Тақырыбы: Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаттары


Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге



бет9/9
Дата28.11.2023
өлшемі30,16 Kb.
#193841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Назерке жоба

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
Ø Білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;
Ø Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
Ø Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;
Ø Кері əсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және өзара бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
Нәтиже
Ø Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
Ø Білімге деген ынтасын арттырады;
Ø Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді;
Ø Оқушының өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келген өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады;
Ø Оқушылар жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Солтүстік Қазақстан» газеті 2014ж, №7,1-2 бет
2. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», ІІ деңгей
3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы
4. «Критериалдық жүйедегі қалыптастырушы бағалау» mukataeva_g@ukk.nis.edu.kz

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет