Үшінші-төртінші тақырып. Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Мақсаты


Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу



бет15/16
Дата08.02.2022
өлшемі39,17 Kb.
#117758
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
педагогика

Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.
Педагогикалық қызметтің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу. Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті. Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар өзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының көрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.
Оқытуға әдетте қатаң уақытқа шектелу, нақты мақсат қою және оған қол жеткізудің нақты жолдарын белгілеу тән. Оқытудың тиімділігінің маңызды көрсеткіші – оқу мақсатына қол жеткізу. Ал тәрбие жұмысының мақсаты нақты мақсатқа тікелей қол жеткізуді меңземейді. Себебі оның мақсатына шектеулі уақыт аралығында қол жеткізу мүмкін емес. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді бірізділікпен шешу жоспарланады. Тәрбие міндеттерінің тиімді шешімінің маңызды көрсеткіші ретінде эмоциональды реакцияларында, мінез-құлқында және іс-әрекетінде көрінетін тәрбиеленуші санасындағы өзгерістер.
Оқыту мазмұнын, яғни сабақ беру логикасын қатаң түрде жоспарлауға болса, ол тәрбие жұмыснда мүмкін емес.
Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділік көрсеткіші – білім және іскерлікті меңгеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу жолдарын меңгеру, дамудағы алға жылжу жылдамдық деңгейі. Оқушылар әрекетінің нәтижесі тез, оңай анықталады және олар сандық-сапалық көрсеткіштермен бекітіледі. Ал тәрбие жұмысында дамушы тұлғаның әрекетінің нәтижесін белгілеу өте қиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет