Кесте – 5. Дәстүрлі білім беру мен инновациялық білім беру
салыстырмалы сипаттамасы
Рет
Саны
|
Білім беру түрлерін салыстыру көрсеткіштері
|
Мазмұндық сипаттамасы
|
дәстүрлі білім беру
|
инновациялық білім беру
|
1.
|
Білім берудің мазмұны
|
Табиғат - Адам - Қоғам жайындағы іргелі білім беру
|
Табиғат - Адам - Қоғам жайындағы интегралданған білімді адамның іс - әрекетін түрлендіруге пайдалану, интерактивті әдіс - тәсілдер
|
2.
|
Қалыптасатын дүниетаным
|
Әлемді бірден, сол күйінде қабылдау
|
«Адам - Қоғам - Табиғат» қатынастарын үйлесімді бағыттайтын жүйелі ойлау мәдениеті дүниетанымы қалыптасады
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
Балаға білімді дайын күйінде беретін әдіс- тәсілдер басымырақ
|
Бала білімді өзі іздеп табатындай мұғалім - оқушының шығармашылық
іс- әрекетіне негізделген, адамның жаңа іс–әрекетін, шабытын туғызатын әдіс-тәсілдер
|
4.
|
Нәтиже
|
Білім беру мазмұнының әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми техникалық құраушысының жасанды ара - қатынасы, кәсіби біліктілік
|
Кәсіби біліктіліктің негізгі факторы ретінде адамгершілік, рухани, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру және дамыту
|
Баланың санасы «сорып алатындай» болады, сондықтан дидактиканың басты мақсаты - қоршаған ортаны «сорып алуға» дайындау.
Білім беру технологияларын жүзеге асыруда тұлғаның төмендегідей сипаттамалық ерекшеліктерін ескеруіміз қажет:
танымдық үдерістердің жүру ерекшеліктері: ойлау, зейін, қабылдау, зерделеу, сөйлеу;
тұлғаның әлеуеттік типінің ерекшеліктері: жоғарғы нерв жүйесінің іс-әрекеті, темперамент, күш-жігер, мінез-құлық (интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалдық, мәдени, іскерлік, дене);
тұлғаның бағыттылығы: адам-адам, қоғам-адам, адам-табиғат, адам-техника, адам-таңбалар жүйесі, адам-көркем образ бағытындағы таңдауы;
білімділік деңгейі.
4-суретте инновациялық оқытудың ерекшеліктері ашып көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |