Анықтамсы: жедел аппендицит – соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндінің жедел қабынуы.
Белгілері:
Филатов симптомы –беткей пальпацияда оң мықын аймағының ауырсынуы;
Кохер - Волкович симптомы- ауырсыну локализациясының ауысуы (эпигастрий аймағынан оң мықын аймағына);
Ровсинг симптомы – сол жақ мықын аймағын түрткілегенде ауырсынудың оң мықын аймағына берілуі;
Көйлек симптомы – науқастың киімін тартып, қолды эпигастрий аймағынан сол жақ мықын, кіндікке содан соң оң мықын аймағына қарай сырғыту;
Ситковский симптомы – науқасты сол жақ қырына жатқызғанда оң мықын аймағының ауырсынуы;
Бартомье-Михельсон симптомы – сол қырымен жатқанда оң мықын аймағын басқанда ауырсынуы;
Щеткин-Блюмберг симптомы – оң мықын аймағын басып тұрып жіберіп қалғанда солқ етіп бірден ауырсынуы н/е бұлшық еттерінің тырысуы (жергілікті перитониттің белгісі).