Тарих indd


Әлеуметтік тарих және тарихи антропология



бет58/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
репина док

Әлеуметтік тарих және тарихи антропология


Адамдардың тарихты әлеуметтік өзара әрекеттесу ретінде түсінуі тарихи өмірдің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі уақытта белгілі бір формада көрін- ді. Әлеуметтік тарихтың «барлық уақыттарға» арналған толық әрі нақты анық- тамасын беру ұмтылысы белгілі бір қиындықтар мен сәтсіздіктерге тап болды. Тарих ғылымының саласы ретіндегі әлеуметтік тарих ұғымының тарихи сипа- тын ескере отырып, оны интеллектуалдық эволюцияның әрбір кезеңінде талдау барысында оның пәнін түсіндіру, басты мәселелерін қарастыру және оны қай тұрғыдан зерделеу, әлеуметтік-тарихи зерттеулердің әдістері мен техникалық тәсілдерін анықтау сынды мәселелер маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік тарихтың жетекші тарихи пән ретінде қалыптасуы мен дамуы соғыстан кейінгі онжылдықтарда белең алған тарих ғылымының әдіснамасын жаңартудың қарқынды процесімен байланыстырылады. хх ғасырдың ортасын- дағы тарихнаманың дамуының басты әрі анықтаушы ерекшелігі дәстүрлі тарих- қа қарама-қарсы қоғамдық ғылымдардың теориялық модельдері мен зерттеу техникаларымен байытылған, тек гуманитарлық білімнің саласы ретінде ғана қарастырылған аналитикалық пәнаралық тарихты дамытуға деген ұмтылы- сында болды. хх ғасырдың екінші жартысында осындай кең ауқымдағы интел- лектуалдық қозғалыстың барысында «жаңа әлеуметтік тарих» қалыптасты. Ол әлеуметтанудың, қоғамның, оның жекелеген топтары мен олардың арасындағы қатынастарының ішкі ахуалын сипаттайтын терминдері арқылы тарихи өткенді түсіндіру міндетін қойды.
«Жаңа әлеуметтік тарихтың» қалыптасуы ежелгі немесе классикалық деп ата- латын әлеуметтік тарихтың жіктелуінің ұзақ кезеңі мен дәстүрлі әрі сциентистік тәсілдердің айырмашылықтарының жинақталуының алдында болды, ол тарих- намалық дәстүрдің үзілуімен аяқталды. Егер әлеуметтік тарихтың тарихи білім- нің саласы ретіндегі маңызды ерекшеліктерін қысқаша тұжырымдауға тырыс- сақ, онда, ең алдымен, оның таңғажайып қозғалғыштығын әрі қарқынды дамып келе жатқан қазіргі тарихнаманың радикалды өзгерістеріне бейімделу қабілетін атап өткеніміз дұрыс болады. Бұл ғылыми пән өзінің дамуының түрлі кезеңде- рінде бірнеше рет өз нысанын қайта анықтау және зерттеулер мен жалпылама- лардың үйреншікті модельдерін жаңарту қажеттігімен бетпе-бет келді.
Бірнеше онжылдықтар бойы «жаңа әлеуметтік тарихтың» дамуының логи- касын анықтаған өзгергіштігімен және сезімталдығымен өзінің интегралдық таным объектісінің табиғатына сай білімнің тарихи, гуманитарлық, әлеуметтік- ғылыми салаларымен ықпалдасуға міндетті болды.
1960 жылдар мен 1970 жылдардың басында әлеуметтік қатынастарды зер- делеуге деген ұмтылыс тарихи-әлеуметтанулық зерттеулердің аясында бай- қалды. Ал әлеуметтік тарихты түсінуде қоғамды тұтас ағза ретінде зерделеуге бағытталған тұтастық әрекеті үстемдік етті. дәл осы жылдары тарихи және са- лыстырмалы әлеуметтануға, сондай-ақ қоғамдық процестерді (яғни тарихи әрі әлеуметтанулық тәсілдерді) зерделеудің нақты-тарихи, салыстырмалы-типо- логиялық, идеалдық-типтік әдістерін тамаша үйлестірген, сондай-ақ тарих пен
192 СЕгіЗінШі ТАРАу

әлеуметтануды екі түрлі пән ретінде емес, ғылыми мүдденің екі бағыты ретінде қарастырған Макс Вебердің мұрасына деген қызығушылық арта түсті. 1970 жыл- дар мен 1980 жылдардың басында «жаңа тарих ғылымы» сияқты «жаңа әлеу- меттік тарихтың» және оның қосалқы пәндерінің де қарқынды дамуы айтар- лықтай эклектикалық әдіснамалық негізде өрбіді. Бірақ бұл уақытта әлеуметтік тарих ұғымының өзі айтарлықтай кеңейген еді: таптар, сословиелер және өзге де адамдар тобымен бірге ол отбасы, қауым, түрлі қоғамдар мен корпорациялар сияқты индустриялық дәуірге дейінгі кезеңде кең тараған әлеуметтік микро- құрылымдарды да зерттеу нысанына айналдырды. Әлеуметтік қарама-қайшы- лықтардың, мемлекет саясатының, дін мен шіркеудің рөлі идеологияның түрлі формаларының ерекше сипатына мүмкіндік беретін әлеуметтік құрылымдар мен страталардың анағұрлым күрделі бейнесі – түзу сызықты таптық тәсілге қарсы қойылды. Классикалық факторлық талдаудан (оның монистік, сондай-ақ плюралистік нұсқаларында) біртіндеп бас тарту дұрыс бастама еді. Қоғамға бар- лық тарихи дамуды анықтай алатын, салыстырмалы түрде тәуелсіз кез келген факторды шектеу және табу мүмкіндігін жоққа шығаратын тікелей әрі кері бай- ланыстың күрделі жүйесінде өзара әрекет ететін тұтас ағза ретінде қарайтын көз- қарас бастапқы принциптік ережеге айналды.


Алайда құрылымдар мен процестерді талдауды жеңілдететін ғылыми- әлеуметтік теориялар, жалпы алғанда, оны тарих субъектілерінің қызметін зерт- теумен байланыстыра алмады. Әлеуметтік тарихқа антропология мен әлеумет- тік психологиядан алынған тәсілдерді енгізуі ізденістің жаңа бағытын анықтап берді. Сондай-ақ 1970 жылдардың ортасы мен 1980 жылдардың басында мәде- ни антропология пәнаралық өзара әрекеттестіктің алдыңғы қатарына шықты. Оның ықпалы арқылы әлеуметтік тарихшылар объективті құрылымдар мен процестерді зерттеуден гөрі, мәдениетті антропологиялық тұрғыдан пайымдау- ға, яғни бұрынғы дәуірдегі адамдардың әдеттегі санасының нақты мазмұнын, бұқаралық сипатымен және менталдық түсініктерді, символдық жүйелерді, әдет-ғұрыптар мен құндылықтарды, психологиялық көзқарастарды, қабылдау мен мінез-құлықтың стереотиптерін зерделеуге қызығушылық білдірді.
1970–1980 жылдардың аралығында менталдылық тарихын сын тұрғысынан пайымдау мәселесі, шын мәнінде, оны әлеуметтік тарихқа айналдыруға бағыттал- ған еді. Бұл мәселе мәдени мінез-құлықтардың әлеуметтік жіктелуі мен ментал- дық кешендердің бағыныштылығын мойындаудан, сонымен қатар олардың жеке өзіндік дамуын жоққа шығарудан және менталдылық тарихын өмірдің шынайы жағдайлары мен оларды түйсіну тәсілдері арасындағы диалектикалық өзара бай- ланыстарды табу арқылы құрылымдардың тарихымен біріктіру талаптарынан кө- рінеді. Адамзат қоғамына тән әлем бейнесін қалпына келтіру немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүшелері өздерінің мінез-құлқында басшылыққа алған бейне- лердің, түсініктер мен құндылықтардың жиынтығы әлеуметтік жүйені талдаудың құрамдас бөлігі және әлеуметтік ортаны зерттеуді талдаумен байланыстыруға мүмкіндік беретін қажетті топ ретінде қабылданды. Әлеуметтік шындықты, та- рихи оқиғалар мен құбылыстарды қалыптастыратын адамзаттың іс-әрекеттерін түсіндіруде әрекет етуші субъектілердің санасының мазмұндық жағына, ең алды- мен, олардың әртүрлі қоғамдық топтар арасындағы өзара байланыстары туралы, әлеуметтік иерархия және ондағы өзінің орны жайындағы түсініктерге ерекше
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 193

назар аударылды. Менталдылық тарихы мұндай түсіндіруде өзінің мәні және өзекті мәселелерді тұжырымдауы бойынша менталдылықтың әлеуметтік тарихы- на айналды.


Әлеуметтік тарихшылар өткен кезең адамдарының әлеуметтік-мәдени сте- реотиптері мен рефлекстелмеген түсініктері туралы қосымша мәліметтер- ден шынайы ақпараттарды іздеу барысында еуропалықтарға жат әрі түсініксіз ежелгі тайпалардың мәдени кодын анықтау (өмір тарихын және отбасы тари- хын немесе рудың тарихын, көріністерді, оқиғаларды т.б. талдау әдістері) үшін антропологтардың жасаған ерекше әдістері мен танымдық тәсілдерін пайдалан- ды. Сөйтіп, қазіргі тарихнамадағы әлеуметтанулықтан кейін антропологиялық бетбұрыс болды: пәнаралық өзара ықпалдасудың басты арнасы тарихи антро- пология кеңістігіне ауыстырылды. Антропологиялық бағдар әлеуметтік тарихқа антропологияның басты міндеттерін – белгілі бір әлеуметтік топ мүшелерінің субъективті менталдық әлемін ұғынуды және кез келген адамдық іс-әрекеттер- дің негізінде жатқан идеялар мен ұғымдардың жүйелерін анықтауды енгізді.
1970–1980 жылдар жеке әрі ұжымдық мінез-құлық пен сананы зерттеу сала- сында шынайы бетбұрыс жасаған жекелеген әлеуметтік-тарихи зерттеулердің серпіліс кезеңі болды. Тарихи процестің адамдық өлшемін анықтауға бағыттал- ған зерттеу мәселелерінің түбегейлі өзгеруі тұжырымдамалық аппарат пен зерт- теу әдістерін жаңалауды талап етті. Осылайша әлеуметтік өмірдің ажырамас құ- рылымы ретінде адам санасының саласын өзінің зерттеу нысанына айналдырған әлеуметтік тарихтың жаңа парадигмасының қалыптасуына жол ашылды.
дәл сол кезде, бір жағынан, әлеуметтік-құрылымдық тарихтың, екінші жағы- нан, тарихи антропологияның белсенді жақтастары мен теоретиктері арасында қызу пікірталастар болды. Соңғысының жақтастары мен теоретиктері әлеумет- тік-құрылымдық тарихтың өкілдерін тарихтың гуманистік жағын ескермегенде- рі үшін айыптады әрі тұлғадан жоғары (немесе тұлғасыз) құрылымдар мен про- цестерден бас тартуға және қарапайым адамға бет бұруға шақырды. Сонымен әлеуметтік-тарихи зерттеулерде екі парадигма бір арнаға тоғыса бермейтін жағ- дай қалыптасты олар: әлеуметтік және антропологиялық бағдардағы әлеумет- тік-мәдени тарих еді. Алайда антропологиялық тарих немесе тарихи антрополо- гия біртіндеп басымдыққа ие бола бастады. Ол адам санасындағы (субъективті шындықтағы) барлық тарихи ақиқатты синтездеу міндетін қойды, өз кезегінде, соңғы ақиқатқа және қазіргі тарихнамадағы үстемдікке наразылық білдірді.
Төменгі тапты зерттеуден басталған антропологиялық тарих қоғам иерар- хиясындағы (олардың түсініктеріндегі бір-біріне деген қарама-қайшылықтың өлшемінің бейнесін қоса алғанда) орнына қарамастан, өзінің зерттеу нысанына барлық әлеуметтік таптар мен топтардың мінез-құлықтарын, әдет-ғұрыптарын, құндылықтарын, түсініктерін, діни нанымдарын енгізді. дегенмен тарихшылар қалыпты сананың анағұрлым тұрақты әрі жалпыға ортақ стереотиптерімен ғана шектеліп қалмай, әртүрлі әлеуметтік топтарға тән, анағұрлым құбылмалы әлеу- меттік-мәдени түсініктердің ауқымды бөлігіне де қызығушылық білдірген еді. Әлеуметтік универсумның мәдени дәстүрлерінде сақталған адам қызметінің барлық түрлерінің бағдарламаларын қалпына келтірудің жаңа міндеттерін зерт- теу жобасына енгізу әлеуметтік тарихқа антропологиялық тұрғыдан қараудың бірден-бір жетістігі болды. Санадағы өзгерістердің механизмін тарихи тұрғыдан
194 СЕгіЗінШі ТАРАу

түсіндіру мәселесі өз шешімін таппаса да, антропологиялық бағдар әлеуметтік тарихтың жаңа таным деңгейіне көтерілуіне жол ашты.


1980 жылдары әлеуметтік тарих «жаңа тарих ғылымының» нақты зерттеуле- рінің жетекші саласына айналды: пәнаралық тарихнаманың көптеген жаңа сала- лары осы арнада тоғысты. Пәндердің бірқатар топтарының пайда болуы өзіндік тарихи санасының қалыптасуын қажет еткен және халықтың езілген әрі қанал- ған бөлігінің, яғни «тарихы жоқ» немесе «тарихтан жасырылған» халықтардың өткеніне деген қызығушылықты ынталандырған қоғамдық қозғалыстардың да- муымен байланысты болды. «Төменнен басталған тарих» немесе халық тарихы үшін қозғалыстар әлеуметтік тарихты байыту мен оның мәнін қайта анықтауда айрықша рөл атқарды, сондай-ақ «жұмысшы табының жаңа тарихы», «әйелдер тарихы», «шаруалар зерттеулері» (негізінен, Азия, Африка және Латын Америка- сы елдерінің тарихы бойынша) сияқты қосалқы пәндердің бөлініп шығуына жол ашты. Сонымен бір мезетте зерттеу әдістері арқылы біріктірілген «жергілікті» әрі «ауызша» тарих пайда болды.
Жаңа қосалқы пәндердің қалыптасу процесінде әлеуметтік тарихпен «бүр- кемеленген», өзіндік сипаты бар әртүрлі сюжеттер мен формаларға құрылған зерттеу жұмыстары көбейе бастады. Сондай-ақ пәнаралық тарихтың көптеген жаңа салалары өзара іргелес салаларды біріктіре отырып, әлеуметтік тарихтың барлық кеңістіктерін қамтып, іргелес гуманитарлық және әлеуметтік пәндер арасында байланыс орнатты. Бірақ барынша бөлшектенген жаңа пәнаралық ны- сандарды зерттеу барысында алынған мәліметтерді жалпылау үшін теориялық тұрғыдан өңделген негіздеменің жоқтығына байланысты күтілетін синтездің болашағы барған сайын бұлыңғырлана түсті.
Ғылыми бағдардың антропологиялық революция деп аталған кезекті ауы- сымы үшін әртүрлі зерттеу тәсілдерінің жетістіктерін тәжірибе жүзінде «ие- ленуге» ықпал ететін қажетті теориялық жұмыстар жүргізілмеді. Пәнаралық синтездің болашақ бағдарламасына қатысты келісімді, сондай-ақ негізгі прин- циптік мәселелер бойынша пәннің ішкі консенсусының болуын да еш нәрсе дәлелдемеді. Әлеуметтік тарихтың саласындағы түрлі бағыттардың өкілдері оның пәні мен әдістерін түсіну мәселесінде екіге бөлінді. Теориялық-әдісна- малық және саяси-идеялық алауыздық әлеуметтік тарихтың қоғамдық функ- циясына және зерттеулердің мазмұны мен міндеттеріне қатысты тәсілдердің әртүрлілігіне де байланысты еді. Кейбір зерттеушілер әлеуметтік тарихты эко- номикалық және саяси тарихтың арасындағы аралық сала ретінде қарастыра отырып, оның міндетін тар мағынада әлеуметтік құрылымды, яғни әлеуметтік ұйымдарды, топтарды, институттар мен қозғалыстарды (әлеуметтік-құрылым- дық тарихты) зерттеумен шектеді. Өзгелері индивидтердің арасындағы әлеу- меттік байланыстарды «Анналдар мектебінің» «тұтас тарихы» немесе «жүйе ретіндегі қоғамның тарихы» бағытында зерттей отырып, адамзат қоғамын тү- сінуге тырысты.
Бұл контексте әлеуметтік тарихтың интеграциялық табиғатын бейнелейтін және сонымен қатар оның ішкі мазмұны мен синтезінің негізін әртүрлі тұр- ғыдан түсіндіретін ғылыми бағдарламалар қалыптасты. 1970 жылдар мен 1980 жылдардың басындағы пікірталастарда әлеуметтік тарихтың нысаны мен маз- мұнын анықтаудың түрлі тенденциялары айқын көрінді. Әлеуметтік тарихтың
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 195

мәртебесі жайындағы мәселе тек субъективті бағалаудың айырмашылығымен ғана шектелмеді. Адамдарға тікелей қатысы бар адамаралық, тұлғааралық бай- ланыстар әлеуметтік мәселе, сондай-ақ әлеуметтік сала интеграциялық бол- ғандықтан, бұл жағдайларды реттеу барысында объективті қиындықтар орын алды. Әлеуметтік тарихтың мәртебесі мен нысаны туралы қалыптасқан кереғар түсініктерге сәйкес, соңғысы, бір жағынан, тарихи өткен кезеңді зерделейтін тарихи білімнің өрісі ретінде, ең алдымен, әлеуметтік қатынастардың саласы мен адамдардың белсенділігі туралы білімнің саласы ретінде, екінші жағынан, пәнаралық негізде құрылған тарих ғылымының ерекше, жетекші формасы ре- тінде көрініс тапты. Аталған қарама-қайшылықтар тәжірибелік әдіснама са- ласына да таралып, оның принциптерін талқылау өзекті мәселелердің біріне айналды.


Сыншылар (әлеуметтік тарихшылардың арасындағы да, айналасындағы да) мынадай жағымсыз жағдайларды атап өтті: әлдебір қоғамдық ғылымның белгілі бір мәселесіне қатысты және тарихи өзгерістерге қатысы жоқ әлеуметтанулық, экономикалық және басқа да теорияларды, әдістерді, модельдер мен концеп- цияларды механикалық тұрғыдан қолдану; құрылымдық әрі сандық талдаулар- дың әдістерін дұрыс пайдаланбау; зерттеудің техникалық тәсілдерін (квантифи- кация, ауызша тарихтың әдістемесі, жетілдірілген антропологиялық әдіс немесе барынша егжей-тегжейлі сипаттау әдісі т.б.) асыра бағалау. Арнайы теориялық зерттеулер болмағандықтан, тарихи әдіснаманы қазіргі әлемнің құбылыстарын немесе «қозғалмайтын мәдениеттерді» тануға бағытталған зерттеулердің тех- никалық тәсілдерімен алмастыру, тарихи контекст пен даму динамикасын ес- керетін өзіндік коцепцияларды жасаудан бас тарту және т.б. – мұның бәрі әлеу- меттік тарих пен «жаңа тарихтың» дамуына кедергі болды. Зерттеу әдістері де, мазмұндық жағы мен «жаңа әлеуметтік тарихты» баяндау тәсілі де сынға ұшы- рады. Бұл әсіресе саяси тарихтың мәселелерін арнайы түрде қабылдамау мен материалды проблемалық тұрғыдан баяндау дәстүрінде қалыптасқан зерттеу нысанының шексіз бөлшектенуіне қатысты болды. Соңғысы саяси тарихты бұ- қаралық санадағы билік, саяси жүйе мен оның институттарына қатысты өзіндік түсініктері бар саяси мәдениеттің концепциясы арқылы әлеуметтік тарихпен байланыстырған тарихшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде айтарлықтай жүйеленіп, реттелген еді.
1980 жылдары өткен кезеңнің түрлі құбылыстарын, құрылымдары мен аспек- тілерін ғылыми талдаудың бытыраңқы нәтижелерін жүйелі ұлттық, жергілікті, құрлықтық немесе дүниежүзі тарихының аясында біртұтас негізде қалай зер- делеуге болады деген мәселе туындады. Қоғамды талдау мен антропологиялық ғылымның танымдық бағдарындағы мәдениетті зерттеуді біріктіретін тәсілді іздеп табу қажет болды. Бірақ оның өзінде әлеуметтік әрі мәдени антрополо- гияның (қоғам мен мәдениеттің категорияларының арасындағыдай) нысандық алаңының байланысы туралы көп жылға созылған пікірталастар әлі де басылма- ған еді. Әлеуметтік және мәдени антропологияның арасындағы таластың салда- ры екі пәнге де кері әсерін тигізді. Жағдай тек балама шешімдерден бас тарту ар- қылы ғана жол табуға болатынын көрсетті. Антропологиялық талдаудың бұл екі преспективасының тарихи зерттеудің контексінде бірігуі нәтижелі болды. Со- нымен қатар зерттеу тәжірибесінде өздерінің негізгі орнын сақтап қалған жаңа
196 СЕгіЗінШі ТАРАу

пәнаралық әрі дәстүрлі тарихи әдістердің бір-бірін өзара толықтыра алатынын түсіну кеңінен өріс алды.


1980 жылдардың ортасындағы пікірталастарда әлеуметтік тарих өзінің ерекше мәртебеге ие екенін батыл мәлімдеген еді. Оның өкілдері әлеуметтік тарихтың тарихи пәндер жүйесіндегі интеграциялық функциясын ерекше көрсете отырып, тарихи өткен кезеңнің әртүрлі жақтары мен процестерінің зерттелу деңгейін, оның түсіндірмесін синтездеу мәселесін негізгі міндеттердің бірі ретінде белгі- леді. Сциентистік және гуманистік тенденциялардың, құрылымдық әрі антропо- логиялық тәсілдердің, тарихи процестің жүйелі, қарқынды түрде жүруінің қара- ма-қайшылықтарын еңсеруге жиі үндеу тастады. интеграциялық тенденция сол уақыттағы әлеуметтік тарихтың барлық қосалқы пәндерінде және барлық Батыс елдерінің тарихнамаларында біркелкі болмаса да байқалған еді.
Әртүрлі елдерде әлеуметтік тарихтың дамуының бірқатар ерекшеліктері болды. Олар, бір жағынан, әртүрлі дәстүрлердің ұлттық тарихнамалардағы ара- қатынастарының, екіншіден, оның дамуына әсер еткен сыртқы факторлардың ерекшеліктерін бейнеледі. Мысалы, Англиядағы әлеуметтік тарихтың өзіндік ерекшеліктерін көрсеткен факторлардың қатарында марксистік бағыттағы әлеу- меттік тарихшылардың беделі мен белсенділігін; адам мен оның табиғи-әлеу- меттік ортасының өзара ықпалдасуының қарқынын зерттеу ісінде біраз еңбек сіңірген жергілікті тарих пен тарихи географияның әртүрлі мектептерінің ға- сырлық дәстүрлерін; өте бай тәжірибесі бар ағылшын әлеуметтік антрополо- гияның айрықша ықпалын атауға болады. Сонымен, тек маңызы бойынша емес, реті бойынша жүйеленген соңғы мәселені атап өтейік. Көптеген энтузиаст-әуес- қойларды отбасы, туған ауыл, әкімшілік аймақ пен қалалар тарихын, «төменнен басталған әлеуметтік тарихты» бұқаралық тарихи сананың маңызды элементіне айналдырған, әуесқой, өлкетануды халық тарихының контексіне қосуды қолда- ған тарихшы-социалистермен біріктіру болды.
Әлеуметтік антропологияның мәселелері мен әдістерін қолдану Ұлыбрита- ниядағы «жаңа әлеуметтік тарихты» дамытуда маңызды рөл атқарды. Тарихна- ма мен әлеуметтік антропологияны өзара байланыстыру екі пәннің өзара ық- палдасуын қызу қолдаған, нақтырақ айтсақ, «теориялық тұрғыдан артта қалған» тарихнаманы қазіргі әлемнің әр түкпіріндегі түрлі этностық қауымдастықтарды зерттеу барысында жинақталған концепциялармен және әдістермен сабақтас- тырған жетекші әлеуметтік антропологтардың әрекеттері нәтижесінде жүзеге асқан еді. Тарихшылар әлеуметтік антропологияның дәстүрлі үлгідегі жергілікті қауымдастықтарды кешенді талдау, ішкі әрі топаралық әлеуметтік байланыс- тарды модельдеу мен типтеу және басқа әдістерін өздерінің зерттеу нысаны – өткеннің жергілікті қауымдарына қатысты қолданды. Француздың ментал- дылық тарихының өзіндік ағылшын баламасына айналған халық мәдениеті әлеуметтік-антропологиялық тәсілдің негізінде, сондай-ақ фольклорлық және жергілікті-тарихи деректерді пайдалану арқылы қалыпты сананың мәселелерін зерттеумен айналысты. Ол жергілікті-тарихи және әлеуметтік-топтық ерекше- ліктері бар адамдардың рухани өмірі мен мінез-құлықтарын сипаттайтын ау- қымды деректік материалдарды ғылыми айналымға енгізді.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 197





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет