Су-т‰з алмасуы реттелуі


Бүйректің метаболиттік қызметі



бет24/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Бүйректің метаболиттік қызметі.
1. Dз витаминнің активті түрінің түзілуі. Бүйректегі микросомалық тотығу реакциясының нәтижесінде Dз витаминні теріде ультракүлгін сәуленің әсерінен холестериннен синтезделеді, содан кейін бүйректе, бауырда гидроксилденеді. Dз витаминінің активті формасы ағзадағы фосфат-кальций алмасуына қатысады. Сондықтан бүйрек ауырғанда Dз витаминінің гидроксилденуі бұзылып остеодистрофия дамиды.
2. Эритропоэз реттелуі. Бүйректе гликопротеин синтезделеді немесе оны
бүйректік эритропоэтикалық фактор (эритропоэтин) деп атайды. Бұл гормон
сүйек майындағы бағаналы жасушаларға әсер етеді және олар оның нысана-жасушалары болып табылады. Бүйректің эритропоэтикалық факторы (БЭФ) эритропоэздегі эритроциттердің дамуына әсер етеді. БЭФ-тің бөлінуі бүйректің оттекпен қамтамасыз етілуіне тәуелді. Егерде қабылданатын оттек мөлшері төмендесе, онда БЭФ түзілуі күшейеді, ал БЭФ эритроциттердің көбеюіне әкеледі. Сондықтан бүйрек ауырғанда бүйректік анемия байқалады.
3. Протеин биосинтезі. Бүйректе ұлпаларға қажетті протеиннің биосинтезі өтеді.
Мұндағы синтезделетін компоненттер: қанның ұю жүйесінің протеиндері; комплемент жүйесі протеиндері (ферменттері); фибринолиз жүйесінің протеиндері; юкстагломерулярлық аппараттың жасушаларында ренин синтезделеді.
Ренин-ангиотензин, альдостерон жүйесі артериялық қысымды төмендететін калликреин-кининдік жүйемен тығыз байланысты.
Бүйректе кининоген протеині синтезделеді. Сериндік протеиназа әсермен кининоген қанға түсіп, вазоактивті пептид — кининге айналады. Мысалы: брадикининге және каллидинге. Брадикинин және каллидин тамырларды кеңейтеді, артериялық қысымды төмендетеді. Карбоксикатепсиннің әсермен кинин инактивтеледі. Бұл фермент артериялық қысымның жоғарлауына әкеледі. Карбоксикатепсиннің ингибиторы емдік мақсатта қодданылады. Мысалы: артериялық гипертензия кезінде клофеллин препараты қолданылады.
Сонымен бірге, бүйректің артериялық қысымды реттеушілігі — гипотензивтік эффектісі бар простагландиннің түзілуімен сипатталады. Ол липидтердің асқын тотығу реакциясы нәтижесінде бүйректегі арахидон қышқылынан түзіледі.
4. Протеин катаболизмі. Бүйрек бірінші ретті несепте сүзілетін пептидтердің және кіші молекулалы протеиндердің катаболизміне қатысады. Оларға кейбір гормондар мен биологиялық активті заттар кіреді. Бұл протеиндер мен пептидтер лизосомалық протеолиттік ферменттердің әсерінен түтікшеде аминоқышқылға дейін гидролизденеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет