Жүрек шекараларын анықтау
Мақсаты: перкуссия көмегімен жүректің көлемін, орналасуын, конфигурациясын анықтау, диагностикалық.
Жүргізу әрекеті:
Оң жақ шекарасы – ол үшін оң жақ өкпенің төменгі шегін (бауырдың жоғарғы шегі) анықтаймыз, ол қалыпты жағдайда Y1 қабырғада орналасқан, одан кейін плесиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып, оны жүрек шегіне паралелльді (қабырғаға перпендикуляр) орналастырады. Плесиметр саусақты жылжытып отырып өкпе дыбысының төмендеген жеріне дейін келеді, қалыпты жағдайда бұл жүректің оң жақ шекарасы болып төстің оң жағында 1Y қабырға аралықта 1см сыртқа қарай орналасады.
Сол жақ шекарасы – жүрек ұшы орналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды, оны пальпаторлы табады. Жүрек ұшы соққысы табылмаған жағдайда сол шекті У қабырға аралығы бойынша анықтайды.
Перкуссияны алдыңғы қолтық сызығынан бастап тынық дыбыс пайда болғанға дейін жеткізеді. Бұл нүкте жүректің сол жақ шекарасы болады,қалыпты жағдайда сол жақ ортаңғы бұғана сызықтан У қабырға аралықпен төске қарай 1-1,5 см аралықта орналасады.
Жоғары шекарасы – бұғанадан бастап, сол жақ төс жанындағы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Тынық дыбыс анықталған нүкте жоғарғы шекара болып есептеледі. Қалыпты жағдайда сол жақтағы 3-ші қабырғаның жоғарғы шетінде орналасқан.
Жүректің шекарасы әр түрлі аурулардың әсерінен өзгеруі мүмкін, мысалы:жүректің ревматизмі, миокардит, перикардит, жүрек гипертрофиясында және т.б.
Стандарт 26
Достарыңызбен бөлісу: |