- 1-ші қабылдау
- Жансыздандыру
- Тіс жегі қуысын егеп тазалау
- Тісжегі қуысын антисептиктердің жылы ерітіндісімен жуу
- Зарарсыздандырылған шартәрізді бормен ұлпа мүйізшесі тұсында сауыт қуысын тесіп, күмбезін алып тастау
- Өзек сағаларын кеңейту, қан тоқтату
- Қабынуға қарсы қойыртпақ
- Уақытша пломба (1-4 апта)
- 2-ші қабылдау
- Тіске ешқандай шағым болмаса
- Тіс қуысын қайта өңдеп, одонтотроптық қойыртпақ қойып, аралық төсем, тұрақты пломба.
Ұлпаны тірілей толық алу әдісі немесе витальды экстирпация - Қазіргі кезде кең тараған әдіс.
- Мақсаты: бір қабылдауда жансыздандырғыш көмегімен сауыттық және түбірлік ұлпаны алу.
Витальды экстирпация әдісін қолдануға көрсеткіштер: - Ұлпа қабынуының барлық тотальды формалары: жедел іріңді, созылмалы фиброзды, гипертрофиялық, гангренозды.
- Ұлпа қабынуының қалдықты түрі.
- Ұлпада конкременттердің болуы.
- Ұлпа қабынуының ретроградты түрі.
- Орташа және ауыр дәрежелі парадонт қабынуы бар науқастардағы ұлпа қабынуы.
- Жалпы аурулары бар (диабет, атеросклероз) науқастардағы ұлпа қабынуының барлық түрлері.
- Кариозды қуыстың мойын аймағында орналасуы
- Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу нәтижесіз болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |