СЫНЫП ҰЖЫМЫН ҚҰРУ МЕН ТОПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
Оқушылар ұжымы әртүрлі шараларды ұйымдастыру процесі арқылы құрылады, дамиды,нығаяды. Мұндай шаралар ұжым өмірін мағыналы әрі қызықты етеді. Егер бірлескен іс болмаса, онда ұжымды топтастыру мен дамыту үшін адамгершілік тәрбиесін жинақтаудың қажетті жағдайлары болмайды. Оқу жылы алдыңғы сыныпты жабдықтау, гүлдендіру, мектеп ауласын көгалдандыру шараларына қатысу т.б. осының бәрі оқушының ұжыммен байланысын сезінуіне және оның алдындағы жауапкершілік сезімін мойындауына көмектеседі.