Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


ғ ылым зерттеу құрастыру өндіріс қолданыс



бет20/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • «novis»
ғ ылым зерттеу құрастыру өндіріс қолданыс.
Шетелдік ғалымдар «инновация» терминін әртүрлі мағынада түсіндіреді. Мәселен, шетелдік ғалым Э.Роджерс «инновация - дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық » деп түсіндіреді.
Ал В.П.Кваша «инновация - бұл жаңашылдық, қандай да бір жүйенің сапалы өзгерісі» деп, инновациялық динамиканың екі бағытын ерекше атап өтеді: педагогикалық инновация және педагогикалық шығармашылық.
XX ғасырдың 80 – жылдарында осы инновация ұғымының педагогика ғылымына түпкілікті енуіне сәйкес, педагогикада «инновациялық үдеріс», «инновациялық әлеует» ұғымдары ендіріліп, кеңінен зерттеле бастады.
Ғалым Н.Р.Юсуфбекова педагогика ғылымына өзара синоним болатын «білім берудегі инновациялар» мен «педагогикалық инновация» терминдерін енгізіп, ғылыми негіздемесін жасады.Н.Р.Юсуфбекова педагогикалық инноватиканы өзінің жеке нысанасы (объектісі), пәні және зерттеу әдістері бар педагогика ғылымының жеке саласы ретінде қарастырады.
Қазіргі кезеңде «инновация» термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық.
Педагогикалық инновация мәселесін жан – жақты талқылап зерттеушілердің бірі - югославиялық педагог - ғылым К.Ангеловски. Зерттеуші мұғалімнің жаңашылдығына мұғалімдердің көзқарасы қандай, оның мұндай іс- әрекетке қатысуы немен белгіленеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Ғалым «Учителя и инновации» деген еңбегінде инновация термині экономика немесе техника ғылымдарынан педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан алынғанын анықтау аса маңызды емес дей отырып, инновацияға жақын туыстас ұғымдарға тоқталады.
Ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді саралай отырып, инновация мәселесі әртүрлі салаларда зерттелінгенін және инновация ұғымына берілген анықтамалық зерттеу саласына байланысты екеніне және педагогикадағы білім беру мен тәрбие ісіндегі жаңалықтар мәселесіне аз көңіл аударылғанына көз жеткіздік.
К.Ангеловски өз еңбегінде шетелдік зерттеуші Э.М.Роджерстің ой-пікірлерін көрсете келе, автордың инновация мәселелерін аграномия, өндіріс және медицина салаларында зерттеген, оның пікірінше, инновация - нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея.
Педагогикадағы инновациялар оның дамуына қажетті алғы шарттар болып табылады: бір жағынан, көп жылдардағы барлық құндылықтарды сақтай отырып, екінші жағынан, олар барлық ескі нәрседен арылып, әлеуметтік түрленулерге негізін қалайды.
XXI ғасырдағы қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру парадигмасының өзгерісіне әкеліп отыр, яғни білім беру саласындағы педагогикалық инновациялардың қажеттілігі туды.
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді.
«Инновация» деген сөз – латынның «novis» -жаңалық және «in» -енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз -жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз -тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс -тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «егер баратын деңгей алдына–ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В.Кваша мен В.Лапинның пікірлері бойынша «инновация»-бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Тәжірбиелер көрсетіп жүргендей, кез келген инновация – мөлшерлі іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі - «Қуаныш үйі», К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болды да берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде «инновация» ұғымына үш түрлі анықтама беріледі:

  1. Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;

  2. Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе;

  3. Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Қоғам білім беруде тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбиелеу керек екеніне сұраныс жасайды. Осыған байланысты дәстүрлі, адам жайлы философиялық және педагогикалық көзқарастарға білім беруге, дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланыс, дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне қалай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды.
Дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек екенін ұмытпаған жөн. Қазіргі тек ғана бүгінгі пайда болған жаңаның бейнесі емес.
Бірақ мұның барлығы жағаның өзі кездесоқ емес, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп, «Инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай?» деген заңды сұрақ туады.
Инноациялық педагогика педагогика ғылымының басқа салалары сияқты өз дамуындағы кезеңдерді бастан кешірді: түсіндірмелі және құрылымдық. Бірінші кезде ол жаңалықты құру үдерісінің ерекшеліктерін анықтайды, оны меңгеру мен ендірудің принциптерін, әдістерін, мазмұнын негіздейді.
XX ғасырдың 80-жылдарынды инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттары анықталынады, әсіресе алдынғы қатарлы озат іс –тәжірибенің мән мағынасын ғалымдар В.А.Кан-Калик Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев, Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, К.Н.Волков, Ш.Т.Таубаева және т.б. ашты және олардың негізгі түрлері анықталынды:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет