Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Стандарт Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау



бет17/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.

Стандарт Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау.

Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәріжілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі

Дайындаңыз: сағатты (секундомерді). қағазды, қызыл түсті қаламсапты қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастың аты-жөнін анықтап, емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

  2. Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босаңсыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  2. Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәріжілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәріжілік артериясы кәріжілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

  1. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқынын сезесіз.

  2. Наукастың оң жәнс сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді , тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік - бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  1. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

  2. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  3. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

  4. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына графикалық әдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына - сандық әдіспен жазыңыз.

  1. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

  • қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;

  • тамыр coғy ритмі тамыр соғу толқынының арасындағы аралық бойынша анықталады. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уакытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толкынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

  • тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішінідегі тамыр соғу толкынының (соққының) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уакытын кадағалап байқайды:

- калыптағы тамыр соғу 1 минутта - 60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса - жиі - тахикардия.

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса - жәй - брадикардия.

- артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу - толық, бос, жіп тәрізді болады;



  • тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәріжілік артериясың кәріжілік сүйегіне қысу кажетілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:

- тамыр соғу - канағаттанарлық кернеу куші

- тамыр соғуы күшті (қатты)

- тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет