Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет464/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   565
Байланысты:
2

 
бұл
 
студентті дұрыс, ынталы, шығармашылық қызметке сырттай белсенді 
ынталандыру, ояту әдісі. Ол студенттер табыстарының қоғамдық танылуы, марапаттау, олардың рухани 
және материалдық қажеттіліктерін кезекпен қанағаттандыру көмегімен жүзеге асырылады. 
Мәжбүрлеу – 
бұл студенттерге кінәсін мойындауды және өз тәртібін
 
түзетуді қаламауына қарамастан, өз міндеттерін 
орындауға түрткі болатын шараларды қолдану. Ол сендіруге және патриоттық тәрбиелеудің басқа 
әдістеріне сүйенген жағдайда ғана педагогикалық дұрыс қолданылады. Мәжбүрлеуді ақылмен пайдалану 
керек, оған қызықпау және оны асыра пайдаланбау керек. 
Ынталандыру
әдістері. Олар мақұлдаудан, 
кінәлаудан, бақылаудан, өзін-өзі бақылаудан тұратын әдістер тобын білдіреді. Барлық төрт әдіс те 
студенттердің қызметін, әрекеттерін, тәртібін ынталандыру мақсатында немесе керісінше, егер олар 
жағымсыз сипатта болса, оларды тоқтата тұру (рестимуляция) мақсатында пайдаланылуы мүмкін. 
Әдістер қосымша болып табылады және тәрбиелеуді ұйымдастырушылар тарапынан әдепті қатынасты 
талап етеді. 
Мақұлдау
әдісі қызметтің, тәртіптің, студенттердің білдіретін патриоттық қасиеттері немесе 
қатынастарының дұрыс бағалануы туралы куәландырады, ол ұйымдастырушылармен немесе студенттер 
ұжымымен беріледі. Әдіс студенттерде дұрыс эмоциялардың (сенімділіктің, қанағаттанудың, мақтану-
дың) пайда болуына мүмкіндік туғызады, олардың таңдаған ұстанымының дұрыстығын растайды. Ол 
мақтау, алғыс, грамотамен немесе құнды сыйлықпен марапаттау, газеттегі мақалалар, құрмет тақтасын-
дағы фотосуреттер және т.б. түрінде қолданылуы мүмкін. 
Кінәлау 
әдісі қызметті, тәртіпті, студенттердің 
білдіретін қасиеттері мен қатынастарын теріс бағалауды білдіреді, ол тәрбиелеуді ұйымдастырушылар-
мен беріледі. Берілген әдісті қолдану студенттерде жағымсыз күйзелістер (ұялу, күйзелу, өкіну, сенім-
сіздік және т.б.) тудырады. Бірақ егер студенттер оқиғалар мен өз әрекеттерін сын тұрғысынан талдаса, 
тәртіп пен моральдың заңды нормаларына сәйкес келмейтін сол немесе басқа қасиеттерді жеңу жолдарын 
белгілесе, демек, әдіс сәтті қолданылған және мақсатқа қол жеткізілген [3;15]. Басқа реакция да болуы 
мүмкін: студенттер лайықсыз әрекеттеріне өкінбейді, өзіне талғампаз болмайды, өзінің тәртібін қайта 
қарастырмайды – бұл жағдайда кінәлау әдісі сәтсіз пайдаланылған деген тұжырым жасау керек. Бәлкім, 
әдістің барабар емес түрі таңдалған, студенттердің іс-қимылдарының себептері ескерілмеген, не болмаса 
олардың адамгершілігі қорланған, не болмаса жастардың болжанбайтын реакциясының басқа себептері 
болған шығар. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өздерінің іс-қимылдарын мұқият талдауы, 
сәтсіздік себептерін және әдісті қолданудың басқа параметрлерін анықтауы қажет. Кінәлау әдісі ескерту, 
түсіндіру, қайта сендіру, талқылау, сөгіс жариялау, жоғары оқу орнынан шығару түрлерінде іске 
асырылуы мүмкін. 
Патриоттық тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері. Патриоттық 
тәрбиелеу процесін басқару оның нәтижелілігін сипаттайтын кері байланыссыз мүмкін емес. Бұл 
функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмекте-
седі. 
Бақылау әдісі 
студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсыр-
малар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақы-
лау, жиналыста есеп беру, еске салу, қызметін бағалап жазбаша бұйрық беру, тестілеу түрінде берілуі 
мүмкін. Негізгі бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық 
қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша 
және т.б.); қоғамдық пайдалы қызмет нәтижелерін талдау; тәрбиеленушілердің патриоттық тәртібін 
зерделеу үшін жағдайлар жасау. Өзін-өзі бақылау әдісін
 
студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталан-
дыру немесе тексеру үшін өз-өзіне қолданады. Оны білдіру түрлері: ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзіне 
бұйрық беру, рефлексия, тестілеу.
Патриоттық рухта тәрбиелеу барысында алдымен патриоттық сана қалыптастыру, патриоттық 
сезімін ояту, патриоттық іс-әрекетке бейімдеу жұмыстары атқарылады. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің 
танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір студенттен патриоттық сана, патриоттық сезім 
қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ [4]. Бүгінгі күнде патриотизмнің көрінісі – қазақтын 
ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыс қалыптастыру, ізет, 
құрмет, қайырым, мейірім, тағы да бай сезімдермен байыту. 


336 
Сонымен студенттерді патриотизмге тәрбиелеуге кешендік тұрғыдан келу керек. Яғни, студент 
жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырылу барысында ғана нәтиже 
береді. Сөйтіп, студентерді патриоттық рухта тәрбиелеудің әдістемелік негізі мен мазмұнына біршама 
тоқталдық деген ойдамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет