III,IV,VI жұптар – көз алмасын қозғайтын,шығыр,әкеткіш нервтер. Сырқат алдындағы нәрселердің қосарланып көрінетіндігін айтады (диплопия). Мұндай сырқатты қарағанда көздің ені мен бірдейлігіне, көз алмасының дұрыс орналасуына (қылилығына немесе басқа ауытқуына (,қарашақтың көлеміне және екеуінің бірдейлігіне (миоз,мидриаз,анизокория) назар аударылады. Бұдан кейін көз алмасының оңға және солға, жоғары, төмен қаншалықты қозғалатындығын және қозғалып тұрғанда дірілдейтіні, кідіріп қалатыны байқалады.
Қарашықтың жарық әсеріне реакциясы (тікелей немесе жанама), конвергенциясы мен аккомодациясы тексеріледі.