Тарих indd


Қазіргі интеллектуалдық тарих: мәселелері және перспективалары



бет63/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
репина док

Қазіргі интеллектуалдық тарих: мәселелері және перспективалары


«интеллектуалдық тарих» термині онымен айналысатын ғалымның жұмы- сының сапасын емес, зерттеудің негізгі мақсаты адам қызметінің бір аспектісі мен салаларының біріне (экономикалық немесе саяси тарихтағы сияқты) ба- ғытталғанын көрсетеді. Өткен кезеңді зерделеуде үлкен бір бұрмалаушылықтар жоқ, әрине тарихшы өзінің кәсіби қызметіне зиян келтірмей, бір ғана мамандық
218 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу

аясында шектеліп қалмайды. Алайда тарихнамада еңбекті шартты түрде бөлу мәселесі қарастырылған, оның әрбір даму кезеңінде осы процестің нәтижелері қайта қаралып, бағаланады. Өзге әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға қара- ғанда, тарих пәні кейінірек қосылған тарихи танымдағы қазіргі революция та- рихнама мен оның қосалқы пәндерін өзінің әдіснамалық, мазмұндық әрі пәндік негіздерін белсенді түрде қайта анықтауға жетеледі.


Осы өзгерістердің маңызын түсіну үшін пәннің тарихына назар аудару ке- рек. Ұзақ уақыт бойы (XIX ғасырдан бастап) екі ұғым – «интеллектуалдық тарих» пен «идеялар тарихы», шын мәнінде, бір ұғымды білдіріп, негізінен, философия тарихымен сабақтастырыла қарастырылды. Америкалық белгілі философ әрі тарихшы, интеллектуалдық тарихтың классикасына айналған «Болмыстың ұлы тізбегі: бір идеяның тарихы» (1936) атты әйгілі кітаптың авторы Артур Лавджой (1873–1962) «идеялар тарихы» терминіне басымдық берді. Бұл оның өзіндік тә- сілінің ерекшелігін көрсетті. Ол әртүрлі оқу-жаттығулар мен теориялардың құ- рамдас бөліктері ретінде жүйелі түрде қолданылған әмбебап «идея-блоктарды» оқшаулау мен зерттеуден тұрады. А.Лавджой «идеялар тарихы ой тарихының өзге салалары айналысқан мәселемен шұғылданады, алайда оны арнайы түрде ерекше жолмен «оқытады» деп пайымдады. Бұл аналитикалық химия әдісіне ұқ- сас: ол құрылымның ішіне еніп, одан құрамдас элементтерді ажыратуға бағыт- талған. идеялар тарихының мұндай әдіснамасында ірі идеялық кешендер мен философиялық жүйелер тарихшының негізгі зерттеу нысанының басты тақыры- бы болып саналатын идеялық бірліктерді бөлу үшін бастапқы материалға ғана айналды. Зерттеудің негізгі мақсаты – зерделенетін идеяның толық өмірбаянын жасау, сонымен қатар философия, ғылым, әдебиет, өнер, дін немесе саясат бол- сын, оның тарихи дамудың барлық сатылары мен интеллектуалдық өмірдің түр- лі салаларындағы көріністерін сипаттау болды.
А.Лавджой интеллектуалдық өмірдің әртүрлі салаларына әсер ететін фактор- лардың қызықты типологиясын берді, олардың арасында мыналарды атап өту орынды. Бұл, біріншіден, «жасырын немесе айқын емес жорамалдар, көп неме- се аз түрдегі бейсаналы менталдық әдеттер», яғни «формалды түрде ұсынылған немесе бекітілмеген, орнықсыз тұжырымдалған» нанымдар, «олар сыни тұрғы- дан зерделеуге жатпайтын табиғи әрі өзгермейтіндей болып көрінетін ойлау тә- сілдері». Екіншіден, осы «ойлау әдеттері» ықпалының салдарынан қалыптасқан ойлау барысы, индивидтің, философиялық мектептің, тұтас ұрпақтың немесе дәуірдің ой-пікірлері үстемдік ететін логикалық тәсілдер. идеялар тарихының алдында өте күрделі міндеттер тұрды: «жаңа нанымдар мен интеллектуалдық формалардың қалай пайда болатынын әрі қалай таралатынын түсіну, белгілі бір идеялардың танымалдығы мен ықпалының өзгеруіне әсер ететін процестердің психологиялық табиғатын жариялау; мүмкіндігінше бір ұрпаққа үстемдік ете- тін ұғымдар адамдардың ақыл-ойының алдында билігін жоғалтады әрі өзгелер- ге жол береді».30 идеялар тарихының бағдарламасына тағы бір маңызды тармақ енгізілді. Ол белгілі бір идеялардың тек қана әйгілі ойшылдардың ілімдері мен пайымдарындағы көрінісін ғана емес, сонымен қатар адамдардың үлкен топта- рының ұжымдық ой-пікірлерінде бейнеленуін зерттеу, сондай-ақ әртүрлі фак- торлардың наным-сенімдерге, ойға, алдын-ала қарсылықтарға, бейімділікке, бір немесе бірнеше ұрпақтарға тигізетін әсерін талдау. Қысқаша айтқанда, бұл
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 219

жерде кеңінен таралған және көптеген адамдардың ойының бір бөлігі болған идеялар жайында сөз қозғалып отыр.


Сонымен, мәлімделген бағдарламада интеллектуалдық тарихты тұтастай өз- гертудің қажетті алғышарттары болды, алайда оны автор да, оның ізбасарлары да жүзеге асырмады. Сонымен қатар олардың еңбектері идеялардың тарихын әлеуметтік контекст деп аталатын адам белсенділігінің өзге де түрлеріне қатысы жоқ, өзінің ішкі даму логикасы бар идеяларды автономды абстракциялар ретін- де зерделеу деп түсінуге негіз болды.
А.Лавджой мен оның шәкірттері негізін қалаған «идеялар тарихы журналы- ның» (Journal of the History of Ideas) нәтижесінде мұндай тәсіл бірнеше онжыл- дықтар бойы үстем болды. XX ғасырдың 60–70-жылдары интеллектуалдық тарих тарихнамадан шеттеп қалды. Ол теориялар мен доктриналарға назар аударғаны үшін әрі ғылымның әлеуметтік функциялары мен идеялардың әлеуметтік кон- тексін елемегені, «буржуазиялық элитарлығы» үшін, ұлы ойшылдар мен канон- дық дәстүрлерге ерекше қызығушылық танытып, жергілікті дәстүрлер мен ха- лық мәдениетіне назар аудармағаны үшін сынға ұшырады.
Келесі кезеңде бұл әрекет қисынды негізде қарама-қарсы бағытқа бет бұр- ды: интеллектуалдық тарих пен әлеуметтік тарих иядеясында әлеуметтік кон- текстің рөліне басымдық берілді. Менталдылық тарихы мен идеялардың әлеу- меттік тарихы оның әртүрлі формаларында идеялар тарихын қайта зерделеуде шешуші рөл атқарды. идеялар тарихы өзінің пәндік өрісін түбегейлі кеңейтуді білдіретін неғұрлым қолайлы термин ретінде қайта қабылдана бастады: бұл
«ұлы идеялардан» бастап оқымысты адамдардың үлкен тобы қолдаған және айтқан, белгілі бір кезеңде немесе белгілі бір қоғамда қолданылатын (таны- малдан эрудиттік идеяларға дейінгі) барлық идеяларды қамтыды.
Бүгінгі таңда интеллектуалдық тарих идеялардың тарихын бұзбай-ақ, тұтас- тай ауқымды зерттеу кеңістігін қамтып жатыр және ол бір ғана ғылыми пара- дигмаға негізделген бағыт емес. Сонымен қатар ықтимал теориялық-әдіснама- лық перспективалардың ауқымын шектемеу әрекеті толықтай саналы позиция болып саналады. Беделді мамандар әдетте интеллектуалдық тарих қандай да бір тәсілді ұстануы керек деген пікірге қарсы шығады өйткені олардың әрқай- сысы өз алдына жеткіліксіз деп тұжырымдайды. Бұл көбінесе интеллектуал- дық тарихтың пәнаралық мәртебесімен және онымен өзара іргелес пәндердің арасындағы айырмашылықтармен тығыз байланысты. Өйткені қазіргі заман- ғы интеллектуалдық тарих өзінің «тектік» ерекшеліктерін осы уақытқа дейін сақтап келген әртүрлі құрамдас бөліктерді де қамтиды. Бұл жерде идеялар мен идеялық жүйелердің дәстүрлі философиялық негізде бағдарланған тарихы, жа- ратылыстану мен техника тарихы, қоғамдық, саяси, философиялық, тарихи ой жайында ғана сөз қозғалып отырған жоқ, бұлардың басым бөлігі «ішкі тарих- қа» енгізіліп, жалпы тарихи контексті зерделемейтін еді. Бұл жерде өзінің басты мәселесі ретінде танымдық әрекеттің әлеуметтанулық және ұйымдастырушы- лық аспектілерін алған хх ғасырдың 70–80-жылдарындағы әлеуметтік-интел- лектуалдық тарих туралы да сөз қозғалып отыр. Жаңа жалпы перспективаны әзірлеудің күрделі процесі постмодернистік қарсылықтың сабақтарын мең- герген және оған балама ұсынған қазіргі әлеуметтік-мәдени тәсілдің эписте- мологиялық әрі әдіснамалық принциптері негізінде зерттеу тақырыбын қайта
220 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу

пайымдаумен қатар жүреді: интеллектуалдық тарихтың иелігіндегі көп аумақ- тар «жаңа мәдени тарихтың» құрамына енеді.


Қазіргі заманғы интеллектуалдық тарихтың бастапқы алғышарттарының бірі – бір жағынан, идеялар мен идеялық кешендер тарихы, екінші жағынан, интел- лектуалдық қызметтің шарттары мен нысандарының тарихы арасындағы ты- ғыз байланысты ұғыну. Қазіргі кезеңде идеялар қозғалысы мен олардың тари- хи «өмір сүру ортасын» – идеялар туындайтын, тарайтын, дамитын әлеуметтік, саяси, діни, мәдени контекстер арасындағы өзара әрекеттесуді есепке алу өзек- ті мәселелердің бірі болып саналады. Мұндай перспективада гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану-ғылыми білім саласындағы интеллектуалдық қызмет пен процестерді олардың әлеуметтік-мәдени аясында зерттеуді өзінің негізгі міндеті деп санайтын «жаңа мәдени-интеллектуалдық тарих» жобасын жүзеге асыру туралы сөз қозғалуы мүмкін.
«Жаңа мәдени тарих» XX ғасырдың 70–80-жылдарының тарихнамасында қа- лыптасқан халықтық және ғылыми мәдениеттерді, өндіріс пен тұтынуды, мә- дени мазмұн мен құндылықтарды қалыптастыру мен иеленудің қатаң қарама- қайшылығын алмастыруды, соңғысының белсенді әрі жемісті нәтижесін атап көрсетеді. Осылайша жаңа көзқарас тұрғысынан адамның субъективтігі сана мен ойлаудың категорияларын біріктіріп, оның шынайы тұтастығында көрініс табады. дәл осы нұсқада мәдени және интеллектуалдық тарих өзара біріктіріле- ді. Біріншісі адамдарға өз өмірін немесе оның жекелеген аспектілерін түсінуге көмектесетін мифтерге, символдар мен тілдерге назар аударады. Екіншісі дина- микалық суретті «кенепке кестелей» отырып, осы негізге интеллектуалдардың шығармашылық ойын орнықтырады.
интегралдық ұстаным қазіргі интеллектуалдық тарихтың қолданыстағы кон- цепцияларында әртүрлі дәрежеде жүзеге асырылады: оны кең мағынада, барлық мәдени формалардың өзара үйлесімінен құралған мәдениет тарихының бөлігі ретінде түсінуден бастап адам интеллектісін зерделеуге бағдарланған, өткеннің тамаша ойлары мен жоғары мәдениеттің мәтіндеріне ерекше назар аударған оның нысаны мен зерттеу міндеттерін қатаң түрде нақтылауға дейін іске асы- рылады. Ойлаудың тарихи категорияларына, адамның интеллектуалдық қызме- ті мен өніміне, сонымен қатар интеллектуалдық саланың тарихи дамуына (оның көркемдік, гуманитарлық-әлеуметтік, жаратылыстану-ғылыми, философиялық құрамдас бөліктерін қосқанда) деген айрықша қызығушылыққа қатысты нақты- лау мәселесі мен «жаңа мәдени-интеллектуалдық тарихтың» теориялық моделі жемісті жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай түсініктемеге – интеллектуалдық тарихтың зерттеушілік алаңына ойлаудың әртүрлі құралдары- ның, қорғашан орта мен социумды (яғни әртүрлі деңгейдегі интеллектуалдар- дың субъективтілігі) ұғынудың нақты тәсілдерін талдау мен интеллектуалдық қарым-қатынастың барлық формаларын, жолдарын, институттарын (формалды және формалды емес), сонымен қатар олардың мәдениеттің «сыртқы» әлеммен күрделі байланыстарын зерделеу тәсілдері енгізілуі мүмкін.
Бүгінгі таңда мамандар жалпы презентациялық позициямен де, интеллек- туалдық тарихты мозайка принципі бойынша, яғни қазіргі интеллектуалдық кеңістіктің құрылымдарын өткен кезеңмен сабақтастыратын ғылымның тари- хынан, саяси ойдың тарихынан, философия тарихынан, әдебиет тарихынан т.б.
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 221

құрастырудың мүмкіндігі туралы қарапайым түсінікпен де бөліспейді. Керісін- ше, институттық тұрғыдан рәсімделмеген, кәсіби қызмет түрлеріне немесе қа- зіргі академиялық пәндерге айналмаған өткеннің интеллектуалдық өміріндегі білімге көбірек көңіл бөлінеді. Белгілі бір мәселеге бағытталған интеллектуал- дық тарих идеялар мен мәтіндердің «сыртқы» және «ішкі» тарихының, сондай- ақ олардың мазмұндары мен контекстерінің арасындағы қарама-қайшылықты еңсеруге ұмтылады. Мысалы, ғылым тарихында доктриналар мен теорияларға емес, керісінше, ғалымдардың алдында тұрған нақты мәселелерді (олардың мін- деттері мен шешімдеріне енген нормалар мен тәжірибелердің барлық түрін қоса алғанда) шешуге, олардың тарапынан зерделеніп отырған жайттардың оң шеші- мін табуға, энциклопедиялық және оқу бағдарламаларында көрсетілген анағұр- лым жалпы интеллектуалдық контексті, ұйымдастырушылық құрылымдар мен білімнің құрылымын қалпына келтіруге назар аударылады.


Өзгерістер дәстүрлі салаларда, мысалы, саяси ойдың тарихында да орын алды: әдіснамалық арсенал тек «көкпен таласқан шыңды» ғана емес, өзге тари- хи кезеңнің түрлі деңгейдегі интеллектуалдық жағын зерттейтін, кейде «төменгі интеллектуалдық тарих» деп аталатын тарихи-антропологиялық зерттеулердің есебінен ұлғайған болатын. Бір жағынан, бұқаралық сананың түпнұсқалығына үміткер бола алмайтын бұрынғы идеялардың қайсысы қабылданғанын және ұзаққа сақталғанын (таңдау арқылы және жүйесіз болса да) анықтауға ерекше назар аударылды. Екінші жағынан, жаңа идеялар, нақтырақ айтсақ, танымал әдебиеттер арқылы сындарлы кезеңдердегі таралу жолдары мен тәсілдері зерт- телді. Бұл екі перспективалардың арасында еркіндік, теңдік, әділдік, прогресс, тирания, басқа да шешуші ұғымдар сияқты «иесіз» идеялардың тарихын зерт- теуге, сондай-ақ 1980 жылдары танымал болған қандай да бір интеллектуалдық дәстүрлерді зерделеуді неғұрлым ықпалды мәтіндердің мазмұнын талдаумен шектейтін әдіске орын берілді. Алайда бұл бағыттар үнемі сынға ұшырап отыр- ды. Саяси ойдың тарихшылары интеллектуалдық контекстің негізінде туында- ған «әйгілі мәтіндер» мен олардың өзгеруіне қосқан үлестерін анықтау мақса- тында идеялар, мәтіндер мен дәстүрлерді емес, саяси «тілді» немесе «тілдерді» (белгілі бір кезеңнің толық саяси сөздігін) зерттеуге назар аударды.
діни тарихтың мысалында интеллектуалдық тарихтың барлық бағыттарында іргелес пәндермен ықпал аймағын бөлісу мәселесі қалай шешіліп жатқаны анық көрінеді. діни тарих, бір жағынан, институт ретіндегі шіркеудің тарихы емес, екінші жағынан, ресми шіркеу доктринасының тарихы да емес, тіпті, соңғысы- на қарсы шыққан дінбұзар секталардың тарихы да емес. Бұл – жеке әрі топтық бағдарланудың шешуші факторларының бірі саналатын рухани және дүнияуи наным-сенімдер мен мұраттар ретінде бөлінген діни сана мен ойлау жүйесінің тарихы. дегенмен жаңа тенденциялар интеллектуалдық тарихтың зерттеу ке- ңістігінің барлық аумағын қамтыды.
Білім тарихы, ғылым тарихы және пән ретіндегі тарих – қазіргі интеллектуал- дық тарихтың ажырамас бөлігі. Адамзаттың ақиқатты тануға деген қарқынды қозғалысын жүзеге асыратын жаңалықтардың тарихы болған дәстүрлі ғылым- ның тарихына қарағанда, бүгінгі таңда ол өткеннің білімдерін тек қазіргі ғы- лыми ортодоксия тұрғысынан түсіндіруден бас тартады. Ғылым тарихын зер- делеуде әртүрлі тәсілдер бар, бірақ негізгі тенденция интерналистік (ғылымға
222 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу

бағытталған) тәсілді ғылымды қазіргі қоғаммен байланыстыратын кең ауқымды тәсілмен алмастыруға бағытталған. Ғылымның жаңа тарихнамасы оны (сон- дай-ақ білімнің басқа да салаларын) қоғамдық қызметтің формаларының бірі және мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырады. Ғылым мен жалған ғылым туралы түсініктің мәдени-тарихи нақтылығын мойындау, табиғи әрі ғылыми білімнің әлеуметтік және мәдени білімнен айырмашылығы туралы маңызды алғышарты болып саналатын ғылымның әлеуметтік қана емес, сондай-ақ оның мәдени та- рихын да заңдастыру мәселесі жүзеге асырылды.


Жаратылыстану мен техника тарихы аса мамандандырылған пән болып қала берді және белгілі бір дәрежеде өзінің дербес жағдайын сақтап қалды. деген- мен ол (қалай болғанда да өз бағыттарының бірінде) әлеуметтік және гумани- тарлық білімнің тарихымен қатар, интеллектуалдық тарихтың маңызды бөлігін құрайды. интеллектуалдық тарих – білімнің әрбір саласы мен формаларының (ғылымға дейінгі және ғылымның айналасындағы діни, эстетикалық білімдерді қоса алғанда) тарихи өткенін қайта қалпына келтіруге бағытталған, әрі уақыт өте келе сөзсіз өзгеріске ұшырайтын біртұтас интеллектуалдық жүйенің бір бөлігі. Сонымен қатар ол танымның іргелі принциптері, категориялары, әдістері мен мазмұнының тарихи өзгерістерін анықтауға, нақты дәуірдің рухани мәдение- тінің, әлеуметтік-ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шартта- рының жалпы контексінде әлемнің ғылыми бейнесінің, ойлау стилінің, ғылыми зерттеулердің тәсілдері мен формаларының қалыптасуы мен даму процестерін анықтауға бағытталған.
Соңғы онжылдықтағы тарихнама үнемі дағдарыстық жағдайда деп сипатта- лады. дүниежүзі тарихы ғылымы өзінің ішкі дамуындағы қордаланған мәселе- лермен, сондай-ақ интеллектуалдық саладағы жалпы процестермен және гу- манитарлық білімнің эпистемологиялық негіздерін қайта қарауға алып келген мәдени парадигманың күйреуімен байланысты болған қайшылыққа толы ауыр кезеңді басынан өткеруде.
Тарихнаманың зерттеу бағдарларындағы өзгеріс ғылым идеалының қайта па- йымдалуы және әлеуметтік-ғылыми тарихпен қоса «жаңа тарихнаманың» ана- ғұрлым «жұмсақ» антропологиялық нұсқаларының беделінің күрт төмендеуімен қатар жүрді. Мұның барлығы ххі ғасырда тарих ғылымын жаңарту және одан әрі дамыту құралы ретінде тарихи зерттеулердің тәсілдерін, әдістерін, тұжырымда- малары мен модельдерін түзету мен кеңейтудің маңызды құралы ретінде әрекет ететін тарихнамалық сынның рөлін күшейтеді.
хх ғасырдың соңындағы тарихнамадағы бетбұрыс зерттеушілер өткен ке- зеңнің шындығын қаншалықты деңгейде зерделейтіні жөнінде алаңдаушылық білдіріп, шындық пен ол туралы түсініктердің арақатынасы жайында мәселе көтерді. Бірақ шындықты бұрмалайтын деректің өзі тарихилығын жоғалтпай- ды. Оның субъективтілігі өз уақытының мәдени-тарихи ерекшелігін, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамға тән әртүрлі дәрежедегі түсініктерді көрсетеді. деректердің субъективтілігінде олардың авторларының көзқарастары мен мүдделері, құндылықтар жүйесі бейнеленеді.
Жаңа және қазіргі тарихты зерделеу барысында бізге жеткен мәліметтердің аздығы емес, керісінше, олардың шектен тыс көптігі қиындық тудырады. ірік- теу жұмыстарын жасау қажеттігі оның (тек көлемі жағынан ғана емес, сондай-ақ
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 223

деректердің түрі мен жанры бойынша да) репрезентациясы үнемі жасала ма де- ген мәселені көтереді.


Қазіргі тарихшылар үшін ауызша тарихтың маңызы зор. Бұл – тарихи процес- тегі қатардағы қатысушылардың берген айғақтары. Олардың жадыларында жеке өмірлеріне қатысты оқиғалар ғана емес, сонымен қатар үлкен тарихта орын ал- ған оқиғалар да сақталған. Оқиғаның замандасы немесе қатысушысы болған адам оқиғаны қалай қабылдайды, оларды қалай бағалайды, ақпаратты қандай жолдармен сақтайды – мұның бәрі ерекше қызығушылық туғызады. Ауызша та- рих, оның қамтитын уақыты адам жадысымен (міндетті түрде жеке емес, мәсе- лен, оның аға буын замандастарының жадысымен) шектелсе де, зор әлеуетке ие және қазіргі зерттеушілердің назарын аударып отыр. дегенмен ауызша әңгіме- лер мұқият әрі жан-жақты сынауды талап етеді. Бұл куәгерлер мәліметтерді беру барысында оны саналы түрде бұрмалайды дегенді білдірмейді. Олар шындықты ақыл-ойында таразылайды, оның бұрмаланған, біржақты немесе бұлыңғыр бей- несі шынайы әңгіме ретінде жадыда сақталып қалады. Алайда куәгердің сана- сындағы алғашқы ақпаратты өңдеу механизмі тарихшының жұмысына кедергі болмайды.
Лингвистикалық бетбұрыстың және «жаңа интеллектуал тарихшылардың» үлкен тобының жұмысының ықпалымен тарихнама тарихы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол өзінің зерттеу мәселесінің ауқымын барынша кеңейтіп, тарихшы- ның дискурсивтік тәжірибесін зерделеуге назар аударды. Әдеби сынға бет бұрса, ол оның көшірмесі болған тарихи сынға айналады, ал одан бас тартса «орталық позицияға» жаңартылған күйінде оралып, шын мәнінде, дербес әрі құнды тарих пәні болу мүмкіндігіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет