Стандарт Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: 12- елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораториялық зерттеуге алу, қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы қызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық, сфинктер) жағдайын бағалау; емдік- өт қабының моторлы қызметі төмендегенде өтті сорып алу ( өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі- дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия қатерлі ісіктің қаңсырауы, асқазан және 12- елі ішек ойық жарасы, өкпе- жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін және шприцін, 20 мл шприцті, лотокті, штативті белгіленген пробиркаларымен, қысқышты,сүлгіні, салфеткаларды, қолғаптарды, жылытқышты, жұмсақ көпшікті, аласа орындықты, өт қабығының қоздырғыштарын- 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60˚ С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісін, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |