Су-т‰з алмасуы реттелуі



бет19/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

2. Реабсорбция.
Реабсорбция — бұл заттың бүйрек түтікшесінен қанға қайта өтуі. Ультрасүзінді құрамындағы барлық протеинтар реабсорбцияға түседі. Оның 85% -ы түтікшенің проксимальдық бөлігінде реабсорбцияланады. Мұнда судың 99%, ағзаға қажетті қоректік заттар (глюкоза, аминоқышқылдар), минералдық заттар және кейбір азоттық алмасудың өнімдері (мочевина) реабсорбцияланады.
Реабсорбцияның келесі екі механизмі белгілі: 1. қарапайым диффузия жолы арқылы (концентрация градиенті бойынша); 2. активті тасымалдану жолы арқылы — (концентрация градиентіне қарсы және АТФ энергия
сын пайдалану арқылы жүретін үдеріс).
Натрий насосы болатын мембраналық фермент АТФ-азаның қатысуымен Na+ ионы реабсорбцияланады. Бұл АТФ-азаның екі байланыстырушы орталығы болады: Na+ және К+ иондарына арналған. Na+, К+ иондарымен байланысқаннан кейін АТФ-аза өзінің конформациясын өзгертеді де бүйрек түтікшелерінің жасушаларының мембранасы арқылы иондардың тасымалдануын жүргізеді. Ол үшін АТФ энергиясын пайдаланады. Көптеген заттар, мысалы, глюкоза, аминоқышқылдар комплекстегі Na+ иондарымен бірге реабсорбцияланады және бұл комплекстердің тасымалдануы да АТФ-аза қатысуымен өтеді. АТФ-аза қатысуымен Са2+ және Мg2+ иондары да реабсорбцияланады. Активті тасымалдану үдерісіне АТФ-азадан басқа арнайы тасымалдаушы протеиндер -транслоказалар да қатысады. Тәулігіне: 179 л су,1 кг NаСl, 340 г NaНСО3, 170 г глюкоза және т.б. заттар реабсорбцияланады.
3. Секреция.
Жинақтаушы түтікшелердің секрециясы реабсорбцияға ұқсас, бірақ бұл үдеріс қарама-қарсы жүреді, немесе заттардың өту бағыты қаннан түтікшелерге қарай бағытгалады. Негізгінен, секреция түтікшелердің дистальдық бөлігінде өтеді.
Секреция үдерісінде реабсорбция тәріздес көп мөлшерде АТФ энергиясы жұмсалады (активті тасымалдану) және бұл үдеріске тасымалдаушы протеиндер маңызды қызмет атқарады.
Реабсорбция және секреция процестері жиі жағдайда бірдей өтеді, мысалы: К+ ионының секрециясы Nа++ тәуелді АТФ-азаның қатысуымен жүреді. Сондықтан, К+ бөлінген кезде Na+ реабсорбцияланады. Сонымен қатар, Н+, NН4+ -тер де бөлінеді.
Секреция нәтижесінде несеп мөлшері тәулігіне 1000-2000 мл-дей болады. Оның қүрамында:12-36 г дейін мочевина, 1 г креатинин, 1г аммоний тұзы, 0,5-1 г азоттық өнімдер (креатин, гиппур қышқылы, индикан), 5-7 г минералдық тұздар, токсикалық қосылыстардың залалсызданған өнімдері.
Бүйрек осындай экскреторлық қызметі арқылы ағзадағы су-тұз алмасуын және қышқылдық-сілтілік тепе-тендікті реттеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет