Сонымен қатар ғалым ширек ғасырдай тер төккен осы еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуын ұлт мәдени талаптарын әбден өтей алады деген көзқараспен ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, латын алфавитіне көшуге қарсы пікірде болды. Бұл мәселе Баку қаласында Бүкілодақтық бірінші Түркологиялық съезі өткізіліп, оның күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы, орфографиялық негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні терминология мәселелері, осы халықтардың тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту әдістемесі тағы басқа көптеген көкейкесті мәселелері қойылды.
Ахмет Байтұрсынов араб әрпін пайдаланудың тиімділігін жан- жақты дәлелдеп берді. Оның пікірінше араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы, ал ол жастарды сауаттылыққа үйретуге мүмкіндік туғызады, баспахана техникасы мен өнімнің құны жағынан алғанда араб әрпін қолдану өзінің сыйымдылығымен әлдеқайда арзанға түседі. Үшіншіден, араб әліппесінің әріп құрамы қазақ тілінің орфографиялық қажетін толық қанағаттандырады. Төртіншіден, бүкіл Азия елдерінің мәден мұрасы осы алфавит негізінде жазылғаны айтылды.
Оның араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы жылы лебізбен қабылдады. Себебі, Байтұрсынов реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған еді. Өйткені, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындау ғалымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынылған жаңа жазуы («Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша 1915 жылдың бір өзінде ғана 15-тей кітап болып щыққан. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов ұсынған «Жаңа емле» 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, орыс- қазақ мектептерінде де қолданыла бастағаны белгілі.