Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет27/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

Педагогткалық технология - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық үдерістің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.
В.П.Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады. Ғалым педагогикалық технологияның төмендегідей сапаларын атап көрсетеді:
- Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық бағдар мен құндылыққа негізделеді.
- Технология оқушыға мемлекеттік білім беру стандартын толық меңгеруге мүмкіндік беретін педагогикалық іс-әрекеттің реттелген жүйесін қамтитын технологиялық бөліктерді (операцияларды ) құрайды.
- Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін (қабілеттерін) ескеретін мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін көздейді.
- Педагогикалық технологияның белгілі бір ретпен, кезеңмен жүргізілуі педагогтың қолтаңбасын қалдыра отыра, басқа педагогтың өз іс-тәжірибесінде оңай пайдалана алады.
Ғалым В.А.Бухвалов оқыту әдістемесі мен технологиясы ұғымдарын аша келе, «Оқыту әдістемесі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Сонымен қатар, оқушыларға адамның мәдени іс-әрекетінің нақты әдістерін меңгертуіміз қажет, осы нақты әдістер технология деп аталады және оны мектепте үйрету білім мен іскерлікке үйретуден еш кем түспеуі керек» деп атап өтеді.
«Технология» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріледі. 6-кестеде «технология», «педагогикалық технология», «инновация» ұғымдарына ғалымдардың берген анықтамалары топтастырып көрсетіледі.
Ал ғылым Н.Е.Щуркова педагогикалық технологияны тәрбие шеңберінде қарастырып, «тәрбие теориясы», «тәрбие үдерісінің әдістемесі» және «педагогикалық технология» ұғымдарын пайдалануды ұсынды.
Тәрбие теориясы тәрбие үдерісін әртүрлі қырынан қарастырылады, тәрбиенің негізгі компоненттерін, факторларын қарастырып, мән-мағынасын, мазмұнын ашады, оның даму динамикасын, заңдылықтарын қоғамдық құбылыстармен өзара байланыста қарастырады, түрлендіреді.
Тәрбие үдерісінің әдістемесі осы жоғарыда аталғандардың барлығын өмірде ақиқатқа жанастырып, жеке тұлғаның табиғи қалыптасу барысында психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сәйкес өмірлік іс әрекеттерді ұйымдастырудың әддістерін қарастырады.
Педагогикалық технология осы үдерісті шығу тегінен бастап тәрбиелік іс-әрекеттік жағдайына дейін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет