Қалта ингаляторын қолдану.
Мақсаты: Пациентті ингалятор баллонымен ингаляция техникасына үйрету.
Көрсеткіші: бронх демікпесі «бронхиадың өткізгіштігін қамтамасыз ету).
Құрал жабдықтар. Дәрі-дәрмегімен ингалятор, дәрі-дәрмегі жоқ ингалятор.
Жүргізу іс-әрекеті:
1. Пациентке ингалятор қолдануы туралы мәлімет беріңіз.
2. Пациентке дәрі-дәрмек туралы мәліметер беріңіз.
3. Дәрі-дәрмектің атын, сақтау мерзімін тексеріңіз.
4. Қолыңызды жуыңыз.
5. Дәрісі жоқ ингалятор баллонмен пациентке процедураны орындауын көрсетіңіз.
6. Пациентті отырғызыңыз.
7. Баллонның мундштугынан қақпағын шешіп алыңыз.
8. Аэрозолі бар баллоннын түбін жоғары қаратып аударыңыз.
9. Баллонды сілкіп шайқаңыз.
10. Терең дем шығарыңыз.
11. Баллонның мундштугын ерніңізбен ұстаңыз
12. Баллонның түбіне баса отырып ауыз арқылы терең дем алыңыз.
13. Демді 5-10 сек. ұстап қалыңыз.
14. Мунштукты ауыздан шығарыңыз.
15. Деміңізді ақырындап шығарыңыз.
16. Мундштукы зарарсыздандырыңыз.
17.Пациентке дәрі-дәрмекпен толтырылған ингалятормен процедураны өз бетімен орындауын тексеріңіз.
18. Ингалятордың қақпағын жабыңыз.
19. Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту! 1. Қалта ингаляторы жеке қолданады.
2. Ингаляция мөлшерін дәрігер тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |