ТАҚЫРЫП: Қали Сапарбаев «Туған жердің ыстығы-ай»
|
Өткізген күні:28 қазан 2015 жыл
|
Шеберлік сабақ жоспары:
ШЕБЕРЛІК-Сабақтың МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану-білім сапасын арттыруға бағытталған іс-тәжірибемді аудан ұстаздарымен бөлісу;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Аудандағы жас мамандар сабақты құру мен сабақ құрылымына талдау жасау жолдарын игеруді жетілдіреді, білім сапасын арттырудағы түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алады.
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Қызылүй орта мектебі. Бастауыш , 4-сынып:
ШЕБЕРЛІК-САБАҚ БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту,Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Құпия хат»; «Фишбоун», «Екі бөлімді күнделік»,жұппен жұмыс; ықпалдасу сәті; «Кір жаятын жіп», «Жоғалған жолдар» топтық жұмыс(бірлесіп талқылау);
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым, көшпелі материалдар, Жібек жолы – түйелер, стикерлер, смайлик т.б.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар, дидактикалық материалдар, әдіс-тәсілдер
|
Өткізілген шеберлік-сабақтың рефлексивті есебі: 28 қазан күні аудан көлемінде өткізілген «Педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану- білім сапасын арттыру жолы» тақырыбында Қызылүй орта мектебінде семинар болып өтті.Семинардың мақсаты- аудандағы жас мамандарға қолдау көрсету, сабақтарында жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуге үйрету және деңгейлік курстардан өтпеген ұстаздарға кәсіби қолдау көрсету болды.
Шеберлік сабақ нәтижелі өтті. Шеберлік сабаққа – ауданның 14 мектебінен жас мамандар қатынасты. Бұл семинарға 4 ашық сабақ, коучинг, дөңгелек үстел және шеберлік сыныптары өткізілді. Сабағым өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабақ аясында өзара ықпалдастық құрып, жылы жүрекпен жұмысқа кірісті. Сабақ кезеңдері жоспарланған жоспар бойынша жүргізіліп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар сабаққа деген қызығушылықтары артты. Кедергі келтірген жайт- мұғалімнің деңгейлік курстан өтпегендіктен күнделікті сабағы дәстүрлі сабақ көлемінде өтетіндігі байқалды. Оқушылар топпен, жұппен жұмыс жасауда қиналғандары көрінді. Дегенмен сабақ өз деңгейінде өтілді.
Шеберлік сабақты ұстаздарға көрсету соңында ұстаздар өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айта отырып екі жақты кері байланыс орнап, мұғалімдер өз тілектерін, ұсыныстарын білдірді.
Шеберлік –сабаө барысында ұстаздарға білгенімді үйрете отырып, олардың сабақ туралы жылы лебіздері мен өздеріне кішкене болса да қажетті әдіс-тәсілдерді менің сабағымнан алғандарына қуанып, сол қуанышпен үйге оралдым.
|
Қосымше дәлелдемелер:Фотосуреттері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |