- Ғылым негіздерін адамзат баласының қоғамдық-тарихи практикалық еңбегінің жемісі ретінде түсіндіру, ғылымның өмірмен тікелей байланысын ашу;
- Оқушылардың жеке басының білім деңгейі мен қабілеттерін ескере отырып, теорияның органика- лық байланысын олардың жеке практикаларымен байланыстыру;
- Оқылатын материалдың органикалық жүйелігін сақтау (бүгінгі өтілетін материалдың кешегі өткен және ертеңгі өтілетін материалдармен байланысын сақтау);
- Оқушыларға қажетті ақпараттарды беруде олар- дың зейінін шашыратып алмау үшін, дидактикалық бірліктерді ірілендіріп, материалдарды жеке мазмұндық блоктарға бөліп қарастырады;
- Дидактикалық оқу көрнекіліктері мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану.
|
- Теориядан алған білімдерін практикамен байланыстыра білу;
- Оқушылар өздерінің білім деңгейлеріне сәйкес, теорияның органикалық байланысын өмірмен байланыстыра алуы;
- Өткен материалды үнемі пысықтап отыру.
|
- Оқу іс-әрекетінің ұжымдық сипатта болуын қамтамасыз ету: сабақта әрбір оқушының жеке орны мен уақытша атқаратын рөлдері болуы шарт;
- Оқушылар өздерінің іс-әрекеттері барысында білім негіздерін меңгеретіндей оқу үдерісін ұйымдастыру;
- Оқушылардың іс-әрекеттері мұғалімге емес, оқушылар ұжымына бағытталуы керек;
- Алдыңғы өтілген материалды қайталау, жүйелеу;
- Оқу әрекеті әрбір оқушының қабілет деңгейіне қарай құрылады;
- Оқу үдерісін құрарда және өткізу барысында мұғалім әрдайым оқушылардың жеке қабілеттеріне, ерекшеліктеріне сүйенеді.
|
- Оқушы өзіне қажетті рөлдерді орындап шығуы;
- Қажетті білімді тек өзінің іс-әрекеті негізінде меңгеруі;
- Оқушылардың ұжымда жұмыс істеу қабілетінің болуы;
- Оқушының өзінің қабілетіне қарай тапсырма алып орындайды;
- Оқушы өз білімін өзі бағалайды және жолдастарының да білімін мұғалімнің көмегінсіз бағалай алады.
|