Шко. Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі Зияданова Сара Нурахмановна Тақырыбы



бет4/4
Дата16.07.2023
өлшемі110,5 Kb.
#179466
1   2   3   4
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қазақстан мәдениеті

Астана - Бәйтерек
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. 
Қорытынды:
Оқушылармен сұхбат
Сұрақ-жауап:

  1. Балалар мәдениет дегеніміз не екен? Сендер оны қалай түсіндіндер?

  2. Мәдениетке қандай мысал келтіре аласындар?

  3. Материалдық мәдениетке нені жатқызуға болады?

  4. Рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің айырмашылығы неде?

  5. Мәдениетті болу үшін не істер едіңдер? Қандай мәдениетті жерлерге барып көріңдер?

  6. Мәдениеттілік адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Сендер де сондай болуға тырысыңдар!

Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.Катысқандарыңа рахмет!!!

Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш мектеп



Тәрбие сабақ
Тақырып: «Әлем мәдениеті»

Сынып жетекшісі: Зияданова С.Н.


2015-2016жж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет