Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру мүмкіндіктері



бет63/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)

1. Оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру мүмкіндіктері
Алдымен балаға қамқорлық жасау бағытында білім беру саласында қандай жұмыстар атқарылуы керек, соны қарастырайық. Мектепке дейінгі кезеңде, мектеп жасында баланың денсаулығын, салауатты өмір сүре білуін және психологиялық ауруларға ұшырамауына қамқорлық жасау басты мәселе болуы керек. Мәскеу Білім Академиясының жас физиологиясы институтының зерттеулері бойынша, балалардың 30% дені сау, 60% аурушаң (ауру мен саудың арасында), ал 20%-і «хрониктер» (оның 13%-і туа біткен немесе тұқым қуалайтын аурау) екен. Бала денсаулығына кері әсер ететін факторлар: оқу үдерісін жөн-жосықсыз қарқындату, оңтайландыру, оқыту технологиясы мен әдістемесінің оқушының жас және функционалдық шамасына сәйкес еместігі; оқу қызметін (танымдық іс-әрекетін) дұрыс ұйымдастырмау; денсаулықты сақтауды және салауатты өмір сүре білуді үйрету жұмыстарының жүйесіздігі, оқу жоспарларының физиологиялық, гигиеналық және психологиялық талаптарға сай еместігі, онда пәндер мәртебесінің дұрыс шешілмеуі; пәндер саны ХХ ғасырдың 50-60 жылдардағы санынан екі есе, ал оқу материалдарының көлемінің бір-жарым есе өсуі (экстенсивті дамуы) және т.б. себептер.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесінің идеялары осы жағымсыз факторларды жағымды факторларға айналдыруға байланысты. Ал философияда дамудың басты қозғаушы күші - қарама-қарсылықтар арасындағы қайшылықтар екені белгілі.
ШҚО жүйесінде балаларды (оқушыларды) жас ерекшеліктеріне қарай емес, даму кезеңінің ерекшеліктеріне қарай бөлу, сонан соң сол кезең ішінде жас шамасына қарай рөлдерін бөліп беру оқушы психикасының дамуына жол ашады, жақсы құлықтылық, жақсы өнегелік бой көрсетеді.
Адам мен табиғат туралы білімді оқып-зерттеп меңгеру бірізділікке түседі. Оқу материалдарының пән немесе пәндер ішіндегі шашыраңқылығын, жүйесіз қайталауын болдырмайтын спираль тәріздес бағытпен даму кезеңдеріне лайықтап орналастыру, жеңілден ауырға қарай жылжып оқу мүмкіндігін ашады, өйткені ол материалдар модуль-сыныпқа бөлуге дайын. Мысалы, химия пәніндегі басты тұжырымдық идеялар - бейорганикалық және органикалық заттарды оқып, зерттеп меңгеру, ал химиялық эволюция туралы ілімдер - төрт модуль (яғни құрам-құрылыс-реакция - даму сызбасы жеңілден ауырға жылжитынды көрсетеді) болар еді. Сол сияқты математиканың жетекші идеялары: сан, өрнек, функция, теңдеу, теңдеулер жүйесі, туынды, функцияны зерттеуге қолдану, алғашқы функцияларды табуға интегралды қолдану - осының геометрияға қызмет етуі спираль бағытта бірін-бірі кеңейте және тереңдей қайталай отырып орналасады, ал алгебралық өрнектер, тригонометрия өрнектері, көрсеткіштік және логарифмдік функциялар - модульдер - сыныптарға бөлінеді. Барлық пәндердің оқу материалдары жетекші идеялары арқылы ірі блоктарға, ал блоктар - модуль-сыныптарға бөлініп, маршрут-бағдарламалар жасалады. Сөйтіп, оқу материалдарының теориялық бөлігі әлемнің тұтастығын бейнелеуге ыңғайланып интенсивті орналастырылады. Ал оқу материалын жете танып, ол жөніндегі білімін терең бекітуге қажетті әдістемелік және тәжірибелік жаттығулар санынан гөрі сапасына қарай іріктеліп, жалпы алғанда маңызды емес, материалдар қысқарады.
ШҚО жүйесінің келесі маңызды жағы - пән ішіндегі оқу материалдарын және бірнеше пәндерді кіріктіру арқылы олардың санын шектеу және сол кіріктірілген курстар арқылы жалпы орта білім негізін жасау әрі орта білімнің базалық негізін жасау, яғни, орта білім беруді кіріктірілген курстар арқылы шешу. Ал тереңдетілген және кеңейтілген орта білімді, сол сияқты кәсіби мамандықты сараланған курстар (пәндер) арқылы беру - бұл өз кезеңінде әлеуметтік тапсырысты ойдағыдай, жан-жақты шешер еді.
Ізгілендіру үдерісінің маңызды нәтижесінің бірі - тәрбиелік көрінісі.
Тәрбие негізінен сабақта өтеді. Сабақтан тыс жұмыстар оған өзіндік үлестерін қосатыны даусыз. ШҚО жүйесі оқушылардың сабақ үстінде жеке, жұп болып, топ болып, ұжым болып жұмыс атқаруына жағдай жасайды. Бірлесіп қиындықтарды жеңе отырып, олар біріне-бірі үйрету, көмектесу, қатесін түзету арқылы өз жұмысын, өзгенің жұмысын әділ бағалау, сын көзбен қарау, қамқорлық жасау сезімдеріне тәрбиеленеді.
Ізгілендірудің келесі аспектісі - педагогикалық қолдау үдерісі. Педагогикалық қолдау - оқыту және тәрбиелеу үдерісінен бөлекше үдеріс. «Педагогикалық қолдау» ұғымының семантикалық және педагогикалық мағынасы - адамның дербес дамуына, дербестігіне көмектесу.
Педагогикалық қолдау жүйесіне психологиялық, әлеуметтік, медициналық жәрдем-қолдаулар жатады.
Педагогикалық қолдаудың басты мәселесі - «бала мәселесі», ал тәрбиелеудің басты мәселесі - «педагог мәселесі». Бала бір істі тындыруға бел байласа, бірақ ол жолда қиындық туындайтын болса, сонда педагогикалық қолдау өз күшіне енуі керек.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесінде педагогикалық қолдау үдерісі өз орнын табады, өйткені оның басты идеясы оқушы білімді өзі алу қағидасына негізделген, білімді алу жолдарын меңгеру, зерттеу әдістерін игеру оқушының өзіндік дамуына кең жол ашады, өзіндік даму оқушының тәрбиеленуіне үлкен мүмкіндіктер әкелетіні даусыз. Осы жерде маман педагог өз қолдауын көрсетуге негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет