Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет13/37
Дата20.02.2022
өлшемі223,54 Kb.
#132565
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
лекциялар 2

Басты терминдер: этнос, ұлт, Қазақстан халқы Ассамблеясы

Әлеуметтік – этникалық қауымдастық – бұл нақтылы территорияда тарихи түрде қалыптасқан, тілінің ортақтығымен мәдениетімен, психологиялық қисынымен және өзіндік санасымен байланысты болатын, адамдардың тұрақты жиынтығы [1].


Қандай болсын этностың қалыптасуының табиғи алғышартына территорияның тұтастығы дәлел болады, өйткені ол адамдардың біріккен іс-әрекеті үшін қажетті жағдайларды жасады бірақ та одан ары, этнос қалыптасқан кезде, бұл белгі басты маңызын жоғалтады. Мысалы, диаспоралар (оның шығу тегі бойынша елден тыс жүретін, этностың айтарлықтай бір бөлігі [2]) бірыңғай территорияда өмір сүрместен-ақ өзінің бірегейлігін сақтайды. Этностың қалыптасуының басқа маңызды шарты – тілдің ортақтығы. Бірақ осы белгі де универсальды (әмбебап) деп санала алмайды. Этникалық қауымдастықтың аса тұрақты белгісі – құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері сияқты рухани мәдениеттің құрамдас бөліктерінің бірлігі және де осылармен байланысты болатын адамдардың санасы мен мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы болып табылады [1].
Қалыптасқан әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың интегративтік көрсеткіші этникалық өзіндік сана болып табылады, ол – нақтылы этносқа тиесілі болу сезімі, өзінің бірлігін парасаттауы және басқа этникалық топтардан ерекшелігін пайымдауы [1].
Этникалық өзіндік сананың дамуындағы маңызды рөлді қауымдастықтың шығу тегі, тарихы, тарихи және де салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, фольклоры, яғни ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және өзіне тән этникалық мәдениетті құрайтын мәдениеттің элементтері туралы түсінік алады.
Әлеуметтік – этникалық қауымдастықтың негізгі тарихи алуан түрі – тайпа, халық және ұлт болып табылады.
Тайпа – бұл туыстық қатынасы бойынша байланысқан, адамдардың әлеуметтік қауымдастығы (алғашқы қауымдық құрылысқа тән) [2, 289 б.]. Тайпаның өз территориясы болды және туыстар мен руластардың үлкен санын қамтыды. Ру – ортақ рулық атау алып жүретін бір сызық бойынша (аналық және әкелік сызық) ортақ ата-бабадан шығу тегіне алып келетін, қандық туыстығы бар топ [3, 306 б.].
Тайпа үшін өзіндік атауының, өз тілінің бөлініп шығуы тән болды. Ол жалпы салт-дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, діни түсініктер мен салт-жоралғыларда бекітілінді. Тайпалар одан арғы даму барысында бірікті, одақтар құрылды, біріккен жаулап алушылықтар мен қоныс аударуды іске асырды, бұл соңғы есепте, халықтың құрылуына алып келді.
Халық – тілдің, шаруашылық және мәдени іс-әрекеттің ортақтығына ие болған этностың типі, бірақ этникалық өзіндік сана әлі де жеткілікті рельефтік әлпет алмаған [2, 232 б.].
Халыққа шаруашылық байланыстардың, ортақ мәдениет элементтері, жалпы жинақылық атауының болуы да тән. Ақша-тауар қатынастарының дамуымен халықтың ұлтқа айналуы орын алады, дегенмен олардың біразы өздерінің аз сандылығы мен жеткіліксіз дамуының басымдылығында ұлттың құрылымдар бола алмады [1]. Ұлт – бұл бір тілде сөйлейтін, ортақ мәдениеті, салт-дәстүрі, психологиясы мен өзіндік санасы бар адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастығының жоғары формасы [2, 237 б.]. Ұлттың қалыптасуы – бұл күрделі және ұзаққа созылатын үдеріс. Әлеуметтік-экономикалық факторлар мыналар болып табылады: 1) табиғат құбылыстарын қабылдау мен әлеуметтік қауымдастықтың консолидациясы (бекітілуі) жақындасуының қалыптасуына мүмкіндік беретін, өмір сүру территориясының ортақтығы; 2) шаруашылық белсенділігінің ұқсас типін қалыптастыратын, қайсыбір ресурстармен анықталатын, экономикалық іс-әрекеттің ортақ болуы; 3) тілдің, діннің, әлеуметтік мінез-құлық нормаларының ортақтығымен бейнеленетін мәдени бірлік; 4) шешуші фактор болып табылмаса да, адамдардың ортақ этникалық шығу тегі; 5) ортақ тарихи тәжірибе, ортақ тағдырды сезіне білу, өткен шақтың, қазіргінің және болашақтың ортақтығы; 6) ұлттық өзіндік сананың ортақтығы. Ұлттық бірегейліктің қалыптасуы Ұлттық қалыптасуының негізгі факторы болып табылды.
Ұлттық біркелкілік – жеке адамдардың өз халқына және ұлттық саяси жүйесіне қатынасы бойынша болатын эмоциональды реакциясын бейнелейтін мәдени норма. Ұлттық біркелкіліктің маңызы соңғы кездері жоғарылауда [4, 16 б.].
Этникалық азшылық түсінігі әлеуметтануда кең түрде қолданылады. Әлеуметтанулық түсініктегі азшылықтың мынадай белгілері болады: 1. Оның өкілдері басқалармен салыстырғанда қалғандарының тарапынан болатын қанаушылықтың салдарынан солармен салыстырғанда жағымсыз жағдайда болады. Қанаушылық егер адамдардың бір тобы басқа топқа тиесілі болатын құқықтар мен мүмкіндіктерден айрылған кезде орын алады. 2. Азшылықтың мүшелері топтың қандай да бір ынтымақтастық сезімін «бірыңғай бүтіндікке тиесілі болуы» бастан өткереді. Шындығында, қанаушылықпен және наным-сеніммен болатын қақтығыс топқа деген адалдық сезімін күшейтеді. 3. Әдетте қандай да болсын дәрежедегі этникалық азшылық жекелей және әлеуметтік түрде қалған қоғамнан аластатылған болып шығады. Дұрысында, олар елдің нақтылы аудандарында, қалаларында немесе аймақтарында шоғырланады. Азшылық өкілдері мен халықтың басым бөлігі арасындағы некелер жеткілікті түрде сирек болады [5, 236 б.].
Қанаушылық деп азаматтардың нақтылы категориясының қандай да болсын белгілерімен құқықтарының шектелуі немесе одан айрылуын түсінеді [3, 73 б.]. Қанаушылық үшін негіз жиі түрде наным-сенім дәлел бола алады. Наным-сенімге сену – бұл әділетсіз, күні бұрын болатын пікір [2, 313 б.].
Нанымдарға сену бірқатар топтардың себебі бойынша болатын ой-пікірлер мен сезімдерге тиесілі болса, ал қанаушылық – оларға деген қатынасы бойынша іс-әрекетке қатысты болады. Стреотиптердің өзі адамдардың топтары туралы шектен тыс немқұрайды түсінікті білдіреді. Расизм – бұл өзіне нақтылы нәсілдік топ туралы тұрақтанған түсінікті қосатын нанымдарға сенушілік типі [6].
Расизм нақтылы сыртқы денелік белгілеріне ие болатын, жеке тұлғалар мен жеке адамдардың мінез-құлықтарының туа біткен санаттамаларын жалған түрде жазылып қоюын білдіреді. Расист (нәсілшіл) – берілген жеке адамдық типтің адамдарға қосымша түрде тән болып келетін үстемділігі немесе жетілмегендігінің белгілерінің биологиялық түсіндірмесі болуы мүмкіндігіне сенетін адам [5, 238 б.]. расизм қауіпті құбылыс болып табылады. Әлемдік қауымдастық, БҰҰ нәсілшілдікті адамның жалпы және іргелі құқықтарының дөрекі түрде бұзылуы ретінде айыптайды, барлық елдерден нәсілшілдіктен белсенді түрде түп-тамырымен жою үшін күресуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет