Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет116/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203
Қызығушылықтарын ояту. Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек», немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын «Жанұя тобын» құрап алу керек. Ол үшін оқушылар өздері ұнататын түстерді таңдап алады. Бұл ойынның аты «Кімге қай түс ұнайды – қызыл, сары, жасыл» түстер берілген. балалар, топқа бөлініп «Жанұя тобын» құрап алды.
Сары түсті – I топқа;
Жасыл түсті – II топқа;
Қызыл түсті – III топқа келіп отырады.
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру:
Қызыл – Ізденімпаз; Жасыл – Ойшыл; Сары – Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?», «Бүгін қай күн?» сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады.
Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт «бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатты. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір саламыз.
Ой толғаныс. Оқуды қорытындылауы. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жолды өлең» тәсілдерін пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыларды табиғатпен қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2-сыныпта табиғатты зерттеу, болжау, жинақтау, топтау т.б. денелер, заттар , құбылыстар жайындағы білім жүйесі, табиғаттағы су, ауа тіршілікке керекті табиғат заттары ретінде қаралады. Адамның, судың, топырақтын құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны да ашылады. Бұл тақырыптарды өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақтың сапасын арттыруға болады. Оқушыларға ауаның, судың тазалығы, топырақтың құнарлылығы, адам тіршілігіндегі орны туралы өз пікірлнрін айтқызып, «Адам табиғат қамқоршысы» атты бес минуттық эссе, шағын әңгіме жазғызуға болады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «Топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру».
Топтық жұмыстың бала танымына тигізетін оң әсерлерін жіктеп көрсету үшін, тәжірибе барысында өткізілген «Дүниетану» пәнінен «Табиғат» тарауының қорытынды сабағымен байланыстырып көрсетелік:
Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып екі тізім жасауын түсіндіреміз. Бірінші топтың міндеті – табиғатқа адаи баласының жасайтын қиянатын өзара ақылдасып тізбек құрып жазу. Екінші топтың міндеті – табиғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады, немесе жасауды ұсынады соны жазу. Белгіленген уақыт аяқталаған соң, әр топтан бір оқушы шығып тізіммен таныстырады. Ал, үшінші топтың міндеті екі топтың жасаған тізімдерін тыңдап, бағалайды.
Осылай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушы өзінің жинақтаған біліміне, азды-көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынады:
1.Топ жеке адамның пікірімен санасады;
2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады;
3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды.
4.Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдылары қалыптасады;
5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяндық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя отырып, мінез күштерін қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шарттар орындалуы шарт:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2.Оқушыларға ойланып-толғанып, ойын айтуға рұқсат беру;
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
1.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған байланысты:
-сенімділікпен жұмыс жасау;
- бар ынтасымен оқуға берілу;
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
- өз пікірін анық білдіруді талап ету қажет.
Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екуіне ортақ сипаттамалар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға топтастырады, яғни күрделі ойлау өнерін меңгереді.
Ойын технологиясы. Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақыраптары бойынша алған білімдерін терендете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, зерде үрдістерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесің демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.
Ойын технологиясын дүниетану сабағының барлық бөлімдерінде қолдануға болады. Әсіресе «Табиғат» бөлімін өткен кезде жануарлар мен өсімдіктерге байланысты ойынның түрлері өте көп. Мысалыға:

  1. Өсімдіктердің көп түрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны,

  2. «Кім немен қоректенді» ойыны;

  3. «Табиғат бірлестігі» ойыны.

2-сыныпта «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» тақырыбын өткенде «Құстардың мекені», «Қай құстың тұмсығы» ойындарын ойнатуға болады.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі:
1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан-жануарлар жөніндегі жұмбақ-ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім тез таңдайды», «Сыр сандық» т.б.
2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар:
«Күн режим», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б
3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б.
4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «сиқырлы қоржын» т.б.
5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындар көбірек пайдалану өте тиімді,
олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бітімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға болады. Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке итермелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет