|
|
бет | 15/19 | Дата | 25.12.2021 | өлшемі | 195,56 Kb. | | #104969 |
| Байланысты: 1 темаДәрілік ерітіндіні теріге майлау
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Даярлаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқатаңдаңыз.
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті наукасқа түсіндіріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзын бойлық жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту:терінің іріңді ауруларында, зақымдалған ошақтың айналасына шетінен орталыққа қарай бағытпен дәріні майлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|