Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдары



бет149/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
15.2. Оқушылардың тәрбиелік деңгейлерін анықтаудың жолдары. Мектепте оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда негізгі мақсат - пән сабақтарындағы білім мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан білім мен тәрбие бере отырып елін, жерін сүйетін және оны қорғай білетін, әлемдік ғылыми-прогресс көшіне ілесе алатын патриот-азамат тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

- оқу-тәрбиені тұтас педагогикалық үрдіс деп қарап, пән сабақтағы білім мазмұнымен сыныптан тыс уақытта жұмыстарды біріктіре отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;


  • ұлттық рәміздердің пайда болуы және олардың шығу тарихын біле отырып, Қазақстан Республикасының рәміздеріне туына, елтаңбасына, әнұранына деген құрметін қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Оқушылардың тұлғалық қасиеті, білім мен тәрбие деңгейлері сауалдамалар, тест тапсырмалары және тұлғаның әлеуметтік ортаға, жолдасына, үлкендерге, кішілерге, т.б. қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Егер жеке патриоттық тәрбие мәселесін байланысты қарастыратын болсақ, оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлері төмендегі көрсеткіш-деңгей тұрғысынан айқындалуы мүмкін.

1 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, жеке бас іс әрекетіне айналған.

2 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы мағлұматтары бар, бірақ жеке бас қасиеттеріне айнала қоймаған.

3 - деңгей. Оқушының ұлттық патриотық мұралар, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайлар туралы түсініктерінің жетімсіздігі.

Оқушылардың бойындағы құндылықтардың қалыптасуы бойынша мектеп ұжымы анықтау, дамыту, бекіту эксперименті барысында оқушылардың ұлттық патриотық мұраларды, олардың дамып, қалыптасуын түсінуі және патриотизмнің дамуына ықпал еткен әлеуметтік жағдайларды білуі, тарихи оқиғалардағы патриотизмнің ерекшеліктерін айқындауы, халық мұрасындағы патриоттық құндылықтарды оқушылардың бағалаудағы көзқарасы, іс-әрекеті, іс-қылығы, өзін-өзі бағалауы бойынша білімдік тәрбиелік өлшемін анықтай алады.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі негізгі міндеттер – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін негізге ала отыра бүгінгі қоғам мүшелерінің бойында Қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сауалнама тек оқушылардан ғана емес, оладың ата-аналарымен де жүргізілуі керек. Сондықтан да жас ұрпақ бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, яғни жастайынан ерлік пен елжандылықтың рухын себу отбасынан бастау алады. Отбасындағы негізгі міндет - баланы жастайынан ата-анасына, туған-туыстарына, әулетіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін жетілдіру арқылы, Отанына, мемлекетке деген шынайы сезімін қалыптастыру.

«Отанды сүю отбасынан басталады» дегендей жеке тұлғаның бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруда отбасы негізгі орын алады. Әсіресе патриотизмге берген Ш.Уәлихановтың тұжырымын негізге алатын болсақ, ең алдымен өз отбасы, туған туыстары, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін деуінен-ақ патриотизмнің негізгі мәйегі отбасы екені дау тудырмайды. Отбасында жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда бірінші орында адам бойындағы адами құндылық қасиеті негізгі орын алады . «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген елжандылық ұрандар адамның жеке басына қарағанда ел намысы, елі үшін мақтаныш сезімі жоғары екенін түсінеміз.

Расында да, көптеген ғылыми еңбектерді зерделейтін болсақ, патриотизмді қалыптастыруға себін тигізетін қасиетті белгілер: ұлттық сана - сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет - ғұрыптар, парыз, намыс, бірлік және міндет. Патриотизм сапа, сенім тұрғысынан негізделіп, сезім арқылы көрініс береді.

Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие мазмұнына енгізе білсек, ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, яғни оқушылардың бойына Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.

Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде тұтастай педагогикалық процесс қамтылады. Тәрбие беру төмендегі негізгі педагогикалық жағдайлардың қамтылуын көздейді:

– тұлғаның бойында адамгершілік құндылықтар қалыптастыруға бағытталған тәрбие ортасын құру;

– жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндер циклының мазмұнына сәйкес кіріктірілген сабақтар жүргізу;

– тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану;

– мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс.

Әлеуметтік тұрғыда тұлғаны дамытудағы негізгі жағдай мектептің оқу тәрбие ортасы. Мектептегі жариялылық, ашықтық, оқу еңбек үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы, оқушы мен мұғалім арасындағы шынайылылық – тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың, соның ішінде патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға игі ықпал етеді. Мектептегі тәрбие ортасы – мұғалім, оқушы және ата–аналардың өзара бірлігінде құрылады.

Тәрбие ортасын құрудың үдерісі педагогикалық іс–әрекетті ұйымдастырудың ережесінде негізгі көрініс табады. Ол:



    • біріншіден, мектеп оқушының өз үйіндей болуы, тұлға онда өзін еркін сезінуі керек, мектептің қуанышы оның қуанышы болып табылуы керек;

    • екіншіден, мектептің алдына қойылған мақсат пен міндет – кез–келген оқушының міндетіне айналуы керек;

    • оқушыға сену, сенім арту, оның ішкі жан дүниесіне ықпал ету.

Мектеп оқушыларының білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне деген қатынасы арқылы тәрбие үрдісі төмендегі міндеттер арқылы іске асады:

  • оқушы санасында әлем туралы ғылыми негізделген және тұтастай нақты мәлімет қалыптастыру;

  • Отан тағдыры үшін жауапкершілік, азаматтық сананы қалыптастыру;

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру, мінез-құлықтарында құндылықтарды қалыптастыру;

  • оқушылардың бойында сыни тұрғыда ойлауды қалыптастыру;

  • тұлғаның өз «Менін» қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру.

Жоғарыдағы міндеттер өзара жүйелі, сабақтастықта жүзеге асырылатын болса тұтастай тәрбие жүйесін құра аламыз. Аталған тәрбие жүйесін нақты құра отырып бүгінгі егемен еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын адамгершілік құндылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет