7.Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық. № 1 семинар Тақырыбы: Оқу әрекетінің қалыптасуы
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқу әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар туралы білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина)
Психологияны оқыту әдістемесінде ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясын жүзеге асыру.
Әдістемелік нұсқаулық: дөңгелек үстелде сұрақтар мен мәселелер жан-жақты талқыланады, студенттер өз ойын еркін ортаға салады.
Өткізілу формасы: Дөңгелек стол.
Әдебиеттер:
[1;4;6;7;10]
№ 2 семинар Тақырыбы: Оқу міндеттерінің таксономиясы танымдық әрекетті дамытуды басқару құралы ретінде
Сағат саны: 1
Мақсаты: Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы бағдарламалы оқытудың негізі туралы білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
1.Оқу міндеттерінің таксономиясы
2.Танымдық әрекетті дамыту мәселесі
Әдістемелік нұсқаулық: Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде студенттер (оқушылар) өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Өткізілу формасы: Еркін жазу стратегиясы.
Әдебиеттер: [1;2;3;7;10]
1 – модуль бойынша бағалау критерийлері: Оқу-әрекетінің қалыптасудың теориялық негіздерін білуі, түсінуі және терминологиясын қолдана алуы;
Ақыл-ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясына сай ақпаратты жинай, жүйелей, талдай, салыстыра және бағалай алуы;
Семинар тақырыптары бойынша жинақталған материалды топ алдында баяндай білу, презентациялай алуы;
Тапсырмаларды стандарттар мен форматтарға сәйкес сапалы орындауы;
Семинар тақырыбына сай тәжірибелік мәселелерді шешуі, дәлелді аргументтер келтіре алуы.