери күшке ие болып, Жетісуда берік тыл жасап, Дешті-Қыпшақ билігі үшін, қазақтар қоныстанған барлық аумақтарды біріктіру үшін Әбілқайыр ұрпақтарымен шайқасқа кірісті [4,152-б.].

Қазақ хандығын құру сипаты бойынша күрделі және уақыты бойынша ұзақ көп аспектілі процесс болды, онда саяси процестер этникалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестермен бір мезгілде дамыды.

Жаңа хандықтың құрылуы қарастырылып отырған дәуір үшін қарапайым формула бойынша жүрді, соған сәйкес ғасырдың ортасында мемлекеттер сол немесе басқа әулетпен бірге пайда болып, ыдырады. Керей жасының үлкендігіне қарай бірінші хан болып сайланды (1465 – 1472 ж.ж.). Жәнібек 1472 – 1480 жж. биледі, ол қайтыс болғаннан кейін Керейдің ұлы - Бұрындық сұлтан хан болды (1480 - 1511 жж.).

XVI ғасырдың басында қазақ иеленушілерінің сыртқы саясатының негізгі желісі Сырдария маңындағы қалаларды игеру болды, олардың Қазақ хандығының батыс және оңтүстік-шығыс шеттеріндегі көршілерімен қарым-қатынастары осы арқылы анықталды.

Қазақ хандығының Билеуші басшы топтары Орта Азияның көрші облыстарында саяси оқиғалардың орбитасына барған сайын көбірек тартылды.

Шайбанилықтармен, енді Мауреннахр билеушілерімен күресті жалғастырады.

Мұхаммед Шайбаниге және оның мұрагерлеріне өздері жаулап алған темірліктер мемлекетін, Орта Азияда Шайбанилықтар мемлекеті үшін, осының алдында ұзамай Шайбанидің өзі көшпелі өзбектерімен темірліктер үшін қандай қауіпті болса, осындай қауіп тудыратын өздерінің солтүстік тумаластарынан қорғауға тура келді.

Егер бұрын жошылықтардың екі тармағы мен олардың жақтаушыларының қақтығыстары Өзбек Ұлысында алауыздық тудырса, ал қазір бұл жік-жікке бөлінген тумаластар арасындағы шайқасқа айналды, олардың әрқайсысы белгілі бір аумақта тұрды және белгілі бір мемлекет құрамына енді. Осылайша, XVI ғасырдың басынан бастап Орыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтары арасындағы өзара қарым-қатынаста жаңа кезең басталады – сахарада біріншілік орын үшін күрестің әулеттік әдісіне саяси-экономикалық әдіс қосылды, олар осы күреске бітіспес сипат береді [5, 163-б.].

Шайбанилықтар Қазақ хандығының күшеюіне және Сырдария маңында қазақ билеушілерінің билігін бекітуге жол бермеуге тырысты.

Сырдария маңы және Қаратау аудандары батыс Жетісуда қазақ хандарының иеліктеріне жақын болды. Сырдария маңы қалалары сахара аудандары тұрғындары үшін сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды. Олар Қазақстан аумағында бұдан бұрынғы мемлекеттік құрылымның әкімшілік-саяси орталықтары болып табылды. Сырдарияның төменгі және ортаншы ағысындағы жерлер қазақтың көшпенді тайпаларына құнды қыстық жайылым ретінде қажет болды [6, 315-б.].

XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары енді. Сырдария маңы оазистері бөлігінің Қазақ хандығына қосылуы елдерді тұтастай біріктіру бойынша қазақ хандарының жетістік көзі болып табылды.

Қазақстанның ұлттық құқығының қалыптасу тарихы қазақ мемлекеттігінің – Қазақ хандығының пайда болу кезеңіне байланысты. Осы уақытта қазақ қоғамындағы қатынас «адат» қарапайым құқық нормалары арқылы реттелді. Құқықтық (санкцияланған) дәстүр – құқықтың анағұрлым көне түрлерінің бірі. Құқықтық дәстүр – тәртіп ережесі, ол көп рет қайталануына қарай әдетке айналады, ұрпақтан ұрпаққа беріледі және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Тарихта, рулық құрылыс дәстүрлері өзгеріп, біртіндеп санкцияланған дәстүрлерге көтерілген көптеген оқиғалар белгілі. Рулық құрылыс кезінде ең көп таралған дәстүрлер «талио» принципі болды. «Талиона» принципі (talio, talioni латын тілінен) күшіне қарай қылмысқа тең жаза дегенді білдіреді. Қылмыстық жауапкершіліктің осы принципі әрбір ерте кластық қоғамда болған, сонда жаза келтірілген залалға тура сәйкес келетін (қанға – қан, жанға - жан). Біртіндеп осы дәстүрлер айыппұлға ауысты, ал айыппұл қоғамның топтарға жіктелу шамасына қарай дифференциалданған сипат алды. Белгілі болғандай, қазақ қоғамында дәстүрлер құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етті. «Адат» 1206 ж. Шыңғысхан Онон өзенінің жанында қабылдаған монғолдардың «Ясы» кодификацияланған қарапайым құқығының кейбір нормаларын қабылдаған [6, 317-б]. «Ясы» – әскери, азаматтық, әкімшілік сияқты жағымды заңдардың, оларды орындамағаны үшін жазалар бекітілетін, жиынтығы болып табылады.

Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе 1511 – 1518 (1523) жж. билеген Қасым ханның тұсында ең жоғары қуатқа жетті. Нақты түрде ол Бұрындық кезінде де билей бастады.

Жәнібектің ұлы Қасым 1445 ж. шамасында туған. Ол әдет-ғұрпын құрметтеген нағыз дала перзенті ретінде үлкендерге бағынып, Бұрындыққа бас иетін. Ол туралы атақты сұлтандар мен даңқты бахадүрлердің бірі және Бұрындық ханның атты әскерінің жол басшысы ретінде айтты. XVI ғ. басына қарай Қасым сұлтанның билігі нығайды, Қасым хандықтағы нақты билік пен инициатива өзінің қолында екенін көргенмен, көреген саясаткер ретінде ол сақ болды, төзімділікпен күте білді [7, 111-б.].

1510 ж. Мұхаммед Шайбани Қасымның әскерлерінен Сығанақ түбінде тас-талқан соққыға жығылды. Қираған және шашыраңқы өзбектердің қалғандары Самарқандқа қашты. Осы жылдың аяғында Мұхаммед Шайбани Иран шахымен шайқаста Мерв түбінде Қорасанда қаза табады.

Хандықтың екі беделді адамының бақталастығы қуатты сұлтанның жеңісімен және өз беделін жоғалтқан ханды қудалаумен аяқталды. 1511 жылдың күзінен бұрын Бұрындық хан маңайындағылардың тобымен Мауреннахрға кетті. Хандықтағы жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшеді, олардың ішінде бірінші болып Қасым таққа отырды [6, 311-б.].

Касым хан, замандастары Бинаи, Ибн-Рузбихан, Бабур, Мұхаммед Хайдардың айтулары ойынша жылқыларды жақсы көрген, олардың білгірі болған, әскери талантымен, жеке батылдығымен ерекшеленген. Олардың айтқандары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттері бар, еліктеуге тұрарлық адам бейнесі құрылады.

Хан заманының ұлттық құқық эволюциясы Қасым хан есімімен байланысты. Халық аңызында, Қасым «Қасым ханның қасқа жолы» заң ережелерінің бірінші жинағын жасаған, бұл метафоралық мәнде тура, басты жолы дегенді білдіреді [7, 48-б.]. Нақ өзі қазақтарды бір хандыққа біріктіріп, оны нығайта алды. «Тарих-и Рашиди»-да: «Қасым хан барлық Дешті-Қыпшақты, өз билігіне қаратты, Жошы ханнан кейін ешкім бұлай істей алмаған. Мысалы, оның әскер саны мың-мыңдаған (миллион) адамнан асып кетті. Ақыр соңында, 924 (1518) жылдан кейін ол мәңгілікке кетті» [8, 324-бет]. Қасым хан қазақ аумағының ұлан байтақ даласына өзінің үстемдігін бекітті, Жетісудағы билігін нығайтты, батыста оның билігінің астына Ноғай ордасы рулары мен тайпаларының топтары қоныс аударды. Хандық шекаралары батыста Жайық өзені бойымен, оңтүстікте, Сайрам уалаятымен қоса, Сырдарияға дейін кеңейді, солтүстік пен солтүстік-шығыста Ұлытаудан және Балқаш көлінен ары алысқа созылып жатты. Алғаш рет монғолдар жеңісінен кейін Қазақстан аумағында барлық рулар мен тайпалар, оның ішінде Жетісу бір мемлекетке бірікті. Оның тұсында Қазақ мемлекеті туралы батыс елдер де хабардар болды. Қазақ хандығының Мәскеу мемлекетімен елшілік байланыстары басталды.

Қазақ қоғамында XV - XVII ғғ. азаматтық және қылмыстық құқық арасында шектеу болған жоқ. Қылмыс деген ұғым жаман іс, күнә ұғымымен бірігіп кеткен. Қылмыстық құқықта кек алу заңы – қанды кек болды. Көптеген жағдайларда қанды кек құнмен алмастырылды. Кейбір қылмыстар үшін айыппұлдар салынды.

Қасым, Хакназар, Есім және Тәуке хандар Қазақ хандығының ұлт тарихына баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекеттік қайраткерлері. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюы, Қазақ хандығының сыртқы саяси ұстанымын орталық азия аймағында халықаралық қатынастар жүйесінде бекіту олардың есімдерімен байланысты. Халық арасында бүгінгі күнге дейін оларға, қазақтарды біріктіре, мемлекетті қаупсіздендіре және заң мен тәртіптің басымдығын бекіте алған мемлекеттік қайраткерлер ретінде ерекше құрмет сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет