Зәр шығару жүйесі ауруларында науқасқа сұрастыру жүргізу
Мақсаты: Зәр шығару жүйесінің ауруларын анықтау.
Жабдықтар: қалам, ауру тарихы
Жүргізу әрекеті:
Осы сұрақтар арқылы сұрастыру жүргізу
Аурудың басталуына себеп болған факторды сұрастыру (жиі суыққа шалдығу,дымқыл жерде жұмыс істеу)
Міндетті түрде аурудың ағымын сұрастыру қажет (біртіндеп,рецидивті ағым)
Науқастың бүйрек зақымдануына әкелетін аурулармен ауыратынын сұрау керек
Бұрын бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруымен ауырғанын сұрау керек ( дизуриялық құбылыстар, гематурия,бел тұсындағы аурулар кездестіме?)
Тұрмыстық жағдайда немесе өндірістегі уланулардың бар жоғын сұрау керек.
Жүргізілген емін сұрастыру керек.
Келесі шағымдарды сұрастыру арқылы анықтау:
Бас ауырсынуы
Бүйрек және несеп ағар жолдарының ауырсынуы
Ісінулер
Жүректің ауырсынуы
Несепке отырған кездегі ауырсыну
Несеп бөлудің бұзылуы
Көрудің нашарлауы
Ентігу
Қызу көтерілуі
Тері қышуы
Стандарт 11
Достарыңызбен бөлісу: |