136
қайта тапсыруға болады. Оқушылар бірінші табысын ойдағыдай аяқтап, «даму баспалдағының» келесі
сатысына көтерілуге мүмкіндік алып балл жинайды. Бұл әдісті біз «Қосу» немесе «Марапаттау» әдісі, -
деп атадық. Дәстүрлі бағалауда, керісінше «Азайту» немесе «Жазалау» әдісі қолданылады. Себебі
оқушыдан сабақ сұрағанда бірден «5»-ке жауап беру талап етіледі. Ондай болмаған жағдайда, оқушының
бағасы жоғарыдан төмен қарай азайтылып отырады. Бұл оның бойына қорқыныш пен уайым ұялататын
кері ынтасының көзі болып қалады.
«Қосу» әдісінің ынталандыру әлеуетінде оқушылардың оқу жетістігін «мөлдір журналға» белгілеп
отырады. Тақтаның шетіне, «мөлдір журнал» ілініп қойылады, ол арнайы дайындалған үлкен кесте
түрінде болуы да мүмкін. Кестенің сол жағына оқушылардың аты-жөні жазылады, оң жағына – оқылатын
тақырыптың атауы және әрбір деңгейдегі тапсырмалардың нөмірлері беріледі. Бірінші деңгейдегі тап-
сырмаларды дұрыс орындаған оқушылар, мұғалім тексергеннен кейін, біртіндеп тақтаға шығып
«плюспен» журналға белгілейді. Содан соң олар келесі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға кіріседі.
Орындалған тапсырмаларды журналға белгілеу барысында әр оқушы өз сыныптастарының табыстары
туралы ақпарат алып отырады. Бұр оқушылар арасында жарыс тудыруға әкеледі, ал ол өз кезегінде,
оқушының алға жылжуына себепкер болады.
Тәжірибе көрсеткендей, оқушы журналда белгіленіп отырған өзінің жылжу динамикасын басқа-
лардың жылжу динамикасымен салыстыра отырып, жетістікке жеткен оқушылардан қалыспауға тыры-
сады, өзін тек жақсы жағынан ғана көрсетуге деген ықыласы оянады және сабақ ойын сипатында өтеді.
«Даму баспалдағының» жоғары деңгейлері оқушылардың ізденістік-зерттеушілік, шығармашылық
білімін қалыптастыруға жол ашады.
«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» негізінде құрылған оқыту арқылы ғана Қазақстанның
Достарыңызбен бөлісу: