Пациентті фиброколоноскопияға дайындау Мақсаты: тоқ ішектің кілегей қабатының органикалық және функционалдық ауруларын анықтау.
Көрсеткіштері:тоқ ішектің созылмалы аурулары, қатерлі ісік және полиптерге күдіктену; ішектің анықталмаған қан кетулері.
Кері көрсеткіштер:жүрек жеткіліксіздігі; миокрад инфарктісі; ми тамырларының тромбазы; хирургиялық кірісуге апаратын іштің жедел аурулары (перитонит), гемофилия
Жүргізу іс-әрекеті: 2-3 күн тексеру алдында № 16 шлаксыз емдәмді тағайындаңыз пациентің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз.
Тексеріс алдында пациентке түскі сағат 14-16- да 30-50 мл кастор майын ішкізіңіз.
Тексеріс алдында кешкі уақытта пациентке екі жоғарғы тазарту клизмасын жасаңыз.
Таңертен, тексеріс алдында 3 сағат бұрын пациентке тағыда бір тазарту клизмасыз жасаңыз.
Тексеріс алдында 30 мин бұрын пациентке 1 мл 0,1 % атропин сульфат ерітіндісін тері астына жане 2 мл 50% анальгин ерітіндісін көк тамырға жіберіңіз ( егер анальгин пациентке жақпаса, онда 1 мл 2% промедол ерітіндісін жібеоіңіз).
Пациентті сол жақ қырына жатқызыңыз.
Тексеріс барысында пацментің жағдайын қадағалай отырып, дәрігердің нұсқауын орындаңыз.